Балборсық. Ең шатақбас хайуан
«Балборсықтай ержүрек.»
— Оң түстік Африка теңеуі
Омар бырат нун-чакиді қалай ойнатса, бұл амиго да ең қауіпті әбжыланды дәл солай шыр айналдырады. Иә, бүкіл ютубқа әйгілі, ең айбарлы, қатыгез, көлденең келген арыстаныңды тасынан ұрып талдыруды «шаруа» деп білмейтін тура да, ауыспалы да мағынасында көтінің түгі бар Африкалық Балборсық жайлы бүгін айтпағанда қашан айтамыз?!
Мына ашуланып сүйкімді тістерін көрсетіп тұрған мысықтай ғана сотқарға қарап, бұны қаһарлы жыртқыш емес, ойыншық аюға телуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл Люцифердің енегінің ең қараңғы түкпірінен атып шыққан жын-перінің нағыз өзі. Айта кетерлік жайт, жоғарыда тұрған сурет бұл шәлкестің автокөлікке айбат шегіп тұрған жерінен түсірілген. Балборсық оны аймағына басып кірген бөгде жануар деп ойлап тұр.
Оның айбары соншалық, алдында тұрған «жануардың» джип екеніне де еменнің бұтағы қойылып тұр. Әлкөтте, балборсық маңайдағы ең ірі жігіт емес. Оның ұзындығы бір метрдей, он бес келіге жетер жетпес қанден иттей тұрқы бар, ал кескіні шегіп алған сасық күзенге ұқсайды. Дегенмен, Рательді (Балборсықтың жергілікті атауы) бүгінде Жер жүзін мекендеген ең «хардкор» хайуандардың хитпарадынан оп-оңай табасыз.
Мына видеодағы балборсықтың жыланмен тайталасуын, қалай екені түсініксіз, бір құсты ұстап алып жеп-жұтып жатқанын, қабыланды тырқыратып көтінен қуып бара жатқанын, өзіне ін қазып жатқанын көруге болады. Бірақ бұл видеодағы ең мықты кадрлардың бірі — балборсықтың Африканың ең улы жыланы деп есептелетін ысылдауық сұр жыланның қалпағын қайыруы.
Бұндай сұр жыланның біреуінің аузында күші 4-5 адамды өлтіруге жетерлік у болады. Бұл жыланның қауіптілігі сонша, Африкада кісі өліміне себепші болатын жыландардың көшін бастап тұр.
Алайда балборсықты ол жағдай «сікпид». Шатақбас амиго сұр жыланның титулдарына заңғар бұтақты төтесінен қойып, егеуқұйрық жеп тұрған жерінен тап беріп, олжасын тартып алады. Ең улы жыланның аузынан жырып әкеткен егеуқұйрықты балборсық жарты метрдей жерге сүйреп әкетіп, оны жыланның көзін бақырайтып тұрып, шайнай бастайды. Не деген сотқарлық десейш!
Барымтасын жеп-жұтып болған бұл таңқы танау басбұзар енді "Құрсынш нақ, жыланның өзін де жей салайын" дейді. Арпалыстың соңында жылан өліп тынады. Бірақ, оған дейін борсықтың денесіне одан үш есе үлкен жануарды сеспей қатыратын уын жіберіп үлгереді.
Бал борсық уға қарсы тұра алмай, есінен танып қылжияды да қалады. Біраздан кейін… белгісіз бір күштің құдыретімен қайта тіріледі де, жартылай желінген сұр жыланды әрі қарай жалмайды.
Мүмкін емес, иә?!
Бірақ, Рательдің тірлігі сол. Ол Гиннестің рекордтар кітабына ең жаужүрек жануар ретінде 2002-жылы енгізілген.
Оның ең жақын туысы — солтүстікте өмір сүретін құнулар.
Балборсық буйволға, шибөрілерге, адамға, жабайы қабанға, арыстанға, қабыланға, шапқаны тіркелген, жалпы маңайында тіршілік ететін хайуандардың «либойына» көті тұрад.
