Қандай сайтты қалар едіңіз?
ҚазНетте бір-бірінен тек тақырыбен ғана ажыратылатын сайттар көбейіп кетті. Бұл жақсы да шығар. Өз басым, жалықтым. Бұларды «жоба» деп атауға келмес, өте баяу дамиды, табыс та әкелмейді. Қанша жерден мықты жүйе болғанмен сайтың жайлы админдер қайсың ауыз толтырып айта аласың? Орташа сапа, орташа талап, орташа өмір — ешқашан прогресске әкелмес. Жаман да болсын, бәлкім, өзіміздің «ориджинал» жобамызды жазамыз???
Сонымен, сіздің қалауыңыздағы сайт қандай болуы мүмкін еді??
Қиял, тілектер жаудыра берулеріңізге рұқсат!
«Алдыңа бір пост қойдық, пернетақта бос қойдық»))
P.S: Жазба өте жылдам жазылды. Артық кетсем, айып етпең. Кейін бір сүзіп шығармын.
Upd: Жазбадағы мақсат Қазнет сайттарын даттау емес, жалпы, шығып жатқан жаңа сайттарға пікірім және өзге қолданушылардың қалауын білу ғана.

Неғо, Ерлан інім, негізі смартдев сайтыңның темасы не?
сен ондай болма
жаңа жоба бастаған кездегі мақсатың қандай? таза энтузиастық оймен халыққа пайдалы бір нәрсе жасау ма? әлде бір бағыттағы тематикалық сайт арқылы сол тақырыпқа қызығатын орта қалыптастыру ма? сайт арқылы танымал болып, жеке эгоны қанағаттандыру ма? мемлекеттен немесе бір қордан бөлінетін үлкен ақшаны игеріп, есеп үшін жасалатын сайт па? әлде үлкен статистикалы сайт жасап, монетизация жасап, жарнамадан ақша табу ма?
мақсатыңды білсек ойымызды айтайық. асығыс жазылған постыңа, жеткізе алмаған ойыңа қарап бастайтын нәрсеңе қазірден күмәнмен қарап отырмын.
— Жобаны аз қаражатпен де бастауға болады, бәлкім, кейін мемлекет тарапынан қаржыландырылса дұрысырақ болар. Бізде миллиондап ақша бөледі, бірақ, олар қазіргі күнде өліп жатыр. Жауапты кісілер жаны ашымай ма, қолынан келмей ме, жалпы, өте өкінішті жағдай.
— Жарнамадан ақша табу емес. Мақсат ол емес, бірақ, ықтималдық бар.
— Танымал болу, Жеке эгоны қанағаттандыру емес