Тәуіптердің айла-амалдары

Сана мен сезім: Тәуіптердің айла-амалдары

Бәрің адам жанының маманы боп алыпсыңдар байқап отырсам. Мысық екеш арыстанды (бұл да мысық қо) асырап көріп пе едіңдер?! © Satibaldi

Преәлгібула™

Баяғыда шатыры шайқалған шерменделер көңілін көншітіп, өмірінің өзегіне оралу үшін наебимамға мұң шағып жергілікті мешітке немесе турасынан сатанисттік шіркеуге тұрақты прихожан бола салатын еді.
Тоқсаныншы жылдары қит етсе тәуіпке, әулиелерге бару сән болды. Кашпировский, Чумак, Сары Әулие, Ақ әулие. Ендеше одан бөлек санаға түрлі зорлық пен зомбылық арқылы өзгеріс енгізетін танымал құбылыстарға тоқталсақ…

Сана мен сезім: Тәуіптердің айла-амалдары

Тренингтер

00-ші ж.ж бізде әлі күнге дейін жаппай құбылысқа айналмағанымен, адамды дамуға, байлық пен бақытқа жетелейтін психологиялық тренингтер пайда болды. Олардың көбінің мақсаты жаныңыздың жарасын жазу емес, эгоңыздың (kariim-ше нәпсі) қышуын уақытша қандырып, жұмыртқаңыздан жүн қырқу. Алайда түлектердің бірінің пікірінше өте көп жағымды әсері болыпты. Тіпті өмірін жүз сексен градусқа өзгерткендер де бар екен, норбековсс. Пекинесім біліп пе, бірақ тренингтің бәрі бірдей адам санасын таным мен түйсіктің жаңа деңгейге шығару кейде күткен нәтиже бермей, кеңкелес боп кетуің мүмкін.

Эзотерика және окульттік ғылымдар

Сана мен сезім: Тәуіптердің айла-амалдары
Тренингтен соң да бағы ашылмағандар әдетте эзотерикалық («эротика», «зоология», «истерия» сөздерінің қосындысы болса керек) практикаларға бет бұрып, желкесінің чакрасы ашылғанша, таңда меңдуана шегіп, түсте саңырауқұлақ жеп, кактустың тұнбасын ішіп, кешке психотроптың бюджеттік нұсқасы ретінде октан саны 75- 80 сексен (білә, енді ырым қылып біраз ізденсін деп отырм, әйтпесе 93 те жарай береді) бензинді иіскей салып Құдай көріп, жұлдыздардың сыбдырын тыңдау арқылы қу пәнимен Фэн Шуй бойынша үйлесімділік табуына мүмкіндік бар. Трансценденталды медитациясынссс…
Не болса соны шегіп/шайнап/жалау мен тылсымға негізделген философия оқытулары барынша қызық болғанымен, кейде қараптан қарап, туысқаныңыз «тю-тю» боп кетсе таң қалмаңыз. Очм, абайларсыздар.

Маркетинг және жарнама

Державалар қалай өткен ғасырда жойқын ядролық бұтақтарының күші мен басын көбейтуге аттыкін салысса, тап сондай қарқынмен корпорациялар да жойқын психологиялық әдістерді, жаппай жынды қылу түрлерін жасады.
Әлемдік маркетинг құралдарының дамуы һәм БАҚ-тағы пиар стратегтері, ендігі жерде өсімқор компаниялар рыноктағы коньюктураныы анықтау үшін адамдардың жанына жалпылай прожектормен де, жекелегендерін электронды микроскоппен де түсіп зерттейді. Және оның да еш сөлекеті жоқ. Саған алдымен уайымсыз өміріңнің мұңайған боқ екенін дәлелдеп әлек болады да, оны қандай да бір мәнге ие қылу үшін мына бір йогурттың дәмін көріп/Гуччидің сөмкесін ұстап/Тайландқа демалысқа барып келу керегін жеткізеді. Бітті, мотивсіз диванда қарны тойып жатқан адам енді әлгіні сатып алмайынша ұйқтай алмайды.
Сана мен сезім: Тәуіптердің айла-амалдары
Очм, үнсіз келісім бойынша офисте отырып тапқан қолтық тері мен көтен ақысына құдайдың өлімінен басқаның бәрін потреблядтық несиеге алып-алып, қораға тереңдеп бара жатсаң, атылып өлуге асықпа, миіңді айдап алғандар соншалықты қорқынышты емес. Жамағат, жынды-кеңкелестердің ішінде маркетинг пен жарнама құрбандарын жындыханаға жатқызуға асықпайды, себебі пайда.