Ол өзінен ірі жануарға кезіккенде астына кіріп кетіп, енегіне жармасу арқылы жеңеді екен (иә, иә бал борсық арыстанның енегіне пышақтай өткір тістері мен тырнақтарын сүңгітіп, ақыры хайуанаттар патшасын өлтіріп тынғаны тіркелген).
Әрине, үнемі өзінен ірі хайуандармен ерегесу жақсылық әкелмейді, сондықтан өздерінің тұрақты қорегі ретінде балборсықтар кішілеу, асауға ыңғайлы, бірақ, сонда да барынша қауіпті тіршілік иелерін таңдайды.
Улы жыландар, үлкен өрмекшілер, сарышаяндар бұл бәледен аман құтылмайды. Оның балға деген махаббаты есімінің балборсық атануына себеп болған.
Балборсық, сөйте тұра, балды да өзіне тән бетпақтық, ашқарақтық әрі қайтпас қайсарлығын көрсетіп жейді. Бал араның ұясы орналасқан жерге өрмелеп барады да, тұмсығын төтесінен ұяға тығып тұрып, араның дернәсілдерімен қоса балды жалап -жұқтап, әкесінен қалғандай опыра бастайды. Беті-аузын жабайы аралар армиясы талап жатса да, оны дым «сікпид». Оның 6-7 мм қатты да қалың терісі табиғи қалқан қызметін атқарады. Екінші жағынан, оның қалың терісі өзінің денесінен кең, әрі созылмалы, яғни басқа жыртқыштар оны бүйірінен тістеп алса, балборсық сол тістелген күйі, өз терісінің ішінде шыр айналып келіп дұшпанының бетінен тістеп не тасын турап жеуге ыңғайлана алады.
Бұл борсықтың жаужүректігіне тәнті болған Оңтүстік Африкалықтар тіпті өздерінің бронетасымалдаушысын атымен Ратель -20 деп атаған.
Балборсық — ештеңеден қорықпайтын, ешқашан беті қайтпайтын, ауыруды сезбейтін, жолындағының бәрін жалмап-жұқтап, ештеңеден сезіктенбей тойған қозыдай ұйқтап жата беретін, нағыз шатақбас хайуан.
Түпнұсқа: www.badassoftheweek.com/
Самұрық құстан ғана қорқады-мыс. Жерге төмендеп кеп, отты демімен үрлеп жібергенде, әлгі күзеннің бұтына тышып қойғанын өз көзімен көрген қариялар бар еді.
Жынды концепттер бар екен.
Сырты VKM , іші — KILYZAMAN деген мазмұнда керек болса
Мә, мынау соңғы үмітіңді сөндіруге, Либерияда осы жылы түсірілген сурет, жағажайда «отырғандар»:
толығырақ www.pirojok.net/interesting/8843-plyazhi-yuar-do-i-posle-pravleniya-belogo-cheloveka.html
Біздің КерекИнфо командасының эмблемасы Балборсық. Балборсық — жыртқыш аң. кез келген аңның аңын шығарад, сікпид. біз де
Бәсе, нақ құнуға ұқсаттым
Жиренше шешеңңнен:
— Уа шешеңң, ат деген не, мат деген не? Жігіт деген не, мігіт деген не? — деп сұрапты.
Сонда шешеңң:
— Бәйгіде озып келгені ат, артында келгені — мат; AKY ге сөз салғандар жігіт, салмағандар — мігіт — деген екен жарықтық
Бүргелерге қалай төтеп береді екен өзі? Солар шаққан кезде инфекция жұқтырып түбіне жетпесе…
Қорыққанның өзінде айбат шегіп алады екен де, қарсыласы бұған тиісе қоймайтынына көз жеткізіп алып қашып кететіні бар екен, бір-екі видеодан байқағаным.
кезінде осы балборсықты керекке талисман қылайық деген әңгімелер айтылған ед,