Спорт күнін - жаңа спорттық өмірмен бастайық!

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Қазақстан спорт күнін атап өтеді. Керекте байқағаным спорттың жанкүйерлері мықты, ал Gastarbaiter мырза тіпті спортты өмірлік серігі етіп барша насихаттап жүр. Спортты өмірінің бір бөлігі етіп алған адамдарды қатты сыйлаймын.
Блог - Aidakonya: Спорт күнін - жаңа спорттық өмірмен бастайық!
Қазақстан спортын әңгіме қылғанымызда барлығы бірден «легионер» туралы айтады, енді бұл үлкен мәселе, бірақ мұныңда шешімі өзімізде деп білемін, мысалға біздің клубта легионерлер жоқ, барлық қыздар өзімізде тәрбиеленіп өскен, қазақстандықтар. Үйдегі балаларыңызды спорттық үйірмелерге берсеңіздер, Астанада оқушылар сарайында 8 айлықтан жүзуге алады, жоғарыда айтылған «легионер» проблемасынан шыға бастаймыз.

Үйге келген кезде көбі тамақтанып алып, қайтадан интернетке жүгіреді, ал басқалары ТВ алдына, менім Сіздерге ұсынарым бар:
1) тамақтанғаннан кейін далаға шығып 1-2 сағат жүріңіздер, темекі, тәтті сусынсыз, өзіміз, жалғыз немесе құдай қосқан қосағыңызбен жай ойланып, қаланы бір шарлап жүріп қайтыңыздар (үйге 19:00 келдіңіз, тамақтандыңыз, үйтіп-бүйтіп 21:00 далаға шықтыңыз, 23:00 кіріп душ қабылдап, тамақтанбай жатыңыз);
2) суретке түсіңіз, 1 айдан кейін көп өзгерістер байқайсыздар.
Ал, кеттік, күнде кешке, бір уақытта 21:00-ден 23:00-ге дейін бәріміз серуендеп жүріп қайтамыз))
Блог - Aidakonya: Спорт күнін - жаңа спорттық өмірмен бастайық!
Бөлісу:

270 пікір

patick
Мен кейде кешкі уақытта жүгіріп қайтам
asaubota
бүгін өте қоймайды мына тақырып. арасына тұз қылып еркек пен қыз спортшылар туралы қос
omarbirat
Facebook-тағы Шварцтың қауымдастығы жариялайтын залдағы қыздар мен таэквондошы қыздардың суреттері ұнайды
Ispek92
Ана бірінші фото не мағына береді? Дене өсті деген ба?
Marco
Негізі, қазақтар ауызбен орақ орғанға ғана шеберміз, нақтың! Мысалға, кез-келген фитнес-центрге барыңыз, жетпіс-сексен пайызы қазақ еместер. (((
Aldeken
сені де, қазақ деп қабылдамаған шығар, ия?
omarbirat
Айлық ақысы 10 мың теңгеден аспайтын залдарда көп болады. Көктемде 5000 теңгелігіне барып жүрдім. Көбі қазақ еді
Енді қайтадан бастайын деп жатырмын.
Aya
біздің Мамыр екі ауданындағы фитнес-центрде қазақтар өріп жүр, арасында бірлі-жарым орыстар ғана. Жатығғу залы жағының есігінен күнде қарап өтемін. Күшт неше түрлі фигуралар))
Daniar-Alan
Күшт неше түрлі фигуралар
суррррет в студию
Aya
Барлық жұрттан бірінші салдым ғой деймін. Жаттығу залынан келе сала арнай керектіктер үшін салып жатырмын :) "Жігеттер шешініп түсіңдерші" деп айта алмадым)) Келесі де майкамен түскенін қоямын жынды ғылып :)
Ispek92
Осыдан кейін Daniar-Alan брат жаттығу алаңына қарай тайып тұрды
Aya
Сол төзімді, әдемі адамдармен бірге жүрген көңілді))
Ispek92
Сізде барып тұрасыз ба сол жерге? Әдемі екенсіз
Aya
Әдемі екенсіз дегенді белінен қара сиямен сызып тастағаныңызды қалай түсінуге болады?) Иә, барып тұрамын.
Ispek92
Мен ондай сөздерді тура айтатын жүректілердің қатарынан емес едім да, типә ұялдым деген сиқты деп ұқшы сұлу қыз
omarbirat
Мына залға барар едім. Бірақ үйдің тура жанында да зал бар
Aya
ҚазҰУ-де жүргенде спорт залға күнде баруға ерінетінмін. Аптасына үш рет солай баратынмын. Ал қазір ваще қалмаймын күнде-күнде)))
Ispek92
Денеңізді қатты қатайтып алмаңыз енД, қыз менің білуімше нәзік болуы керек
mercedes
секси боп тұрсың
Aidakonya
Бәрінен де сен сұлу, сен сұлу өте әдемі, басқа қыздарға үлгі
mercedes
фигураңа тағы сындым Ая
mercedes
ах… Ана беліңнен ұстап жұлқылап нетіп жіберсе ғо шіркін…
toha9566
жұлқыласаң сындырарсың ол белді
mercedes
сындырсам арманым болмас еді
toha9566
орындалмайтын арман екен
aru
Өте сұлусыз! Сіз Алматыдасыз ба?
Adiletshu
Сұлу қыз көрсең басып жібергің кеп тұра ма
Aya
Иә, Алматыдамын. Кездеспек ойыңыз жоқ па?)
aru
Сол кездесуге шақырғым келіп кетті. «Тау дастархан» жаққа шақырсам, алдағы демалыста баруға. Келісесіз бе?))
Aya
Давай, бесінші қауымдастықтанмын негізі мен де)) Алдында барлық сандарды көріп, 6 деген санды ғана көрмей қалған едім.
aru
Онда жекеге нөмеріңізді жазып жіберіңіз. Телефонмен сөйлескен дұрыс шығар.
Aya
Жатығу залындағы фигурасы күшті жігіттер. Арнайы Данияр Алан мырза үшін!
omarbirat
Бұл жігіттер залдың қожайындары ма?
Aya
Оң жақтағы бас бармағын көрсетіп түрған жігіт тренер. Қожайын ба емес пе сұрамаппын. Оның қасындағы досы Руслан. ана жігіттерді танымайм.
Adiletshu
Качок жігіттер Шуда да бар
Gastarbaiter
Төртеуінің де торстары орнында екен. Енді приседаниені қосу керек программаға
Aya
omarbirat
Сурет мықты. Суреттегі сурет те мықты.
Aya
 Жігіттерге шешінп түсіңдеріңшиш деп айтуға бата алмадым)) келесі де майкімен түсейік деп уағдаластық
omarbirat
Біздің ықшамаудандағы бір жігіттен аумайды екен. Бірақ ол мұндай качок емес.
MERmukhanov
о, спорт, ты — мир!
Ispek92
Мына қарасаңшы енД, спортты ұрандататында қазақша сөз жоқ. Брат саған түкте(қылда, жүнде)қатысы жоқ сөзімнің
MERmukhanov
соны айтам. Мүмкін, ойлап табармыз? Құр қырғын салғанша қыздармен...
MERmukhanov
Спорт — жанның тірегі.

Кімнің мығым білегі,
Соның батыл жүрегі!

десең…
Marco
Кімнің мығым білегі,
Соның батыл жүрегі!

не факт)
MERmukhanov
… с большей вероятностью деп жалғастырған дид

О спорт, ты мир де не факт. Сальвадор-Гондурас соғысы дегендей)