Франсуа Бегбедердің «99 франк», Пелевиннің «П-буыны» деген халал кітаптары мен аттас фильмдерінде авторлар маркетинг әлемінің дамбалын сыпырып алмаса да, етегін түріп, көтенін жалтыратып қойған. Бос уақытыңызда сығалап тұрсаңыз болады.

Миды түзеу шаралары

АҚШ-да кеңкелестерге жағдай молынан жасалған деп есептеледі. Мәселен, кісіге зияның тимей, ел қатарлы әжейлердің іш киімін иіскеп, мысықтың шіри бастаған салқын да барынша мамық (мммм… шіркін-ай десейш) мүрдесімен мешіттің түбінде жыныстық қатынасқа түсудің ләззаттарын айтып сырласатын адам таппасаңыз, онда сізді түсінетін, жүзі жылы психотерапевттер тұяқ астынан табыла қоятындай.

Анонимді нашақорлар, шұлық шайнағыштар не мысық сүйгіштердің жартылай заңды ұйымдарына көршіңе көңіл айтып барғандай ескертусіз «ой, бауырымдап», тіпті қияли кенгуру достарыңды ертіп төрлете берудің де еш сөлекеті жоқ.

Алда жалда бұл әдістер де іске аспай, соңғы психотерапевтіңіз сіздің визитіңізден кейін Емпайыр Істейд Билдиңгінен құлап өлген болса, арнайы психиатриялық клиникалар, нақа болмаса хоспистердің түр-түрі бар. Онда сізге ақ халатты вокзал жандар көп бұтақты жемей дереу спецформаңызды кигізіп, бірнеше жылға «витамин» курсын тағайындап, өзінің аялы қамқорына алады. «Біздегідей емес, тіпті жазылып кетуіңізге де мүмкіндік бар дейді» психтуризмның қас майталмандары.

PS. Қой сним, делік. Бұлардың барлығы «психологиялық ықпал етудің» салыстырмалы түрде «иманды» түрлері. Одан басқа да үңгіріне сәл де болса үңілгіміз келетін коллекторлар мен тонаушылардың ойлау алгоритмі, саясаткерлер мен тергеушілердің психологиясы, этнопсихология, соционика, физигномика, тағы да басқа адам санасын алды-артынан тінтіген ағымдар бар.
Ендеше, алдағы күндерде біз адам санасына ықпал етудің көпке белгілі және құпия тәсілдерімен, адам тарихындағы ең жауыз эксперименттермен т.б. жақынырақ танысамыз.

(Басы. Жалғасы мұнда)
Бөлісу:

10 пікір

zholantai
«этнопсихология» қызық маған, күтем
asaubota
және сананы қорғаудың амал-тәсілдерімен бөлісе отырайық. зомбиленіп бара жатқанымыз кейде өзімізге де білінбейді
zholantai
таңертең осы жазбаны плюстейм деп минустап жібердім, бұрын плюс оң жағында тұратын ед, соған үйреніп қалыппын
e_zhalgas
білә, оқуға ерініп отырмын. твиттер форматта айта салш, не туралы жазылған?
Sebastian
миға жасалатын жыынстық қатынас түрлері, мақсаттары, нәтижелері

ерінбей оқып шық, кешке тағы оқиын деп отырмын
Zhan
Ендеше, алдағы күндерде біз адам санасына ықпал етудің көпке белгілі және құпия тәсілдерімен, адам тарихындағы ең жауыз эксперименттермен т.б. жақынырақ танысамыз.
Асыға күтетін жазбалардың бірі екен. Тез жаз енді…
Gastarbaiter
Жылдам интернеттен айырылып қалып отырмын. Вордқа жазып, құйып салып отыруға тура келеді.
e_zhalgas
оқып шықтым ғой. бегбедердің кітабы бойынша түсірілген фильмді көргенмін, ал Пелевинді оқыппын. жалпы, жарнаманың миға зияны туралы Аранофскидің фильмдерінде жақсы көрсетілген.

бірақ, қазақша ойлайтын миға поқ, менің білуімше. оларға жарнама да жүрмейді, өйткені жарнамасының өзі сауатсыз