Стақандастарым. Қанымай апай.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Қанымай апай.
… Мәсуакпен тіс пастасын тіпті өңешіме жағып-жағып алдым. Болмады. Қойма меңгерушісі Қанымай апай:
-Әлі ұрып тұр иісі құрысын! Айтып тұрмын ғой: ұйықтап ал, қалған жұмыс қалды енді! Арақтың иісі нервіден де қатты шыға беред, білесің бе!

«Арақтың иісі нервіден де қатты шыға беред». Лібәдтің, жынды теория ә? Шынымен солай сияқты нақ! Кемпірдің білімі жаман емес!

Кеше жұмыстан өз аяғыммен кетіп, таңертең біреулердің аяғымен жетіппін. Дәнекерші Сағидың, мені машинадан тура иығына салып алып, қойманың ішіне әкеліп, керуертке лақтырып тастап:
— Мынау тұрғасын 150 грамм құйжівер де, жұмысына қарай қуып жібер Катя! Шығарып жіберед әйтпесе, келмей жатып қуып жіберер! — деп, ақша ұстатып кеткені елең-алаң есімде.

Бірдеңе қылып есімді жисам, паһ шіркін, стол жайнап кетіпті: ЗИЛ-дің поршенінен жасалған ыдыста — салат, солидол бөшкесімен әкелінген екі текшметр су, мұқалған болгарка қайрағының үстінде —
құйрық май.

— Тұрдың ба бейшара? — деді Қанымай апай.

— Аха — дедім мен құлықсыз.

Қанымай апай жәшіктердің бірінен токарь станогының патрондарын алып шықты да, өзіне 100-дей, маған 150 граммдай құйып кеп жіберіп:
— Ал кеттік! — деп, қағып салды да, әк салынған шелектің қақпағын ашып жіберіп, иіскеп-иіскеп алды. Мен де қарап қалғам жоқ. Басып кеп жібердім.

Аз-мұз үнсіз отырдық. Бір кезде Қанымай апай:
— Қалай, барды ма? — деді.
-Жоқ…
-Кел онда! — деп, тағы қайталап жіберді…

Қанымай апай дәнекерші Сағидың көңілдесі екен. Адам айтса қатал тағдырын еске түсіріп, оның үстіне жазу — миға жасаған қиянат болар, өмірден түңіліп кетерміз нақ, жазбайм. Бірақ Сағи айтып бергенде еңкілдеп жылауға шақ қалдым. Әуелде әйел адам үшін ерсі көрінетін тартжіверетін әдетін, өмірбаянын естіген соң кешіретін болдым.

Үшеуміз де жұмыстан қуылғанша іштік. Мықытымыз дегенмен: 5 ай шыдаппыз лібә…

* Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

25 пікір

Sebastian
ЗИЛ-дің поршенінен жасалған ыдыста — салат, солидол бөшкесімен әкелінген екі текшметр су, мұқалған болгарка қайрағының үстінде — құйрық май.

жынды натюрморт!
zholantai
5 ай шыдаппыз лібә…
хехехе, нағыз ішкіш емес екенсіңдер
e_zhalgas
Кеше жұмыстан өз аяғыммен кетіп, таңертең біреулердің аяғымен жетіппін.
шешесс, жаттым мына сөйлемге
dark_nazgul
 «Тауқымет» шегіп кетті…
Zhan
Әуелде әйел адам үшін ерсі көрінетін тартжіверетін әдетін, өмірбаянын естіген соң кешіретін болдым.
кешіру емес қо мынау, мүсіркеу ғо
Marco
Алда Катя апым-ай. Марқұм Мәриәш кемпірді еске түсірді. Жарықтық паравоз еді. Мұрны қышығанда құрт-шабақтарды жиып алып, «Мешіт жаққа барып „бышок“ теріп келіңдер», деп жұмсайтын еді, жарықтық.
Gastarbaiter
Бірдеңе қылып есімді жисам,
Zilola
… Мәсуакпен тіс пастасын тіпті өңешіме жағып-жағып алдым. Болмады. Қойма меңгерушісі Қанымай апай:
-Әлі ұрып тұр иісі құрысын! Айтып тұрмын ғой: ұйықтап ал, қалған жұмыс қалды енді! Арақтың иісі нервіден де қатты шыға беред, білесің бе!
Түнімен су ішіп әжетханаға жүгіріп, жүгіру жолағында терлеп сауығуға болады. Таңертеңгілік алкотесттің өзі дым көрсетпей қалады иіс түгіл. Сосын май ішіп жіберген дұрыс дейді білгіштер, иісті басады мыс.
Daniar-Alan
Үшеуміз де жұмыстан қуылғанша іштік. Мықытымыз дегенмен: 5 ай шыдаппыз лібә…
PatriotKZ
Арак ышкендер малдар!
ken
мал арақ ішпейді ғой.
PatriotKZ
сол!!! мал да арак ышпейды!!!
MERmukhanov
малдан айырмашылығымызды білдіру үшін іщіп жүр ғой!
MamaAya
 хотя бы большая круска деш)
MERmukhanov
Айымды минустаған қайсың?((((
Уаз патриот сен бәәә?
MamaAya
кті қышыған біреу ғой)))) маленькая кружкаға шамасы келмей жүрген, пох, минустасын)))) Өзіндей минус қылғысы келет тә
Ispek92
Уаз патриот
MamaAya
Ваз может?))) приорасы бар шығар)))))
MERmukhanov
бәрі керекте отыр қазыр ))
MamaAya
пох қой) солай ләззат алсын бұзба, бұзба))