Адам санасын "илеу" әдістері

(Жалғасы. Басы мұнда)

Сана мен сезім: Адам санасын илеу әдістері

НаЁбін тапса, адамдар бірінің миын бірі еш ескертусіз арттан айдап отыруды сөлекет көрмеген.
Бұл бөлімде біз маңдайына бір қой лох болу жазылған адамдардың сорлы күйіне келіспеген Джордж Саймон, Брейкер ханым деген пақырларыңыздың келтірген адам санасын бағындыру әдістеріне арнайы тоқталсақ дейміз.

Бұл әдістерді тек отбасы-ошақ қасы кеңес бергіштер емес, сырласып тұрып сабынын сатып кететін Әріплеймшілерден бастап, мұңдасып отырып мобилаңды қағып кекететін метла тілді мәмбеттерге дейін қолданады. Кейбірін тіпті өзіңіз қолдануыңыз мүмкін. Қызық па? Ендеше қысылмай қолыңызға анау тұрған 80 ваттық шырақты алып, әрі қарай оқыңыз — адам санасының қараңғы жертөлесіне бірге үңілейік!


Алғышарттары


Джордж Саймон (George K. Simon) деген амигоның айтуынша:
«… психологиялық зорлықтың табысты болуы зорлаушының қаншалықты:
• шын пиғылы мен әрекетін жасыра білу шеберлігіне;
• құрбандығының рухани жігерінің әлсіздік (ред.: лохтық) деңгейін анықтай білуіне және соған орай нәтижелі айланы сайлай білуіне;
• қатыгездік деңгейіне ( құрбандыққа тигізген зияны жайлы бас қатырмау үшін) байланысты.

Мотивтер немесе «мазгайопқа» не керек?!

Саймон аға «мазгайопқа»:
• оған қалай да өз жеке мақсатына жетіп, жеке пайда табу керек болуы мүмкін
• басқаларға билігін жүргізу
• өзін диктатор сезіну,
• өз алдындағы абыройын өсіру үшін басқалардан үстем болу
қажет болуы мүмкін деген болжам жасайды. (ред.: Дегенмен, бұл тізімде секс, неке деген баптардың жоқтығы көңілге кірбің ұялатады).

Манипулятор қолданатын тәсілдер

Брейкер ханым манипуляция құрбандықты басқару тәсілдерінің бастыларын былай анықтапты:

Позитивті қолдау — яғни қолпаштау, жеңіл тамсаныс, жалған аяушылық («қолтырауын көз жасы»), шектен асыра кешірім сұрау; ақша, құптау, сыйлықтар; назар бөлу, бет қимылдары, (мәселен, өтірік жымию, өтірік күлу; қоғамдық мойындау.
Негативті қолдау — жақтырмай күңкілдеу, шыңғыру, кенет даусын басып сөйлеу, қорқыту, қоқан лоқы, балағат, шантаж, кінәлі сезіндіру, өкпесін айту, жылап-сықтау, өзін құрбан етіп көрсету;
Тұрақсыз қолдау — бұл үрей мен сенімсіздіктің қолайлы ауа-райын ұстап отыру үшін тиімді. Жартылай не тұрақсыз позитивті қолдау құрбандарға одан сайын тырыса түсуге итермелейді — мысалы, құмар ойындарының көбінде ойыншы ара-тұра ұтып отыруы мүмкін, бірақ жалпы ойындық ұпай бойынша бәрібір ұтылып шығады;
Жазалау;
Бір реттік жарақаттайтын әрекет — тіпті бір-ақ айтылған ауыр балағат, немесе танаудың астынан сәтті қондырылған жұдырықтың өзі құрбанның манипуляторға қарсы шығып, бірдеңе деуге ынтасын біржола жоюы мүмкін.

Небір мысалдар естеріңе түсті ме? Ендеше Саймон ағайларыңды тыңдайық, бұл енді ауқымдырақ, хардкор талдау екен.

Жалған — біреу өтірікті шындай сапырып отырса, оның рас-өтірігін анықтау тап сол сәт мүмкін емес, ал шындық белгілі болған кезде тым кеш болады. Алдануды азайтудың жалғыз жолы — кейбір адамдардың типі (әсіресе психопаттар) — өтірік айту өнері мен алаяқтықтың қас шеберлері екенін естен шығармау. Олар онысын және жүйелі әрі айлалы тәсілмен іске асырады.

Жасыру — өтіріктің өте жұқа бұл түрін манипулятор шындықтың едәуір бөлігін жасырып қалады. Сондай-ақ бұл тәсілді үгіттеушілер мен насихаттаушылар қолданады. Сенсация қуған журиктер қолданады.
Мәселен, «Талғат Мусабаев журналистті балағаттады» деген видеода Талғаттың естілер естілмес бір журикті итеріп, наққа жібергені көрсетілген. Ал оған журналисттің Тәкеңнің үстіне өрмелеп жатқан тұсы камерадан тыс қалған.

