Тоңазытқышыңда не бар?

Блог - aikarakoz: Тоңазытқышыңда не бар?
Достар!
Тағы да бір эстафета бастайықшы. Тоңазытқышта не бар, соны түсірейік. Ішін сүртіп, жинап, дүкеннен азық-түлік сатып әкеп салу болмасын  

Соған қарап, адам туралы ақпарат бере отырайық  satibaldi бырат «тауық асырап көріңдер» деп ұрыспаса.

Пы.Сы. Өзім жұмыста отырсам да, мына сурет уатсаппен жетті
Бөлісу:

143 пікір

asaubota
мына үйге барып тамақ ішкім келіп кетті
omarbirat
Бір апта болды. Тоңазытқыш бос тұр  /
Тамақ та ішкің келмейді екен ондай кезде
aikarakoz
Сюреті керек, сюреті
omarbirat
Шығара алмаймын
Соңғы түзету:
SaryQazaQ
жақсы бастама. шет елдің бір сайтынан көріп едім бұл бастаманы, онда тоңазытқыш иелерінің суреті тұрды қасында. Соны көріп, бізге де істеу керек екен деп едім. Айқаракөз бастапты, жарайсың
Daniar-Alan
міні өсту керек  сол кезде дәп сол адамның тоңазытқышы екеніне сенімді боласың
kariim
Мына үйде тәттіқұмар біреу бар деп ойлаймын.
Ottegin
aikarakoz
Қауыыыын
Ottegin
Астында қарбыз да тұр
ereke_enu1
Қауын жегің келсе, Қызылодаға келің. Сары қауын, қара қауын, әміре, тарпеда, әңгелек, тағы не. Гектар гектар боп жатады ғой))
Ispek92
Бауырым өзбек емеспісің?
ereke_enu1
Диалект сөздер айтыла береді ғой
Anar70
қарбыздың қасындағы сары майды айтсаңшы…
Ottegin
Иә, ауылдан келген сары май
aikarakoz
Соңғы түзету:
dark_nazgul
Айқаракөздің үйінде кішкентай бала бар деген қорытынды жасадым.
ЗЫ. Тоңазытқыштың суретін шығара алмаймын. Өз тоңазытқышымды былтын жеңгеме бере салғам, және әзірше Гүлекеңнің тоңазытқышын ашып-жауып жүрмін. Бірақ, ол тоңазытқышта не жоқ дейсің: күнделікті ырысқұтқа ұсталатын ақшадан бастап, Гүлекеңнің жеке куәлігі, білезік сақиналары бәрі сол тоңазытқышта сақталады.
asaubota
көрейік та, қызық қо. сол үшін басталды ғой мына тақырып.
dark_nazgul
Бөлек шығайын, сосын қоямын, сыра толы тоңазытқыштың суретін.
MERmukhanov
)))))))))) дауай мен унитазды түсіріп көрсетейін? ондай қатты айырмашылығы жоқ))))

мына тоңазытқыш әбден дайындалып келген екен, жақсы өнер көрсетті))))
aikarakoz
Жаңа пост жазсаңызшы солай
MERmukhanov
 қой е, унитаз түсіру бұл маразм ғой
MERmukhanov
Керекистттер, 241543903 деп теріп гуглға, картинкилерді басыңдар))))
сұраққа жауап аласыздар
Соңғы түзету:
aikarakoz

Неге олай?
MERmukhanov
бұл ұжымдасқан қолданушылар ғой))))