Ұран есебінде болады әй бірақ!
Daniar-Alan
Онсыз да күніне көп жүрем, көбіне жұмыстан жаяу қайтамын. Жалпы жүруді жақсы көремін. Менің спорт залым — ол сыра ішпеу  ..қарын кетед сыра ішпесем
Aidakonya
қысқасы, жігіттер, ертең бір-бір суреттен жариялаймыз, бәрі жүріп қайту керек)) қолдауларыңызға рақмет, Сіздердің дендеріңіз сау болғанын өте қатты қалаймын))
Ispek92
Сіздей қыз қаласа Daniar-Alan брат бақытты боп кетер еді мен жүріп қайтуды айтыватрм
asaubota
ең жақсы спорт, ол?..
MERmukhanov
ставкаңды шығарған спорт…
asaubota
эххх… баламысың деген. үйлен, сосын айтам
Daniar-Alan
ол да ставканы айтқанда… нуу андай… «ставканың шығуы» туралы айтып отырған шығар енД  былай үлкен жігіт қой… сақалы бар
rymbek
я, сол
asaubota
денедегі біраз бұлшық еті қозғалады, қан айналымы жақсарады. басқа да пайдалары көп. спорттан несі кем?
mercedes
8 айлықтан жүзуге алады
Сонда қалай жүзуге 8 айлық бөпені ала ма?
Соңғы түзету:
omarbirat
Ондай үйрететіндер де бар
Aidakonya
иә, бөпені алады, менің жиенім))
mercedes
Спортшы ұлт — мықты ұлт.
Егер қазақтар спортпе айналысса, бізді ешкім жеңе алмайды
Daniar-Alan
Спортшы ұлт — мықты ұлт.
"құның бір оқ қооо" деген тіркесті естімеген болып тұрсың ғой  Қорғасынды көбейтейік  кім келеді екен
Ispek92
Aidakonya -ның жүргенін көреміз ертең а то тек машинамен жүре береді деп ойлап жүрм мен
Aidakonya
Егер менің құрдасым болғаныңыз рас болса, ертең Сіздің суретіңізді күтемін, далада спорттық серуендеп жүрген)
patick
Фотоға түсіріп алмасам бүгін кешке өзімді ))
Daniar-Alan
ең жақсы спорт кезінде ма?
patick

ондай спорт залдан шықпауы керек ))
Aidakonya
patick кешке жүгіру барысындағы суреттер қайда?
patick
Ренжіме, кеше футбол екенін ұмытып кетіппін. Үйден отжиматься ете салдым
Бүгін бұйырса көшеге жүгіруге шығамын
Ispek92
менің салатын суретім сіздің қыдыруыңыздай болмайын деп тұр да ше, қаңғыруға ұқсап кете береді менікі
Aidakonya
керектің қыздарынан үлгі алыңыз))
patick
Желсіз түнде жарық ай болып кетті, очм
Aya
сәулесі дірілдеген екен ғой асфальтта))
Edu
Асфальт-бетонда жүгіруге болмайды негізі. Бұрын менде асфальтте жүгіре беруші ем, балтыр сүйектерім ауыратын. Біразға дейін себебін таппай жүрдім. Кейін біреудің айтуымен жұмсақ шымда жүгіретін болдым. Аяғым ауырғаны бірден қойды.
aru
WOW! Спортпен айналысатын қыздар ұнайды маған
MERmukhanov
 ыыыыы, Ару. бзр джоқ
asaubota


любойын сындыратындай күйге жеткен жігіттер табиғат аясында
Aidakonya
тамаша бірақ, жұмыс істеу керек әлі))
Daniar-Alan
аха  түнгі спортпен мықтап айланысу керек…
Abilakim
бір түнгі шабыс 3 км жүгіріске тең дегенді естіп едім…
Aidakonya
миф
Daniar-Alan
ха, сен қайдан білесің?
patick
миф
ха, сен қайдан білесің?
— «Халық ауыз әдебиеті» шығармалар жинағынан оқыдым
Соңғы түзету:
AKY
дұрыс бастама, мен аптасына үш рет би залына барып жүрмін.
Aidakonya
AKY сурет жариялауға қалай қарайсыз
ErNur
Былай қыста ауылға барып демалыстарда, қар тазалап тұруға болады. Бұл да спорт, таза қардың иісі қандай күшті…

