"Уаххабист" деген кімдер?
“Сталин дәуіріндегі “Халық жауы” деген термин білесіздер ме? Біреу саған ұнамаса, оны “Халық жауы”, оның әйелін “Халық жауының әйелі”, баласын “Халық жауының баласы”, көршісін “Халық жауының көршісі” деп ата дегені естеріңізде ме? Дәл сол секілді уахабшы, вахабист деген терминдеріне де қатысты. Мен ол сөзді қолданатындардан анық, ашық “Уахабшы қайда?” деп сұрасам, әрбір адам ол сөзді өзі қалағанша түсіндіріп бағады. Ал негізінде, уахабшы деген сөз қайдан шықты? Осыдан екі жүз жылдай бұрын Сауд Арабиясында Мұхаммед ибн ‘Абдулуаһһаб деген кісі пайда болды. Ол кездері Сауд Арабия аумағында ширк (Аллаға серік қосу) қатты таралып кеткен болатын. “Лә иләһә иллә-Ллаһ” (Алладан басқа құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ) деп куәлік беретін мұсылмандардың өзі талдарға, ағаштарға, тастарға, қабірлерге табынып кеткен болатын. Олар сол талдар мен тастардың жанында әулиелер жерленгендіктен мыналар да киелі деп есептейтін болған. Мұхаммед ибн ‘Абдулуаһһаб таухидке шақыра бастады. Сөйтіп, Алланың мейірімен, араб түбегіндегі көпшілік оның дағуатын жылы қабылдады. Сол заманда ағылшындардың отары болған Үндістаннан мыңдаған мұсылмандар қажылық жасауға Қағба қарай ағылып жататын. Олар да дағуатқа құлақ түріп, таухидке бет бұрып жатқан еді, еліне оралған соң олар да жерлестеріне ақиқатты жеткізе бастады. Бұны көрген ағылшындар Ислам таралып, өздері әлсіреп жатқанын түсініп, Осман халифатындағы түріктердің надандығын пайдаланып, “уахабшы” деген сөзді ойлап шығарып, бәріне белгілі “Ағылшын тыңшысының жазбалары” атты кітапты басып шығарды. Мұның барлығын олар таухид дағуатын тоқтату үшін істеген болатын. Ал кез келген мұсылманның жүрегінде “Пайғамбарға ғана еру керек, соныкі ғана дұрыс, қалғандары дұрыс емес” деген сенім бар. Олар болса, соны пайдаланып мұсылмандардың арасына “Мұхаммед ибн ‘Абдулуаһһаб бесінші мәзһаб құрып жатыр” деген сықылды дақпырт таратып жіберді, сөйтіп адамдар таухидтен бас тарта бастады. Содан соң оларға “өзіңе ұнамағанның бәрін уахабшы деп ата” деген сөзді таратты. Солайша, бұл сөз үмбетке дендеп еніп, әлі күнге дейін толастамай жалғасып келеді. Мұсылмандар бірін-бірі уахабшы дейді. Ал олардан: “Уахабшы деген кім?” деп сұрасаң, нақты, түсінікті түрде жауап бере алмайды. Тек біреуді шеттетіп тастағың келсе, оған уахабшы деген лақап бер дегеннен басқа айтары жоқ.
Сондықтан, бауырлар, қазіргі күндегі мұсылмандардың өкініштен өзек өртейтіндей жағдайдан құтылуы үшін ең алдымен таухидтен бастау қажет!”
© Ринат Әбу Мухаммад
Сондықтан, бауырлар, қазіргі күндегі мұсылмандардың өкініштен өзек өртейтіндей жағдайдан құтылуы үшін ең алдымен таухидтен бастау қажет!”
© Ринат Әбу Мухаммад
Ал енді Мухаммәд ибн Абдулуаһһаб билікті қолға алған бойда ширктің осы түрімен күресті. Мынау әлБағиғ қорымының осы заманғы суреті:
Херемет, тек мұны Қабір мәселесі блогында жарияласаңыз екен.
