Біз де жас болғанбыз демекші, 80-жылдардың соңы, 90-жылдардың басы кезінде өліп-талып тыңдаған хиттарымызды ұсынып отырмын, әрине, бұл тізімге бәрі кірмеді, кезінде жеке өзіме ұнағандары ғана, қазір қарап отырсам, "әлжуаз романтиканың" табы бар секілді…
Ауылға Алматыдан үлкен бобинадағы лентамен әкеген болатынмын осы әндерді, ұмытпасам, 1991 жылы, клубта комета-212 деген магнитофон болатын, стерео, сол жазда, крутой жігіт саналдық Қазір еске түссе күлемін.
Сол кездері бір өте қызық уақыт болатын, шетелдік музыканы телебезірден жаңа-жаңа көрсете бастады (1986 жылы Петерс-поп-шоу), сосын «Взгляд» бағдарламасында, «утренняя почта», Қазақстан каналында "Қөтеріңкі көңіл-күй" деген бағдарламаның ең соңғы әні шетелдік болатын, соны күтетінбіз, ал шетелдік музыканың еш шектеусіз айналымға шыққан жылы 90-шы жылдардың басында Алматыда, студент кезімізде болды, Радиомаксимум, тотем деген радио каналдары пайда болды, ТВда ТАң, тотем шықты сол кезде, не көрсетсе, соған мәз болатынбыз, талғамның, солай деуге келсе, жан-жақты болуы содан шығар
14 пікір