Жоққа шығару — манипуляцияның бұл әдісі өзінің қатесін мойындаудан бас тарту кезінде байқалады.

Рационализация — кейде адам өзінің орынсыз әрекеттерін қандай да бір қисынды-қисынсыз себептермен ақтауға тырысады. Рационализация насихат пен пиардың «спин» деген түрімен тығыз байланысты.
Брейвиктің ісімен бәріңіз таныс шығарсыздар. Бірақ рационализацияның ең үздік үлгісі ретінде бүгінде тыйым салынған (бірақ әлі де қолданыста жүрген) Гитлердің евгеникалық риторикасы мен Генрих Гимлердің фашисттік пропагандасын айтуға болатын шығар.

Минимизация — бұл жоққа шығару мен рационализацияның буданынан туған әдіс. Манипулятор өзінің қате әрекетін анау ойлағандай зиянды немесе жауапсыз емес екендігін дәлелдеп бағады. Мәселен, балағат пен ашулы кекесінді зілсіз «әзіл» етіп көрсетуге тырысады.
"
— Көйлегім қалай, кеше Расмтордан 170-мыңға алдым?
— Әдемі, бірақ біздің ауылда бұндайды жезөкшелер киеді.
— Сенің ауылыңнан шыққандардың барлығы жезөкше ғой, Хи-хи…
— Кім жезөкше, а? Кім жезөкше?!!!
—… өзің ғой бастаған
— Бастаса не? қалжың көтермейсің бе?

Назар — манипулятор мақсатына қарай назарды таңдап-талдап ғана аударады, мысалы, жоспарына қарама-қайшы дүниелерге назар аударудан бас тартады, мәселен, өзіне тікелей қатысты претензияға «Маған ол қызық емес» деген сияқты бірдеңені айтады.

Бұра тарту — манипулятор тура сұраққа тура жауап берудің орнына әңгімені басқа тақырыпқа бұрып әкетеді.
Мысалы, емтиханда қай жануардың құрылысы келсе де, биттің құрылысын айтып кететін оқушының жауабы: «Балық… Балық… Балықтың үстінде қабыршақ болады. Қабыршақ болмаса, түк болар еді. Ал түктің арасында бит болады. Биттің екі талшық мұрты, алты аяғы бар паразиттік насеком...»

Сылтаулар — алдыңғы тәсілге ұқсас, бірақ мұнда ол мәселеге қатысы жоқ, түсініксіз, белгісіздік есімдіктері жалпылама ұғымдарды қолдана отырып бұлыңғыр жауап береді. (Мысалы: «Оны кім айтты? –деген сұраққа «Біреулер» «Сондай қауесет бар", «Сенімді ақпарат көздерінен алдым», «Бәрі айтып жүр ғой», „Бір жерден оқыдым“)

Астарлы қоқан-лоқы — манипулятор құрбанын қорқынышты жайттарды меңзеп астарлы, жанама қоқан-лоқы көрсету арқылы қорғанысқа өтуге мәжбүрлейді.
Мысалы: «Мына суреттегі бала да шындыққа ұмтылып еді. Бір бейтаныс кісілер жақсылап сөйлескен соң қойды. Қазір үлкен қызметте істейді.

Кінәлі сезіндіру — қорқытудың ерекше түрі. Манипулятор өзінің адал құрбандығына оның тым жеңілтек, тым өзімшіл, тым немқұрайлы екендігіне меңзейді. Құрбан әдетте бұдан кейін өзіне сенімділіктен айрылып, ұнжырғасы түсіп, жасқаншақтық пен бағынушылық күйіне түседі.
Мыс: „Сен мені сүймейсің, сүйсең маған шуба алып берер едің ғой!“

Жер қылу — манипулятор құрбанының бойындағы үрейлер мен сенімсіздікті күшейту мақсатында ащы әзіл мен намысқа тиетін балағат сөздерді қолданады. Манипуляторлар бұл тактиканы басқалардың бойында сорлылық, қажетсіздік сезімін оятып, өзіне бағындырғысы келеді. Ұялту тактикасы өте шебер болуы мүмкін. Мысалы, қабағын түю, шалт ала көзімен ату, қатаң дауыс ырғағы, шешен коментарийлер, жіңішке сарказм. Манипуляторлар тіпті өзінің тірлігін сынға алуға әрекет қылған адамды да кемсітіп жібере алады. „Жер қылу“ әдісі құрбанның бойында «лайықсыздық» сезімін тәрбиелеудің өте күшті әдісі. Мысал келтіру артық па деймін:)

Қатаң сөгіс — басқа айла-амалдармен салыстырғанда бұл адамды қорғануға, ақталуға мәжбүрлей отырып, манипулятордың басқыншылық ниетін жасыруға мүмкіндік беретін аса күшті тәсіл.