Менің түсінбейтінім, ислам дінінің шыққан жері Саудия болса, Пайғамбарымыз(с.а.с) және оның сахабалары көпшілігі сол жақта өмір сүрген болса, хадистерде Мекке-Медина қалаларының қасиетті екендігі жайында айтылған болса, неліктен біз дінді түріктерден үйренуге тиіспіз?
Қалай түріктер арабтарға олардың ата-бабаларының дінін үйретпек? Қазаққа орыс келіп, "әкел, домбыра тартуды үйретейін" деген секілді ғой. Ақылға сыймайды.
Қазір сондай уақыт, исламға жастар көптеп келіп жатыр, бірақ белгісіздік көп. Бүгінгі Абай, ертең бабай болып шығуы мүмкін. Сондықтан, «анау дұрыс емес, мынау дұрыс» деп бөлініп-жарылмай, "әліптің артын баққан" дұрыс секілді. Құдай берген байлықтың үстінде отырып, іштей бүлінген жаман-ақ. Қанша ашкөз тосып отқанын кім білсін. Қырғыз-мысырдың кебін киіп жүрмейік.
Керек адам түбіне түсіп оқып алар. Әйтпесе, дінді сөз қып не керек? Қателікті көбіне білімі таяз тобыр жасайды ғой. Өзгелер зиянын шегеді. Сол вахаббистер елде бүлік шығарып жүрген болса, КНБ бар емес пе? Олар өте жақсы жұмыс жасайды. Ал, бізге, қазақтарға, білім керек, алдымен. Кім өзін мұсылман санаса, өзі үшін ықыласпен дінін үйренсін. Иман қажет қоғамға. Ертең ештеңе ұрламас үшін, біреу берсе алмас үшін, әділетті болу үшін иман қажет. Қоғамды имансыз, білімсіз емдеуге болады дегенге үлкен күмәнім бар. Исламофобтар Пайғамбарымыз(с.а.с)-дың өмірбаянын білмейді. Әйтпесе, оған, оның әкелген дініне ғашық болмау әсте мүмкін емес.
Ибн Таймия, Мұхаммед ибн Абдулуаххабқа дейін Мекке мен Мединенің арабтары солардың ілімдерін ұстанып келген бе еді? Оларға дейін өздерінің істеп жүргендері дұрыс емес екеніне ешқайсысының басы жетпеген бе?
деген сұрақтар туындап отыр.
Жалпы, өзім жоғарыдағыдай кустарный уағызыларды тыңдамауды құп көремін. «Анау дұрыс емес, мынау дұрыс еместі» де көп айтатын өздерін сәләфиміз деп атаушылар. «Намазды мазхаб бойынша оқу, сунна бойынша оқу» деп бөлетін де солар. Сонда төрт мазхабтың намазында сүннет амалдары жоқ сияқты. Сосын, олардың келтіргенін хадистерінен басқа хадистер сахих жинақтарда бар болса да хадис емес. Опшым, осындай тәкаппарлық есіп тұрады.
Осыдан он жыл бұрын «мазхаб неге керек» деп жүруші еді, қазір мазхабты ұстанғанымен өз ақидаларымен жүреміз дегенді шығарып алғандары бар. Қатты бейімделгіш. Неге ондай?
Сөйтіп-сөйтіп бір күні ашари мен матуриди ақидаларына келіп жүрмесе жарар едіСоны айтамын. Басында келінге сәлем салуға болмайды, дастарқанға бата беруге болмайды дейтіндер(бәрі таниды, кім екенін айтпай-ақ қояйын) бүгінде өздері дастарқанға бата беріп, келіндері сәлем салып жүр.
Айтпақшы, олар өздерінің әрекетін «фитнә» туғызбау керек деп ақтап алады.
Бұл да дұрыс емес. Өйткені Ислам тек арабтардың ата-бабасының діні емес.
Мына сөзге қосыламын, сондықтан муфтиятқа бағыну керек. Ал сәләфилер секілді дау туғызғыштар бар кезде бір пікірге келу мүмкін бе?
«Сәләфилердікі басқаша» деген мағынада жасалған ролик сияқты.