Adiletshu
Москвичтің капоты ма
ErNur
Білмедім, солай шығар
asaubota
сен спорттың басқа түрлерімен де айналысатын едің ғой
ErNur
 Ләңкіні айтып отырған боларсың? Теппегелі біраз болды ғо
asaubota
тастарды тесікке сұқпағалы ше?
ErNur
ол болып тұрады, лузаларды айтып отсаң
patick
тастарды тесікке сұқпағалы ше?
omarbirat
Залға барып жүргенде аттарын танымасам да көрген кезде амандасып тұратын жігіттер бар. Кездесіп қалған сайын «Спортзалға барып жүрсіз бе?» деп сұрайды. Соңғы кездері қарауға бет жоқ
Сонда да түбінде қайтадан бастаймын деп жүрмін.
Adiletshu
Иә. Залда бірге болғандар міндетті түрде соны сұрайды
VKM
Aidakonya
 күнделікті іс деп білемін, жарайсыз!!!
VKM
күнделікті емес
Ispek92
3 ғана суретте қаншама спортты насихаттап кеттіңіз: секіру, великпен жарысу, өзенге жүзуге де болады т.б
VKM
)))көбіне жұмыстан шаршап келіп, юхтап жатам)))
Aya
Енді деген шығыстың қызы ғой)) Күшті
VKM
Айя, иә, шығыстықпыз)
Aya
және керейміз
Ispek92
Бөлінбеңдер, бөлінгенді satibaldi жаззалайды дейді атам қазақ
Aya
Ақтөбе, Ақтөбе деп asaubota ағамыз да отырады ғой жәні ғалмай, анажақта Маңғыстауым, адайым деп aza жүред емешегі езілердей болып)) Үлгі ал бобуырым, жерде қалмайсың
Ispek92
бобуырым
мен сол кейде көтриорт боп кететінім бар бөлінуге келгенде, тарихты оқып жатсам да ішімнен бөлінген руларды тігіп тастайтыным бар еД. Біз кіші жүзбіз онда жауға қоятын(осылай мақтансам қалай?)
Gastarbaiter
салыстырма

Суретке ай сайын түспесем де, кемінде үш айда түсіп тұрам, өмір салтымның денеме қалай әсер еткенін білу үшін.
Мына суреттің біріншісінде жаттығуға еменнің бұтағын қойып, гамбургер, кока-кола, торт (тәттіге құмарлығым бар), печенье, майонез, сары май мен нан, қыртым сыртымды жеп жүргеніме бірнеше ай болған кез. Оң жағындағысы не жеп жүргеніме мән беріп, жаттығуға қарқынды қайта кіріскеннен бірнеше ай өткендегі кез.
Соңғы түзету:
Aidakonya
Сіздің пікіріңізді күткен едім 1) суретіңізді рұқсатсыз қолданғаным үшін кешірім сұрайын деп))) 2) керектегі өз денесін өзі жасаған ең сымбатты жігіттің пікірі осы постқа өте маңызды еді))
Aya
2012 жылғы суретіңізде былтырғысына қарағанда жас көрінед екенсіз
seyh
Гаста осы бір кітабың жайлы сөз болып еді. дәл қазір великпен журмин кыркуйектен бастап залга барсам ба деп едим Былай алдын ала дайындалып калай жаттыгу керектигин уйрену керек боп жур
Gastarbaiter
Құр жаттығу аз айтайын дегенім, не жеп не қойып жүргеніңе де мән беру керек, қатаң диета сақтамасаң да, беталды тәбетің тартқанды жей беру де дұрыс тактика емес. Жарты жылда бір рет енді өзіңді еркелетін қойсаң, ештеңең кетпейд. Ал мен сияқты тәттіні запоймен жеп кететіндер, кейін соның әсерін құрту үшін күнделікті рационыңды екі есе қатаң қылып, залда әлгі жеріңді әдепкіден екі есе қарқынды терлетесің.
Ispek92

Бізде күнде кешке осы допты алып стадионға барамыз да быдыбол ойнаймыз браттармен
seyh
бір фотода бәрі бар: доп, турник, велик
Adiletshu
Қай ауыл?
Ispek92
Қазалы деген қаладанмын брат, Қызылорда облысындағы қала, енді өркендеп келе жатырмыз, бірақ футболымыз дамып кеткен
Adiletshu


2012 жыл 14 мамырда
Aidakonya
Красава қазір спорттың қандай түрімен шұғылданып жүрсіз, бұлшық еттің мынадай қалпына қалай қол жеткіздіңіз?
Adiletshu
Қазір футбол ойнамын. Шу лигасында (Резервте отырамын, екінші таймда заменаға шығып жүрмін). Мынандай қалыпқа темір-терсек көтеру, брусьямен жеттім
meirzhan
жаңа сурет бар ма?
Adiletshu
Бұдан кейін бұлшықеттерім қатты өсе қойған жоқ
meirzhan
Неужели 1 жылда өзгеріс жоқ? Әлде нәтиже алғашқы кезде ғана бола ма?
Adiletshu
Аяқтарым, иықтарым әжептеуір өскен болатын. Оразада біраз салмақ лақтырып тастадым
Adiletshu