мысалы, сен де керекшілерге мұрын шұқып отырған суреттеріңізді түсіріп алып, бәріміз сурет атын Айкаракоз 89 деп сақтайық түгел деп үгіт тастайсың. 50 шақты кісі бастап, әлем қостап, өстіп жиналады
Соңғы түзету:
satibaldi
Фотосессияға дайын емеспін дейд тоңазытқышым.
dark_nazgul
Әррақ пен қиярдан басқа не бар дейсің онда…
MERmukhanov
 қалай не? рөмке мен шанышқы!
dark_nazgul
Сатекем әрақты рөмкеге құйып ішіп, тіскебасарды шанышқыға шаншып жейді деп қорламақсың ба?
MERmukhanov
мен дилетант қайдан білейін...
Ottegin
Мен екінші тоңазытқыштың суретін салған жоқпын
ereke_enu1
Екі тоңазытқышың болса, «шикарно» тұрасың ғой)) Мықты
Daniar-Alan
ет сататын шығар, қайдан білесің
torgai
Тоңазытқышыңыздың іші толған жарнама екен. Ал Ottegin дікі таза. Бізде ондай да жоқ)))
ereke_enu1
мұздатқышӘрең салдым ғой. Вобшым, осы біздің бойдақи мұздатқышымыз)
Daniar-Alan
дайындалғаның көрініп тұр
ereke_enu1
Жұмыртқаларды түзеп қойдым, және екі пакет сүтті суретке ену үшін сәл алдыға жылжыттым)
AKA
«Microsoft» болып тұра бере ма солай жұмыртқалар?
ereke_enu1
Он шақты күндей үйде болмап едім, ана тұрған қауын сасып кеткен, төмендегі вареньенің іші көгеріп жатыр. Қалған 7 жұмыртқаны жесем ба білмей отырмын. Жұмыртқадан улансаң, жаман кетесің дегенді естіп едім)
AKA
Пісіп кеткен қауын болса керек.
ereke_enu1
Саситындарды шығарып кет деп еді, қауынның «подводить еткені», қазір ашсаң біртүрлі қалай құтылуға болады.
ereke_enu1
*біртүрлі иіс шығады)
satibaldi
Гипермаркеттің шірік алмұрты, бвуәқ
ereke_enu1
Суреттен «хохланд» ерітілген сырды көріп тұрмын. Жақсы сол
Сосын ілмекте Қайрат Нұртастың не қатысы бар, әпетитті құртып))
ereke_enu1
Салаттар керемет, қандай екенін айырмадым. Және жолға алатын селедка)
satibaldi
— Жемісті гипермаркеттен не — акселераттар, не — дегенераттар алады — деуші еді Мастұр батыр әлгі жері тірісінде.
asaubota
күлмеңдер япты, уақытша бойдақпын

Zhan
Бір құрбым балаң болған соң өзің де детский врач боп кетесің еді. «Панадол» баласы барлардың барлығының тоңазтқышында тұратын дәрілердің бірі болса керек
asaubota
женский аурулардың да мастері болып, жұртқа консультация айтатындай да дәрежеге жетіп қаласың кейде
Anar70
бойдақ кезіңдегі тоңазтқышың мынадай болса)))) толтырып қойыпсың, құдай-ау ана сары майды айтсаңшы сары майдыыыы))))
asaubota
көбісі бұрыннан тұрған заттар. менің қосқандарым: сок, кола, алма, кастрөлдегі готовый суп, айран
zholantai
жарнама жасауда тоңазытқыш ішін суретке түсіріп пайдаланудың өтімді екедігіне тағы көзім жетті,
mereika
Кеше жұмыстан келсем киндер жоқ(((( Кім жеді?
satibaldi
Соған қарап, адам туралы ақпарат бере отырайық

Поциент келімсек: басқа қалада жүр. Үйде тамақ тек бір рет дайындалады: кешке, оның өзі де кейде жасалмай қалады. Полуфабрикаттар оның көбіне көшеден тамақтана салатынына меңзейді. Көрерменге көрінеу қойылған йогурттар мен Киндер «литтл бейби» амплуасына дәмесін білдіреді. «Еркелетіңдер мені,-дейді поциент, — сонда мен сендікпін».

Тоңазытқыштың қабырғаларының ерекше жылтырауы — әдейі болмаса да фотосессияға дайындықты білдіреді. Қанша жусаң да тоңазытқыштың ылғал қабырғасы көмескі тартады. Ендеше бұл фото құладельнік жуылып, іші тазаланып болған кезде, «неге тақырып қыла салмасқа?» деп, түсіріле салынған.

