Стақандастарым. Жағыпар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Жағыпар.

Қазір ғой үйреншікті. Ал ол кезде ауру деп ойлағаным рас.

Құрылыста силикат кірпішті қалауды да, балғамен 3/4 қылып сындыруды да жаңадан үйреніп, сәйкесінше құсық «жалақы» тағайындалған кездер еді. Кешке алып қайтатын 170 теңгеге (шамамен 0,071 сестерций) дамбал алып киіп, аяқ киімді ертең алсам ба; әлде дамбалды ауыстырмай тұра тұрсам ба екен деп қ ам жеп, тасынан тартса кіндігіне жетпейтін қу дүнияға ішімнен лағнат айтып тұрғам. Бір кезде мен қалап жатқан терезенің түбіне Жағыпар келді. Келді де:

— Мысалы деймін де: екі жау қаруларын тастау керек болсын. Бірақ сенім жоқ қой, сенім! Мен өзімнің адалдығыма сенемін: анау тастаса — тастаймын, бірақ анаған сенбеймін ғой, түсінесің бе? — деді сәлем-сауқатсыз.

Төс қалтасынан қыл мойын ахаң жарқырап тұр екен. Сондықтан сіз кімсіз демей, баяғыдан «тақырыпта» адам құсап жалғастырып кеттім:

— ОЛ үшін үшінші тарап болуы керек. Әйтпесе басқасы бос сөз!

Жағыпар маған алая қарады. Қарап тұрды да, дереу қаланып бітпеген терезеден секіріп түсті. Секіріп түсті де, қалтасынан қыл мойынды жарықтықты тез-тез шығарып, 150 грамм құйып жіберді де:

— Осы жерден толығырақ! Толығырақ… — деді.

Жөнді пәлсапа айтсам, тағы да құйып қалар деген зебрадәмемен сөйлеуді жалғастыра бердім:

— Мен бұрынғы СССР мен АҚШ-тың мысалында қараймын бұл мәселеге. Екі рет Стратегиялық Қаруларды Қысқарту бағдарламасы болды, не болды? Сіз айтқандай екі жақ бірі біріне бәрібір сенбегесін — ештеңе болған жоқ!

Жағыпарға әлде жағып кетті, әлде келіспейтінін көрсетті ме: дереу қылмойынды аузынан лақылдатып ішіп алды да:

— Дұрыс қой, дұрыс. Бірақ үшінші тарап керек дегенің туралы, толығырақ. Толығырақ. Маған соның қызық болып тұр!..

Жағыпардың бастыққа өткізіп қойған бірдеңесі бар екен. Өсек-аяң бойынша, ертеректе бір машина бірдеңемен ұсталып, Жағыпар өз мойнына ала салған екен дейді. Ол түрмеден шыққасын басекең қаззақшылыққа салмай, уәдесінде тұрып, оған жұмысқа келмесе де жалақы жазып қойған. Қала шетіндегі бір үйін және берген. Енді осы, іші пысады. Арасында өзі «жұмыс істейтін» жерді осылай қарап кетуге келеді. Ыңғайсызданад шығар лібә.

Не керек, оның сәлем-сауқатсыз кез келген әңгімені бастап кететін әдетіне кәдімгідей үйреніп кеттім. Бірде жұмысшылар вагонына қыз әкеліп, шаруа енді ыңғайланып келе жатқанда, әлдекім терезеден басын тығып:

— Кешегі айтқаныңмен келісе алмайм. Сен бәрібір өз басыңнан асып секіріп кете алмайтының сияқты — көптеген догматтардың құлы болып қала бересің! — дейд.

Керуерттегі қатын қорыққаннан шыңғырып жіберді. Ақыры онысына да үйрендім бірақ. Жартылығын құйып, әңгімесін айтып отыра беретін.

… Жарты жыл тұрақтадым ба сол жұмыста жоқ па. Бірақ қазір ойлап отырсам, Жағыпар екеуміз осындай аз ғана уақыт ішінде әлемнің картасын сөгіп, қайтадан тігіп, 20 шақты жаңа мемлекеттер дүниеге әкеліппіз, тіпті біреуінің елтаңбасы қандай болад деп, тойвалып, төбелесіп қала жаздаппыз. Ұят-ай…

* Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

23 пікір

patick
— Мысалы деймін де: екі жау қаруларын тастау керек болсын. Бірақ сенім жоқ қой, сенім! Мен өзімнің адалдығыма сенемін: анау тастаса — тастаймын, бірақ анаған сенбеймін ғой, түсінесің бе? — деді сәлем-сауқатсыз.
ken
 лайкқа лайық екен
asaubota
мынау бұрынғыларға қарағанда еріксіз кісінетті. әйтеуір іште бәрі әведке кеткен, тек Данияр ғана Орташа есеппен қазақ қыздарын енді ғана оқып отыр…
ken
ух ты. кімнің не оқып отырғанын көре аласың ба не?
Daniar-Alan
Админ ғо бырат  жекеге көп хат жазатын ба едің?
asaubota
бір кабинетте отырмыз да просто
AKY
Жөнді пәлсапа айтсам, тағы да құйып қалар деген зебрадәмемен
пяншік
AKY
Керуерт
Меруерт?
satibaldi
Жоға, Салта ғой, Колхоз Базарындағы.
a63a1
 Фейсбуктен кеттім, ВКдан кеттім, моймирден кеттім, жалпы интернетпен қош айтысайын десем осы жазбалар бәрібір шақырып алад.
MERmukhanov
тасынан тартса кіндігіне жетпейтін қу дүнияға
Sebastian
осы серияларды қысқа кино қылып түсірсе ғой…
kariim
Жылядым  Бұттан кетті.
Gastarbaiter
Комбинезонымның ілгектерін үзіп тұрып атты
kariim
Шарты қалай еді өзі, екі смайлик па еді? Әлде үшеу ме еді? Ұмытып қалыппын.
AKA
тіпті біреуінің елтаңбасы қандай болад деп, тойвалып, төбелесіп қала жаздаппыз. Ұят-ай…