17-сәуір 2013 жыл
Ispek92
1 жылда бөлмеңізде тек 1 нәрсе ғана өзгерген ба ағасы?
Ispek92
брат мына денемен қалай заменде отырсыз, корпуспен керемет ойнауға болр еД.
Adiletshu
Біздің команда да физикасы ең нашар менмін. Жылдамдық жоқ, соққы жоқ, тез шаршап қаламын, техника жоқ. Основада 11-ді жаңа бітірген, неше жыл футболға қатысып келе жатқан жас жігіттер ойнайды.
Соңғы түзету:
Ispek92
тырыспайсыз ба намысқа, удар жоқ деген қалай? ана дене не үшін сонда?
bizbike
Очм мен бірінші күні степ, екінші күні шығыс биі, үшінші күні фитболға бардым, бүгін пилатеске барамын. Нәтижесі қалай болатынын білмеймін, бірақ денем біреу ұрып тастағандай ауырып жүр.
Aya
таңертең жұмысқа ұйықтап қалмайсыз ба шаршағаннан?)) мықты екенсіз
bizbike
бір рет намазға ұйықтап қалғаным болмаса, жұмысқа уақытында шығамын. Енді әрі қарай қалай болатынын бір Алла біледі ))))))
Aya
тіпті мықты екенсіз онда))
MERmukhanov
мадес Ауа
Соңғы түзету:
Aidakonya
а суретіңіз қайда күтемін
Ispek92
Бірге күтейікші соны
omarbirat

Шамамен осындаймын. Арықтап, качок бола алмасам да осы сияқты ширақ қозғалғым келеді

Мынандай болсам тіпті керемет болушы еді:
Ispek92
менің сүйікті актерлерімнің бірі Джеки екеуі керемет төбелеседі енД
Соңғы түзету:
Aidakonya
Gastarbaiterден ақыл-кеңес алғаныңыз дұрыс болар, ал ең бастысы сөзді қойып, диваннан тұрып далаға шығыңыз да жүріңіз, жүгіріңіз, білуімше ер адамдар тамақты шектегенде емес, дене жүктемесін көбейткен кезде әдемі дене бітіміне тезірек қолжеткізеді
bizbike
өстіп адам боп кеткен дейсің. Не ма, Айдакона, сен біздің 20 жастан асар аспастан қарынды болуды әдетке айналдырғандармен күреспексің бе?
Ispek92
Aidakonya -дан жақсы насихатшы шығады негізі
Aidakonya
мүмкін, бірақ менім ойымша бұл жерде жастымның қатысы болмауы тиіс, білгендеріммен бөлісіп отырмын, адамдардың спортқа жақын болғандарын қалаймын, спортты іштей білгендерін, сезінгендерін, спортшыларды түсінгендерін, өзімнің жетік білетін салам спорт болғандықтан осы тақырыпта бірдене жазуға тырысып жатқан жайым бар
bizbike
онда қыз-келіншектерге кеңес ретінде қай бұлшықетке қандай жүк түсіру керек екенін, уақыт аралығын, жиілігін, сосын оның нәтижесі қандай болмақ екені туралы бір пост жазшаңызшы. Мүмкін үйдің бір шаруасын істеп жүрген уақытта орындайтын жаттығулар бар шығар, өйткені көп келіншектердің үй шаруасынан қолы босамайды, кішкентай баласы болса, тіпті спортзал туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Уооооооот, сол ғой, серуендеуден басқа не ұсынасыз?
Aidakonya
Болашақтың еншісінде
bizbike
менім емес, менің. Постыңызда да түзеп жіберсеңіз
Aidakonya
ақыл-кеңесіңізге рахмет, маған солай ыңғайлы))
omarbirat
диваннан
креслодан деңіз
Сенбі күні бастасам деймін. Оған дейін бармауға біраз сылтаулар бар. Дүйсенбі күні бірінші рет барамын деп аузым күйіп қалған
Gastarbaiter
Кез келген мақсатты этапқа бөлудің нәтижелігінің көрінісі мынау жігіттер, қыздар.
Қарап отырсаңдар, алғашқы 5 ай бұлшық етке бас қатырмай тек қарынды құртып арықтауды мақсат қылға. Шілдеден бастап бұлшық ет өсіруге кіріскен.
Көп жігіттердің проблемасы барлық мақсатқа бір мезетте жеткісі келеді. Бір уақытта бұлшық ет жинап, бір уақытта арықтағысы келеді.
Бір біріне қарама қарсы мақсаттар қояды, мысалы Шварцнеггер де болғысы келеді, Брюс Ли де болғысы келеді, Ильин де болғысы келеді, Сәпиев та болғысы келед.
bazuka
ұмытып кетпеген кездерде таңертен жаттығу жасаймын, ұмытып кетпесем велик тебемін кешкілік жұмыстан кейін, ерінбесем таңертен жүгіремін, сосын арасында волейбол ойнаймын. одан басқа уақытта ноуттың алдынан шықпаймын))
Adiletshu
Велигіңіз жынды екен
Ispek92
Тамаша, тек ана жолдар да абай болыңыз. Керекке әлі керексіз
aru
Кішкентай қыз сияқты екенсіз. Аздап толықсу керек сізге
Adiletshu
Көтеніңіз ниче екен
mercedes
саныңыз да ниче екен))
AKY

