Жер бетіндегі жұлдыздар...

Менің сіздерге ұсынайын деп отырған фильмім Үнді елінің туындысы. 2007-ші жылы көрермендерге жол тартқан екен. Көбіміз бұл елдің киноларын дікс-дікс музыкамен, бимен және діш-діш төбелеспен көз алдымызға елестетеріміз хақ. Бірақ, бұл елде кәдімгідей, көруге тұрарлық кинолар жеткілікті. Соның бірі, бірі емес-ау бірегейі«Звездочки на земле» фильмі.
Режиссері Аамир Кхан деген жігіт. Басты рөлдің бірін, яғни, мұғалімнің рөлін де өзі ойнайды.
Туынды мектеп, бала, ұстаз, ата-ана арасындағы оқиғалар желісінен құралған. БІр қарасаңыз оқушылар мен ұстаздар жайлы кинолар көп қой. Бірақ, бұл ол кинолардан мүлдем бөлек.
Сіз көретін бір кино: Жер бетіндегі жұлдыздар...8 жасар Ишан дислекция ауруымен аурады. Оған мектептегі бағдарламаларды игеру өте қиын. Бүгін үйренгенін бүгін ұмытып қалатын бала. Ишан (Даршил Сафари) мектептегі емтиханнан үшінші мәрте құлаған кезінде әкесі оны арнайы мектеп-интернатқа тапсыруды жөн санайды. (Айта кететін бір жайт бұл отбасының тұңғыш ұлы өте жақсы оқиды. Әкесі оны мақтан тұтады.) Бұдан, Ишанда барлығы жақсы болып кетті дей алмаймыз. Өзі екі сағаттан әжептеуір асатын үнді киносының 30 минутқа жуығы осы оқиғалармен өрбиді. Іш пыстырады деп айтпас едім дегенменен. 40шы минуттарда интернатта жаңа мұғалім пайда болады. Мұғалімнің өзге әріптестерінен ерекшелігі сол әр балаға жекелей назар аудара алатын. Ишанның біртоға, ешкіммен араласпайтынын көрген Рам бұның себептерін анықтауға кірісіеді. Ишанның үйіне де барады. Ишанның үйіне барған кезде балалар бөлмесіненде жабысып тұрған түрлі суретерді көреді. Қабырғаға салынған керемет көріністерге қарап тұрып бұның барлығын әріп танымайтын Ишан салды дегенге сенуіңіз қиын.
Оқиғаның немен тынарын, келесі минутта не боларын аңдап, біле алмайсыз. Сценаристте, режиссер да, суретшілер мен операторлар да керемет жұмыс жасаған. Ал, балалардың шынайы ойнауы кино саласындағы қиын дүниелердің бірі болар. Мына кинода Ишанның рөліндегі баланы кинода ойнап жүр деп айту қиын. Жасырын камерамен түсірілген сепкілді. Шынайы.

Бұл фильмді әрбір мұғалім мен ата-ана Балалар күніне қарсы бір рет, Білім күніне қарсы тағы бір рет көріп отыруы тиіс деп білемін.

Кинода дислекциямен ауырған кейін әлемге танылған біраз адамдардың атын атап өтеді. www.dyslexia.ru/index.php?id=134 сілтемесіне өтсеңіздер қазіргі таңдағы және өткен шақтағы танымал тұлғалар арасында бұл аурумен кім ауырғанын біле аласыздар.
Суретке сілтеме
Бөлісу:

15 пікір

MERmukhanov
тамаша фильм. Көрдік.
Adiletshu
Ұзақ болғаннан кейін көрмедім. Көру керек екен
Abilakim
Әке екенімді сезінгеннен бері ата-ана, бала тақырыбындағы киноларға қатты ойланып кетемін. Мына киноны айналдырмай көргенім де сол шығар. Бір минутын джа айналдыруға қимайсың.
bekkerey
Балаларым ән айтатын жерін қайталап көре береді… Бір апайымның баласы оқымайтын, қиқарлау еді, соларға әдейі жазып беріп осы киноны көрсеттім. Содан бері әлгі ұлға әке-шешесі көбірек ден қойып, оқуына көмектесе бастады.
aru
Ия, керемет фильм. Бізде неге осындай фильмдер түсірілмейді екен? «Тағдыр», "Ғашық жүрек" деп, қайдағы сабын тақырыпты көбейте беред
Adiletshu
«Подарок сталину», "Қош бол, Гүлсары" деген жақсы кинолар бар
Erlan
Три Идиота деген кинода ойнаган актер гой, олда жаксы кино, мынаны да кору керек
Abilakim
ия, ол да керемет кино
zholantai
Аамир Кхан тәуір актер, режиссерлігін қайдам, үнді фильмдерінде режиссерлік қолтаңба деген дүние сезілмейдл
dark_nazgul
Мен көргенде жұлдыз біреу еді, көбейіп кеткен бе?
Abilakim
әр бала бір жұлдыз ғой)))
dark_nazgul
оған дау жоқ қой. тек мен көргенде киноның аты «звездочкА на земле» еді да.
Abilakim
Мен көргенде Чки болды
Shah
Үш әңгүдік деген кино да жақсы
Adiletshu
«Миллионер из трущеб» пен «Меня зовут — Кхан» деген кинолар ұнады