Бір-бірінің артын шұқылаудан алдарына жан салмайды десе де болады. Ютюбте роликтер толы жүр: бір-біріне телефон соғып, бір-бірінің арттарын ашып жатқан салафиттер. Бір-бірін мезі қылатындары сонша, Сауд Арабиясындағы шейхтарының бірі "Қазір тіпті телефонымды өшіріп тастап жүретін болдым" депті.
Дегенмен, «Уаххабист» деген кімдер? А нақ?
— Дүйсенбі-бейенбі күндері, әр айдың оратсында үш күн, Арафат күні, Мұхаррам айының алғашқы он күнінде ораза тұтатындар — уаххабист;
— Әр дәреттен соң, аср намазының алдында, түннің соңғы үштен бір бөлігінде, т.с.с. қосымша намаз оқуды әдетке айналдырғандар — уаххабист;
— Аурудың көңілін сұрайтын, міскінді тамақтандыратын, жаназаға қатысып онымен қабірге дейін еріп баратындар — уаххабист;
— ПАйғамбардың (с.ғ.с.) ешбір сүннетін алаламайтын, керісінше өлі сүннеттерді орындау ароқылы тірілтетіндер — уаххабист;
— Қабірге табынбайтын, әруаққа сыйынбайтын, сақтайды деп тұмар тағынбайтын, көліктің артына қызыл шүберек байламайтындар — уаххабист;
осылай тізсең кете береді. Қоғамда қалыптасқан ұстанымдардың арасынан ырым-жырымдармен күресетін, оның орнын сафф сүннетпен алмастырып жүрген жандар деп білемін.
— Әр сөзіңе дәлел сұрайды. Сотка сатып алдым десең, дәлелің бар ма? Пайғамбарымыз сотка ұстап па еді дейді. Өзінің қолында айфон немесе самсунг гэлэкси.
— Балағын шорт кесіп тастаған. Өйткені сондай хадис бар. Айтпақшы, бұл сөзін әжетқанаға кіргенде былғанбайды, жерге тимейді деп түсіндіреді. Бірақ өзі туалетке кіргенде балағын қайырып, шығарда аяғын жумайды. Әрі әжетін тұрып өтейді.
— Сақалын бей-берекет өсіріп алған. Түрінен кішкентай бала қорқады. Сөйте тұра мұсылмандар әдемі болуы керек дейді.
— Өте аггрессивті. Сәл бір нәрсе десең, жағаңнан алуға әзір. Пайғамбарымыздың насихаттаған көркем мінезін қыстырмайды.
Ойыма бірден келгені осылар болды
Бұрын мазхабтармен жүріс-тұрыс бойынша айырмашылықтары бар еді, кейін ақида (сенім), әсіресе Алла туралы түсініктері бойынша өте қатты айырмашылықтары бар екенін білдім.
*Бастауын ибн Таймия бастағанымен, атауға келгенде Абдулуаххабтың көлеңкесінде қалып кеткен.
Бар білгенім, осы.
Омарбрат біраз ізденген екен(Алла разы болсын сізге).
Бір-екі уағыз тыңдап алып, өздерін ғалым сезінген боқмұрындардың «Менің кунгфуым сенікінен мықты» деген айтыстары жайлап кеткен мына ептібайымайт заманда ең дұрыс ұстаным жоғарыдағыны айтқан үндістікі ме деймін нақ.
Жалпы, жұрт біле бермейтін, білсе де мән бермейтін мәселелер көп қой бұл турада. Бірақ, шындық — өте анық. Шын ықыласымен ізденген оңай жетеді оған. Дін — жай бір тақырып емес, ол — біреулердің өмірі. Сол үшін, байқап сөйлесек. Қиямет күні әр сөзімізге жауап беретінімізді ұмытпайық. Егер дініңе аса мән бермейтін болсаң, бар ғой ондай кісілер(«светские»), бос сөйлемең. Әділетті болайық та, бойламасаң біреудің өміріне қол сұғып не қажет? Ал, дін ұстансаң, шын ықыласыңмен ізден, шындыққа жет, кейін көрге кіргенше сол шындықтан бас тартпа дегеннен басқа айтар жоқ. Құр сөйлей бергеннен не пайда келіп жатыр?!