киім ауыстыратын бөлме
Aidakonya
 бұрын фигураңыз қандай болғанын білмеймін, дәл қазір «жынды» болып тұр)), ал залда түскен суреттер бар ма?
AKY
Рахмет, былтырлары толыңқырап кеткем) Залда түскен фото жоқ, адам көп, ыңғайсыз фотоға түсіп жүрген)
Daniar-Alan
былтырлары
норм  «саның әдемі» деп жазуға ялып отыр ем
Aidakonya
Сіздің сурет қайда??? әдемі спорттық денеңізді бір паш етпейсіз бе))
Daniar-Alan
әдемі спорттық денеңізді
менің денем тек түнде ғана әдемі көрінед, тойыс көрінбид
Daniar-Alan


сапасы үшін кешірім сұрайм, телефоннан түсірілді. жаңа ғана. туалетте.
Aidakonya
да уж, бұрын қалай байқамағам «шварценеггер отдыхает»
AKY
былай норм, әлі де жұмыс істеу керек, бет бұлшықеттерін шынықтырып деп ақыл айтсайш
Daniar-Alan
ооо сен басқа күшті көрсеңң
Aya
ДаниГаст деген жаңа тұлға)))
Adiletshu
Бетің қатты загар алып қойған ба чета біртүрлі
Ispek92
1-ші көрген кезімде ХАЛК-тың қызылдауы да болады екен деп ойладым.
ereke_enu1
Кімнің денесі болса да мықты екен)
temir1986
фотошоппен жасалған жұмыс емеспе Дәке?
Daniar-Alan
өй жоқ, фотошоп істей алмайм мен. өзімкі бәрі
Arys_arlany
: қаттыммммммммммм
AKY
балтыр емес, былтыр  яғни өткен жылдары.
Daniar-Alan
балтыр деп оқи беринш  нап отыр
AKY
балтырда басың қалғыр)))
aru
Орныңыздан тұрып түсіңізші суретке
AKY
одан да саған жекеге жіберейін де)))
aru
Ох ты! Давайте, я жду уже
AKY
ойнап айтам арука))) бәрібір алматта емеспін)))
Daniar-Alan
бәрібір алматта емеспін
алматта болғаныңда көрер мең, 1-2 рет
AKY
сен тиынға сатылватқанда
aru
Мен шынымен күтіп отырмын ғой сурет. Алматыда болмасаңыз да жіберіңізші
AKY
пока Аяны айналдыра тұр.
Астанаға кеп жатсаң хабарлас, жанымка. Керекші қыздар боп кездесейік, әңгімелесейік))
aru
Ия кездескім келеді осындағы қыздармен. Қызықсыздар, қыздардың бәріне сына бермеймін ғой мен))) Жәй былай көргім келеді, мүмкін кеңестер айтармын, комплименттер айтармын. Мені құбыжық сияқты қабылдап жатсыздар  
AKY
дұрыс қабылдап жатырмын ғой, сосын айтып жатырмын, Астанаға келсең хабарлас деп. жаңа таныстарға құшағымыз әрдайым ашық ))
Adiletshu
Әлгі ғашығыңнан басқаға тұрмайт дейсің ғой
AKY
тиісе бериеш)))
Aidakonya
топтық әңгімеге не жетсін
AKY
сен қазір қайдасың?
aru
Алматы қаласында
AKY
Алматыда жақсы қыздар көп, Ая, Назгүл, Аруды қосыңдар)) бейсенбі сайын өтетін домбыра патиге бар, Арбатта.
Aya
аха, Ару, кел, көрейік, Домбыра патиді бірге
aru
Жоқ, мен бара алмаймын))) Сырымның бәрін ашып айттым да, енді мемен кездесуден қорқады ғой қыздар. Тіпті мына жердің өзінде құбыжық көріп отыр)))
AKY
тогда все с тобой ясно. немене деп бос әңгіме айтып отырсың онда әлгі жерде?
aru
бос әңгіме? неге бос әңгіме? мен топ боп кездесуге бара алмайм. жеке кездесуден қашпаймын. ол жаман ба?
AKY
Кездесуге келмейтіндер бізде ВКМ және фейктер. Сен сонда қайсысың?  
жарайд, онда жеке біреуімен кездесіп көр. Ая, как ты, қорықпайсың ғо? Ержүрек едің ғо? ))
AKY
Аида, Астанада болсаң, бір күні кездесейік)
Aidakonya
Домбыра патиде 2 аптадан кейін  (хм, домбыра ұстап отырған смайл керек)
aikarakoz