• Жәбірленуші («неткен бақытсыз едім») — манипулятор мақсатына жету үшін өзін әлдебір жағдайдың не әлімжеттіктің құрбаны етіп көрсетеді, басқалардың санасында аяушылық, жан ашырлық сезімдерін оятуға тырысады. Жанаяр, адал ниетті адамдар біреудің қайғысына ортақтаспай тұра алмайды, құрбанының бұл қасиетін манипулятор оны өз жағына тарту үшін қолданады.

«Ұлы істің құлымын» — манипулятор өзінің пенделік жеке нәпсісі мен пайдакүнемдігін асқақ идеалға табыну /отанға, ұлтқа/, киелі іске, дінге қызмет етуімен бүркемелейді. Мысалы, белгілі бір тірліктерін Құдайға не т.б авторитетке «табынғандықтан», я «қызмет еткендіктен» жасағанымен ақтап алуға тырысады.

Арбау — манипулятор өзінің сүйкімін, мақтау/қолпаштау эпитеттерін қолдана отырып құрбанына өзінің көзінше ашық мадақ айтып, қолдайды, сол арқылы оның қарсыласу қабілетін төмендетіп, сеніміне кіреді.

Жала жабу (басқаға кінә арту) — манипулятор құрбанын көзге ілінбейтін тәсілмен жұрт көзінше бәріне жазықты жексұрын етіп көрсетеді.

»Жазықсызбын" — манипулятор құрбанына тигізген зиянының қасақана еместігіне, немесе оған тағылған кінәға еш қатысы жоқтығына сендіруге тырысады. Манипулятор тіпті кенет таңырқаған кейіп танытып, тағылған «орынсыз» кінәға өкпелеген-сымақ болуы мүмкін. Бұл әдіс құрбанға өз ойынан, шешімінің саналылығынан күмәндануға мәжбүрлейді.

«Шатасқансымақ» — манипулятор табан астында ақымақ боп қалады, әңгіменің не туралы екенін түсінбегендей, назарбына салған маңызды сұрақты ұқпаған кейіп танытады.

Қаһар— манипулятор ызасын өз ойына эмоциялық қарқын беріп, кенет ашулану арқылы құрбанын есінен тандырып өзіне бағындыру үшін қолданады. Манипулятор шындығында ешқандай қызбалыққа салынбайды, жай ғана спектакль қойып отырады. Ол өзіне не керегін ғана ойлап отырады да, керегін алған соң сап тыйылады.

Келесі тақырыпта манипулятор адам санасының қай саңылауларына қорлық көрсететіні жайында болады. Аяғына дейін назар аударып оқығаныңызға рахмет
Бөлісу:

13 пікір

VKM
күшті! Орысша не ағлышыншасына сілтеме бере салшы, біраз жері ұғынықсыз
Ottegin
Мына жазбаға қарап, осында отырған жамағаттың бәріне диагноз қоя беруге болады екен
ken
• «Шатасқансымақ» — манипулятор табан астында ақымақ боп қалады, әңгіменің не туралы екенін түсінбегендей, назарбына салған маңызды сұрақты ұқпаған кейіп танытады.

өзім осыны кейде қолданып тұрамын
konvict
Бір жыл бойы миыммен жыныстық қатынас орнатқан қызға не істерімді білмей жүрмін. Дәл қазір қасымда болса, тоғызыншы этаждың терезесінен лақтырып жіберер едім.Сонша уақыт оған қатты сеніп келіппін, сөйтсем ол қалағанынша менің миымды зорлаған ғой.  Қазір енді өзімнің лох болғаны есіме түсе береді.
Aya
көбәріп болса да керек ақпараттар екен Мындағылардың біразы көзкөрген жайттар.
asaubota
біразын қолданамын. нәтижелі болмаса қолданбас едім

«Блефті» қайсысына жатқызуға болады? Алдау ма ол да? мысалы карта ойынындағығдай қолың нашар болып тұрса да қарсыңдағыны қорқытасың, оның өзіңнің мықты екеніңе сендіресің, паника орнатасың, сосын ол жеңіледі. көп жағдайда нәтижелі әдіс.
Gastarbaiter
Астарлы қоқан лоқы мен жалған ақпараттың гибриді.
asaubota
манипуляцияның негізі сол жалғанда тұрған жоқ па?
Gastarbaiter
Мүмкін, бірақ мына жігітті сікпид ештеңе.
e_zhalgas
оқығанның біразы «о, шешесс; о, шешесс; мынаның бәрі мен туралы ғой» деп масаттанып қалған шығар