Стақандастарым. Антоний әкей

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Антоний әкей

Кетеуі кете бастаған шіркеуге мүсіркей қарап отырғам. Күнмен шағылысып, аспанмен астасып жататын алтындай күмбезі айғыз-айғыз бопты. Сылақтары да құлай бастапты.

Екінші стақанын енді көтергелі жатқан Әбдіманап, менің көздерімнен шіркеудің тағдырына деген әуестікті байқап қалды ма, ыдысын орнына қайта қойып, сөйлеп кетті:

— Байғұс Антоний әкей… Адам аяйд ше…

— Кім? Антоний? Неге аяйды адам?

— СССР-ге еменнің бұтағы опырылып түсетінін бал ашып білсін бе? Есіңде ме, жұмысшыларына Жаңа Жылға алма-алмұртты ұшақпен тура Тәшкеннен алдыратын «УРАЛТРАНСГАЗ» деген пензесс мекеме?

— Есімде болғанда… Біздің пақан да бір кездері сонда…

— Еее, білсең сол. Очм, кілең орыс-порыстар еді ғой сол мекемеде. Мына шіркеуді солар салдырған. Херине, тиынды өз қалталарынан шығарып салдырды. Әйтпесе Андроп шіркеуге ақша бөлгеніңді білсе — тасыңнан жоғары қарап асып қояр еді ғой, хе-хе-хе.

— Содан?

— Сонымен, кенет құдай керек бола қалған орыстар мен қақолдар салдырды осы шіркеуді. Бәрі керемет, тек құрылыс кезінде өте-мөте дөрекі әдістемелік қате жіберіпті.

— Қандай?

Лібәдтің, осы Әбдіманаптың әңгіме айту әдісіне жыным келед. Өсектің ең қызық жерінде туалетке тұра жүгірді. Қайтып келіп, жүзграмын алдырып жіберді де, жалғастырды:

— Солай нақ! Очм, шіркеуді салып болып, салтанатпен ашжіверіп… бұл жерде отыратын әулие әкейдің жоғын бір-ақ түсінеді!

— Ббуах-ха-х-ха-ха-ха-хааа:*)):*)):*))=))=))

— Содан не керек, бұлар сонау Рязань деген жерге барып, жергілікті бір попқа қолқа салыпты. Әуелде ұсыныстарын тыңдаудың өзін қорлық санаған Антоний әкей, «спецфондтан» бөлінетін жалақысын естігенде: «Не шара, Исаға құлшылық ету қай жерде де жарасқан!» деп, әулие Серафимнің пұтына бір шоқынжіверіп, осылай қарай тартып отырыпты.

— Шешесс-ай десейш!

— Сонымен, Антоний әкей осы жақтың орыстарын бұ дүниеге келгенде қуана қарсы алып, ақтық сапарға қимастықпен шығарып салып, бақуатты өмір кешіп жатты. Сөйтіп жүргенде, өзің білетіндей, СССР-де құлап, «УРАЛТРАНСГАЗ» да тарап, орыс-қақолдар зым-зия жоқ болды. Енді міне, ешкім келмейтін шіркеуде жалғыздан-жалғыз отырады, қайтсін. Тұра тұр, біреу келе жатқан сияқты…

Бір жарты жұқартып отырған жеріміздің нақ түбінен Антоний әкейдің шыға келгені!

— Блага Вам ребята! Отдыхаем да, скажем так?

Әбдіманап түгілі, әулие әкейдің дәметіп тұрғанын тіпті мен де түсіндім. Дереу өз стақаныма құйып кеп жіберіп едім:

— Да будет Вам, и воздастся Вам! — деді де, көк аспанға әлдекімге бір қарап жіберіп, сіміріп салды! Мен сасқаннан шала қазақшаммен:

— А вам чтө, мөжнө пит? — деппін.

— Кагор и монаси приемлют, сын мой! — деді Антоний әкей, — но где нонче кагор достать…

Жама'атсыз әм мүммінсіз қалған Антоний әкейді мен де шын аяп кеттім. Кейін қолымыздан келгенше көмектесіп тұрдық. Аяғымыздан келгенше арқалап апарып тастап жүрдік бықсып қалған кезінде. Ақыр аяғы, Әбдіманап сияқты сырласы да қалмағасын шыдамады ма, Ресейге қарай тартты бір күні. Бізді еске алып қоятын шығар анда санда. Әлде алмайтын да шығар. Әйтеуір потирі қашан да кагор толы болсын деп дұға қылып қоямын есіме түскенде…

* Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

14 пікір

Marco
Аяғымыздан келгенше арқалап апарып тастап жүрдік бықсып қалған кезінде
nurik_muzei
"
Әйтеуір потирі қашан да кагор толы болсын деп дұға қылып қоямын есіме түскенде…"
saken
«спецфондтан» бөлінетін жалақысын естігенде: «Не шара, Исаға құлшылық ету қай жерде де жарасқан!» деп, әулие Серафимнің пұтына бір шоқынжіверіп

Daniar-Alan
Өсектің ең қызық жерінде туалетке тұра жүгірді.
patick
Әкейді аяп кеттім
Aya
Кхм… кхм...әсер етепеді.
Gastarbaiter
Бәрінен бұрын КСРО-да алқаштарды өндіру «зауыты» әдемі жолға қойылған еді.
Zilola
Исаны көп айтасыз иә
Boribay_Bekarys
Стақандастарым мен көңілдестерімнен басқа қандай сериялар жазуға болады?