Астанаға келсе, кездесуге мені де ала кет, ойбай. Мен қап кетпейін
Үшеулік кездесу де былай ниче ғо
AKY
сұмдық кездесу болар ед тә
Ispek92
Мен тәте деп жүрсем ялып қалдым ғо
AKY
саған по любому тәте болам, пюздік бауырем
Ispek92
Ренжімейсіз ба оған? Қай спортпен айналысқан кезіңіз суретте
AKY
оны айтсам тіпті азғын қиялға ерік береп кетер адамдар)))
Adiletshu
Мәәәәәәә! Сынып қалдым
AKY
сенікі де күшті)))
aru
Соңғы түзету:
Adiletshu
Реалда кездесейік оңашада )))
Daniar-Alan
яптылар  спорт тақыры ғо е бұл
AKY
біз де спорт жайлы айтып отырмыз.
mercedes
ух ты!!!
өзгеріпсің!
temir1986
Ауылда жігіттер болып спорт зал ашқымыз келеді. Бірақ жөндем ғимарат жоқ. (Ашқымыз келетін себебі жастар тек тілін безегені болмаса қолдарында дым күш жоқ. Айтатындары құның бір пышақ қой, тілмен отырғызып кетті. Өзінікі дұрыс болмаса да сайрап сайрап сені мат қылып кетеді шеш-лер. Спорт зал болса кіргізіп алып бірінші тәртіпке салып алар едік деп қоямыз. Сонда алдымен сөйлеуді емес істеуді үйренер еді.) Таң қалатыным біздің қатарлар күрес, бокс, теір-терсек десе жанатын еді кейінгілер әрі кеткенде доп ойнайды, ондада ауылда ғана. Көпшіліктің ортасына шықса қорқама дымы шықпай қалады. Қашып пысып агентте отырғаннан өзге түк білмейтін ешектер. Сондықтанда спорт зал ашқымыз келеді. Мектептің 2 бөлмесін сұрағанбыз. Қажетті инвентарды өзіміз сатыпәкеп қоямыз деп. Әзір жауап жоқ.
Aidakonya
Өте жақсы бастама, өздеріңізге сенсеңіздер болды, бәрі орындалады өз уақытымен, көмек мүлдем басқа жақтанда келуі мүмкін, мекен-жайыңызды, қай ауыл, толық ақпарат жаза аласыз ба?
temir1986
Рахмет. Егер ашылып жатса айтармын.
Aidakonya
негізі ауыл-аудан аймақтарда зал ашуға көмекке дайын жігіттер бар, сол үшін сұрағам, қай өңірденсіз?
temir1986
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Екпетал ауылы.
asaubota
Ойылда ма, Лесхозда ма?
temir1986
я өзімізше бір іс жасағымыз келген.
ereke_enu1
Мақсаттарыңыз қызық екен) Қай ауылдан боласыздар?
temir1986
Оғаш ештеңесі жоқ қой қызық болатындай Ереке. Ауылымыздың жақсы болғаны жақсы. Енді директордың жауабын күтіп жүрміз.
ereke_enu1
Маған бір балдарды ұру үшін ашып жатқан сияқты көрініп кетті) Негізі, жақсы бастама ғой, әрине. Іске сәт!
temir1986
Ұрып неқыламыз оларды қалжың ғой. Кейінгі буынның әлсіздігіне қарным ашқасын айтап жатқаным ғой. Зал ашылса кәрі жастың қай қайсыда барып шыныққысы келеді. Әкімдердің есеп беруі кезінде спорт клубын салып беруін сұрап айтқанымызға бір 5 жылдың жүзі болды, айта-айта шаршадық. Сосын мектептен екі бөлме сұрағанбыз. Жауабын күтіп жүрміз енді.
ereke_enu1
Менд де бір ой болған: қалада өз аулаңдағы қарт кісілердің тізімін құрып, таңмен жақын маңдағы паркке серуендеуге алып шықсаң, қанша кісі шығады екен? өзім спортсмен емеспін. Сол саладағыларға айтсам, күледі.
Aidakonya
Астанадағы Керектің жігіттері қайдасыздар, спортты тек талқылап/сынай аласыздар ма? мына жігіттер сияқты бір жүгіріп өтпейсіздер ме?
Daniar-Alan
 өзің түсірдің ба?
Aidakonya
иа, өзім түсірдім
mercedes
бұлар не істеп жүр?
AKY
шіли жас екен
satibaldi
«Бег трусцой» дегенді кереғар түсініп қалған жігіттер болса керек…
omarbirat
Әлеуметтік желіде бәстен ұтылып қалған біреулер шығар
omarbirat
Осылай жүгіру үшін қанша лайк жинады екен
aikarakoz
Аида қыз, жақсы бастама көтерген екенсің, жарайсың!
Мен бассейнге барып жүрдім де, артынан бармай кеттім  Еріншектігім кенеттен ұстап қалатын әдет бар .
Енді йога ма, би ме деееп жүрмін. Онда да жұмыс пен үйдің арасындағы бір ғимараттарда орналасса, құба құп болар еді 

