UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауыМіне, кезекті демалыспен бірге тағы бір айтулы UFC шарасы өтті.
Бұл бір титандар қақтығысына толы кеш еді. Алистар Оверим, Маурисио «Шоган» Хуа, Чейл Соннен сияқты мықтылар қатысады деген соң, көптен күтілді. Бірақ нәтижелер көпшілігі күткендей шықпады. Мәселен, кештің басты жекпе-жегі саналатын Чейл Соннен-Маурисио «Шоган» Хуа және Алистар Оверим-Трэвис Браун кездесулерінде «Шоган» мен Оверим фаворит болып тұрған еді, бірақ «андердогтар» Соннен мен Браун айды аспаннан бір-ақ шығарды. Төменде — әдеттегідей GIF форматындағы суреттер.


***
ММА фанаттарының көбі Чейл Сонненді аузына келгенді айта беретін бейпілауыз, бразилиялықтардың қас жауы ретінде білетін. Бұл жолы да солай болды. Бразилиялықпен жекпе-жекке шықты. Бірақ… «п*здеть» етуді білетінімен қатар «п*здить» ете алатынын да дәлелдеп тастады. Айналасы жарты раундтың ішінде «Сегунды» гильотина әдісімен қылқындырып, еден тоқпақтатып жіберді. Еден болғанда, ну енД, Чейлдің санын… Соққылар саны жөнінен де Соннен алда болды.
Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауы
Бұл енді нағыз апсет болды. Хуа бұлай оңай жеңіле салатындай қара жаяу спортшы емес еді. Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы ғой, қанша дегенмен. Амал не, болған нәрсе болды.
Жақында ғана Интернетте Хуаның бір аударылған твиті жүрген еді. Мазмұны:
Кейін қызым бой жетіп, жігіттермен кездесе бастаған кезде, жігіті бір ақымақтық істеп жүрмеуі үшін оған бір жекпе-жегімді көрсетемін
дегенге келіп саятын. Бірақ Хуа болашақ күйеу баласына қай жекпе-жегін көрсетсе де дәл осы Сонненмен төбелескенін көрсетпейді-ау деп отырмын

***
Ендігі үлкен апсет — Римге тиесілі. Кезіндегі К-1, DREAM және Strikeforce чемпионы, кикбоксинг пен ММА бойынша чемпиондық титулды иеленген жалғыз спортшы, секси екенін өзі де білетін Алистар Оверимнің жолы тағы да болмады. Тағы да нокаут.
Жекпе-жек Алистар үшін жақсы басталып-ақ келе жатыр еді. Трэвис Браунды бұрышқа тығып алып үстінен төпелеп те алды, жығып та алды, бірақ ойламаған жерден Браун жақтан теуіп (маэ-гери) Оверимнің өзін нокаутқа бір-ақ жіберді.
Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауы
Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Өте аянышты көрініс. Осыдан кейін:
Алистар Оверим әдемі клиптерге түсуші еді, енді әдемі нокауттарға түсетін болыпты LMFAO
деген әзіл шығып жүрмесе болды, әйтеуір

Негізгі картадағы басқа жекпе-жектер бойынша қорытындылар мынадай:
Юрайджа Фейбер Юри Алькантараны төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (30-26, 30-26, 30-27)
Мэтт Браун Майк Пайлды нокаутпен жеңді (1-раунд, 0:29)
Джон Ховард Юрайя Холлды төрешілердің бөлінген шешімімен ұтты (30-27, 28-29, 29-28)
Майкл Джонсон Джо Лоузонды төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (30-27, 30-27, 30-25)


***
Мэтт Браун мен Майк Пайлдың төбелесі:
Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

***

Негізгі картадан тыс қорытындылар:

Fox Sport 1 арнасындағы алдын ала жекпе-жектер:
Майкл МакДональд Брэд Пикетті берілуге мәжбүр қылды (2-раунд, 3:43)
Конор МакГрегор Макс Холлоуейді төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (30-27, 30-27, 30-26)
Стивен Силер Майк Браунды нокаутпен жеңді (1-раунд, 0:50)
Диего Брандао Даниель Пинеданы төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (29-28, 29-28, 29-28)


Facebook сайтындағы алдын ала жекпе-жектер:

Мэнни Гамбруян Коул Миллерді төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (30-27, 29-28, 29-28)
Овинс Сен-Прө Коди Донованды нокаутпен жеңді (1-раунд, 2:07)
Джеймс Вик Рамси Нийемді берілуге мәжбүр қылды (1-раунд, 0:50)


***

Ары қарай нокауттар мен сабмишндардың GIF суреттері:

Майкл МакДональд пен Брэд Пикетт
Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Стивен Силер мен Майк Браун
Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Овинс Сан-Прө мен Коди Донован
Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Джеймс Вик пен Рамси Нийем
Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Суреттердің алынған жерлері: бірінші сурет, екінші сурет, үшінші, төртінші, бесінші суреттер, алтыншы сурет, қалған суреттердің барлығы

Бары осы. Алда тағы посттар болады. Қауымдастықты қадағалап жүріңдер
Бөлісу:

11 пікір

omarbirat
Төрешілердің шешіміне дейін ұзаққа шапқан жекпе-жектерді шығарған жоқпын. Себебі түсінікті шығар
Жеңгендердің аттарының асты сызылған.
satibaldi
Аяқтың табанға қарсы беті біреуді тепкенде қалай ауырмайды екен. Мен аяқ киіммен грушаны тепкеннен тамыры тартылып, көгеріп қалушы еді
omarbirat
Ондай жарақаттары ертең-бүрсігүндері шығады. Твиттер аман болсын
omarbirat
Анандай сырттай қарағанда қатты тимейтін соққымен нокаутқа жібергеніне басым жетпей отыр
asaubota
футбол қызығырақ
omarbirat
КІМ ҚАНША ТИЫН ІСТЕВАЛД?

Crazy event so we're handing out 6 bonuses! Matt Brown & Travis Browne both get KOTN, McDonald & Chael get Sub $, Pickett & McDonald FOTN— UFC (@ufc) August 18, 2013

Дейна Уайт кімге бонус жазарын білмей дағдарған сияқты. Ақыры тағы екі чек қосымша жазуды ұйғарыпты.
Кеш нокауты:
Мэтт Браун — 50 000 доллар
Трэвис Браун — 50 000 доллар

Кеш сабмишыны:
Майкл МакДональд — 50 000 доллар
Чейл Соннен — 50 000 доллар

Кеш жекпе-жегі: Майкл Макдональд — Брэд Пикетт
Майкл Макдональд — 50 000 доллар
Брэд Пикетт — 50 000 доллар

Майкл МакДональд 100 000 долларға байып кетіпті
Гонорарлары туралы ақпарат әзірге менде жоқ. Жеңгендерге 50 мың, жеңілгендерге 10 мың шығар деп отырмын.
asaubota
Астанада да ММА болады деп жатыр ғой. мықтылар келе ме?
omarbirat
Қазақстан ішіндегі жекпе-жекшілер жарысы. Kazakhstan Top Team деген команда құрғалы жатыр. Жеңімпаздар соған іріктеп алынады.
omarbirat
Жақында ММА Қазақстанда ресми түрде спорт болып танылған болатын. Қазақстанның джиу-джитсу және ММА федерациясы соған арнайы пресс-конференция өткізіп, осы чемпионат болатынын жариялаған еді. Жазуға қол тимей қалды. Әне жазам, міне жазам деп жүріп ол жаңалығым ескілік болып кетті
Abilakim
Елбасымыз бен Путин аралас жекпе-жек тамашалауға тегін бармаған екен ғой