Бет-әлпеті қазаққа ұқсайтын ТВ жүргізушісіне Астанада жақсы жұмыс және пәтер берілмеді

— Туған жерімде танымал тұлға едім. ТВ жүргізушілігінен бөлек концерт, шығармашылық кештерді де жүргіздім. Достарым «Астанаға баруың керек. Ол жақта саған жақсы жұмыс, пәтер де беріледі» дегесін, сол сөздерге сеніп келген едім. Мүлдем олай болмады. Тіпті ең болмаса СТВ арнасына да кіре алмадым , тұрып жатқан жерім қала сыртындағы Лесная поляна ауданы. Пәтерақымды төлей алмай жатқасын қожайын да қуып жатыр. Ауылға қайтатын шығармын, — деп бастаған Әсет бір жылап алды.
Журналистер ұсынған газсыз 0,5 Тассайдан бір ұрттаған Әсет Хайнрих баспасөз мәслихатын қайта жалғастырды.
— Жалпы мен туғаннан сәтсіз адаммын. Туған күнім де оңып тұрған жоқ — 29 ақпан. Отбасымызда 4 ағайынбыз. Жалғыз мен ғана азиат типтеспін, қалған бауырларым сары. Атымды да қазақша Әсет деп қойыпты. Мүмкін Астанада назар аударып, жаңалықтарға түсермін деп мұсылмандықты да қабылдадым. Ешкім байқамады да. Жұрт мені қазақ деп ойлайды. Менің түсінгенім бұл елде өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді жетік меңгерулері жеткілікті емес, бұл жерде сәттілік факторы да бар, — деп сөздерін аяқтаған Әсет №27 автобусқа секіріп мінді.
27 пікір