Таңертең жұмысқа жаяу барып, жаяу қайтам кешке. Екі аялдамадай жерде жұмысым. Жақында көштік жаңа ғимаратқа. Соның өзі аз да болса көмек болатын шығар деп қоям
Ispek92
Daniar-Alan тілімен: суррррррет в студию
Arys_arlany
  Маладессіңдер екен, красавщиктер барлығы
mercedes
турникті 20-ға жеткіздім
Adiletshu
Футболдан Шу лигасында бүгін бірінші рет 90 минут ойнадым. Ойынды сал қапталдағы жартылай қорғаныстан бастадым. Бірінші юоп есеп аштық. Лигадағы алғашқы соққым құтты болды. Сол жақтан кеген навесті баспен замыкать етіп әдемі гол соқтым. Бірінші тайм 1-1 боп аяқталды. Екінші таймда қарсыласатар тағы 3 гол ұрып кетті. Есеп 1-4. Екінші таймның жартысын сал жақта қорғаушы боп ойнағанмын. Бір гол менің кінәм. Шабуылшы озып кетті. Шаршап қалдым
asaubota
әдемі жазыпсың, қызықтым
Adiletshu
Ойын бітуге 5-10 минут қалғанда алаңға шығытанмын. 90 минутқа организм үйренбеген, екінші тайм ұзақ боп кеткендей болды. Замена жасайтын адам жоқ. Амал жоқ аяғына дейін ойнадым