Соңғы сөредегі гипермаркеттің шірік алмұрты поциенттің бейнесін бұзып тұр. Жалпы алғанда талғампаз кісінің әсерін қалдырған поциенттің жалпы нобайынан оғаш, көзге қораш көрініп тұр. Ендеше үйінде тағы да біреу тұрады. Болгар қияры мен гипермаркет алмұрты сияқты талғамсыздықты соған ысыра салсақ, поциенттің тоңазытқышында құпия қалмайды.
Anar70
құдай ай, сенде))))))
asaubota
иә, тамақ істемейтін адамдардың үйі сияқты болып көрінеді. дайын тамақтар, тәтті бірдеңелер. андай май, жұмыртқа, картоп-жуа, дәрі сияқты үнемі тұратын заттар көрінбейді.
e_zhalgas
біздікінде ештеңе жоқ. кәдімгі тып-типыл тоңазытқышты елестет те біздікін елестете бер,
SaryQazaQ
Жалғыз уақытша бойдақтың тоңазытқышы
asaubota
тәттіқұмар алқаш деп елестетейін бе сені? әлде тәттіні қыз ба жейтін?
SaryQazaQ
Соларды жейтін қыз керек)) тұрғандарына айға жақындап қалды
Ал алқаштықтың белгілер қайс?
Aya
Әгүршік тұрған жоқ па, шынының ар жағында баданадай-баданадай болып көздің жауын алып.
SaryQazaQ
Ая, ортаймағанын көріп тұрсың ғой, ол әлі ішпегенімнің белгісі))
jako_83
SaryQazaQ
Бір банкі қияр үшін алқаш атанып едім. Ал бұл тоңазытқышта… корей салаты, шұжық, қияр, т.б.))
asaubota


бұл да алқаш екен
jako_83
аузының дәмін алу үшін деп 76 жастағы апам әкеліп жейді деп ақталайын)))
Соңғы түзету:
Anar70
Жако, ана пакеттегі не?
satibaldi
Ауысымға алып кететін тамақ
asaubota
Анар апай, демалыста продуктіге шыққан шығарсыздар, ертең фотограф жіберейін бе?
Anar70
қайдағы демалыс, бүгін де жұмыс істедік((((((
AKY
Қара Назғұл келіп тапап кетпесін сен ітағы
Daniar-Alan
тазарақ қой бұл жолы, жәй ескертер
jako_83
келіп жуып кететін шығар мүмкін)))
Shah
boidakpyn
asaubota
әдемі!
Shah
Командировкада коп жургендыкткен босатып кетем сасып кетпес үшін, сосын уйде коп болмагандыктан келген күні кажетты тамактарды алып коям. Кешегана келгем үйге сосын бос тур
asaubota
психологиялық портретіңді сызып көрейін:

тазалықты жаны сүйетін ұқыпты жансың, тіпті иіс тазалығына да мән бересің. тұрақты жұмысың да бар, командировкаларың көп болғаны жұмысыңның қызық екенін білдіреді. бірақ бұл енді аздап қаңғыбастау, авантюрист, кездейсоқ секске кетәрі емес екеніңді де білдіреді. дегенмен де сендей жігіттерді рекомендер едім, қыздардың құлағына алтын сырға. Шахназар жақсы жігіт
Shah
рахмет мақтағанды унатам расы керекше)))
AKA
Біздің тоңазытқышқа ұқсайДкен
serjan
asaubota
мұғалімдікті тастағаның дұрыс болған сияқты ма бауырым
serjan
Қай тұстан байқалады?
serjan
Нағыз ауылдың тоңазытқышы, қолмен пісірілген нан, қолдың сүті, қолдың майы, қолдың бауырсағы.
Ispek92
қолдың бауырсағы қаланың кириешкі деген бәлесіне ұқсау үшін тұрма деймін ана жерде
AKY
шіли тап-тұйнақтай.
satibaldi
Өтірік, аха? Сезесің бе сен де?
AKY
шын шығар, қайдан білейін, неше түрлі адамдар бар ғой.
satibaldi
kariim , ресми мешіт тоңазытқышқа не дейді? Беделді мүджтәһидтердің ол туралы бұрын-соңды айтқан пәтуасы бар ма?
MERmukhanov
негізі бір қоймайтын пенде екенсің
Aikona
Қарным ашып кетті ғой, кешке түсірем өзімдікін
Gulistan
Бауырсақ, нан атаулыны тоңазытқышта сақтауға бір негіз бар ма?
Салат атаулыны, банкіде болсын, ыдыста болсын, бетін пленкамен не болмаса қақпағымен жауып қойыңдар, иіс болмайды.
Осы орайда тоңазытқышта не сақтау керек/керек емесін айта кетейінші.
Соңғы түзету:
Shah
нанды тоңазытқышта целлофан пакетке сақтағанда нанның кеуіп кетпеуіне септігін тигізеді.
Соңғы түзету:
satibaldi
Тездет енді.
asaubota
осы арақты морозильникке салуға болмайды ғо, да? жалпы сол туралы жазылып па еді осында?
Gulistan
ТОҢАЗЫТҚЫШТА НЕНІ САҚТАУ КЕРЕК?
Түрлі тосап, консервідегі және қақталған тағамдарды салудың еш қажеті жоқ. Сонымен қатар, картошка, жуа, сарымсақ та ондай жерге мұқтаж емес. Помидорды да алып тастаңыз.Асқабақ, қауын, баклажан да тұрмауы керек.
Егер баклажанды ұзағырақ сақтағыңыз келсе, домалақтап кесіп, кептіріп алыңыз.
Қысқасы, тоңазытқышқа салуға болмайтын заттар: трпикалық жемістер — банан, ананас, киви мен манго, анар мен құрма, тәтті атаулы (шоколад, конфеттер), қырыққабат.
Салуға болатын заттар: балық пен ет, полиэтиленге жеңіл оралған көкшөп (укроп, петрушка, базилик), жабық ыдыста ірімшік пен сары май, өрік, курага, жалпы құрғақ жемістер, 3 күн көлемінде ішіп-желінетін дайын тамақ (мысалы Аршаттың сорпасы)
satibaldi
полиэтиленге жеңіл оралған көкшөп
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
satibaldi
Қысқасы, тоңазытқышқа салуға болмайтын заттар: трпикалық жемістер — банан, ананас, киви мен манго, анар мен құрма
Әне көрдің бе Anar70 , ал сен болсаң, шамалы отыра тұрайыншы деп қойған жоқсың.
aikarakoz
Тропикалық жемістерді неге салуға болмайды? Мен мұздатып жегенді жақсы көрем, мысалы. Помидордың да сап-салқан боп тұрғаны жақсы: қып-қызыл бетінен тістей алғанда, қатты боп тұрад)))
asaubota
помидормен сүйісіп үйренгендер категориясынан емессің бе?
omarbirat
Қазір салып жүрген нәрсеміздің ешқайсысын салмауымыз керек екен, түсінгенім.
Мұздатқышқа ет, тоңазытқыштың ішіне сыра толтырып қою керек қой, ең дұрысы
Gulistan
Егер алда болатын кеште/той-томалақта ішілетін сусын атаулыны тез арада салқындатқыңыз келсе, сыртын сулы шүберекпен орап, тоғазытқышқа салып қойыңыз. Тексерілген
satibaldi
Дегенмен шампаң, шараптарды тез салқындатудың моветон екенін мойындағайсыз.
AKY
Йогурттың жазуын көрсетіп, әдемілеп қойып қойыпсыңдар  Базар жоқ, күшті тамақтар жейді екенсіңдер ))))
aikarakoz
Ценниктерді де көрсетқойғамыз, тек майда боп, көрінбей қапты
AKY
Фотоға түсіру үшін тоңазытқышты реттеуге желание жоқ, қазіргі күйімен сала салсам, мына халық көтін ашып күлер)))
Gulistan
Оған да дайындық керек дейсің
asaubota
әрине күлеміз. сондықтан бір продуктіге барған кезіңнен кейін, іші-сыртын тазала, суын ағызып ал алдымен. тек қана содан кейін!
Gulistan
суын ағызып ал
демекші, жақында ғана қалың мұзын ерітіп, біраз жеңілдетіп алдым. Ол да шаруа
ken
Келесі эстафетаны болжау:
Ұйықтайтын бөлмең қандай?
Қанша ішкиімің бар? Қаншалықты жиі ауыстырып тұрасың?
Қалтаңда не бар?
Gastarbaiter
вуайеризм мен эксгибиционизмнің бір түрі ғой бұл да анау жұмыстағы кішкентай тоңазытқышым.
Anar70
жұмыстағы тоңазтқышың крутой екен))) қонақ шақырған екен деп қаласың әйтпесе))
mercedes
жұмыста жақсы өмір сүред екенсің
asaubota
әдемі өмір сүруге тыйым сала алмайсың!
ken
андағы піскен жұмыртқалар ма или жұмыста пісіресіңдер ма?
Arys_arlany
хэх, менің тоңазытқышым дайын емес екен, ерінбей көріп келдім,
AKA
«Суретке түсірсем ба, түсірмесем ба?» деп ойланып қалдым ғой тегі, пікірлерге қарап
Gulistan
Керек болар деп
Ispek92
ғалымдар дәлелдеген бе?
Gulistan
Дәлелдеген деп сенеміз ғой