Сергей Ирокез: Несиеден жылдам құтылудың 5 жолы
«Несиеге ақша алу қақаған аязда бұтыңа сиіп қою сияқты. Алғашқы минуттарда әжептәуір жылынып қаласың.» ©
НаеБанк қызметкерлерінің әзілі
Біз банктан ақша аларда көбіне НЕСИЕНІҢ ПҰЛЫН ТӨЛЕУ КЕРЕК екендігіне аса мән бермейміз! Айма-ай, тұрақты, тіпті алар айлығымыздан да тұрақты төлеу керек болады.
Мен ұсынғалы жатқан несиеден құтылудың 5 жолында еш сиқыр жоқ, дегенмен нәтижелі. Алғашқы үш шартын орындасаңыз, несиеңіздің бітпес жырға айналып кетпейтіндігіне 99,9% кепілдік бар, яғни сенімділігі жағынан Google-мен тең. Кеттік!
1. Дәстүрлі жол
Егер сіз жалданған жұмысшы болсаңыз (үкіметке не басқа біреудің мекемесіне қызмет етсеңіз), онда айлықты белгіленген күні алуға үйренгенсіз (мыс., демалыс күндері мен мерекелерді есептемегенде әр айдың 10-на не 15-не, ). Әлбетте, бұл сіз үшін қалыпты жағдай, ал айлығыңызды уақытылы беру мекемеңіздің қасиетті борышы деп ойлайсыз. Сондықтан, бір қарапайым ережені көкейіңізге түйіп алғаныңыз дұрыс – кредитті уақытылы емес, белгіленген күннен 5 күн бұрын (1 жұмыс аптасына ерте) төлеңіз. Ең бірінші төлеміңізден бастап етіңізді Несие деген кісімен бір купеде ұзақ жол жүруге үйрете беріңіз. Сол себепті, сенімді қарым қатынас + жауапкершілік пен тиянақтылық қаржылық есен-саулығыңыздың кепілі болады.
2. Кері дәлелдеу
Іс жүзінде – көбіміз өз мұқтаждықтарымызды кірісімізге қарай реттеп отырамыз. Кіріс көбейген екен — шығындарымыз дереу өседі, кіріс азайды — шығын да азаяды, бірақ қиындықсыз емес (тәбетін тыю бәріне ұнай қоймас). Қаржы әлемінде 10% деген ұғым бар. Дәлірегі бұлжымас ереже, күнделікті нанымыз мен шайымызға тапқан табысымыздың 90% жетіп артылады. Сондықтан, қалған 10% «матрастың астына» тыққан дұрыс, немесе ай сайынғы несие төлемін 10%-ға көбейту. Байқасаңыз, несие төлеміің 10-пайызға көбеюі сіздің айлығыңыздың 10%-нан аз болады, демек үстінен тағы артылады (сол артылған ақшаны «матрастың астына» салуға болады.
3. Барлығын майданға сал!
Кейде табан астында қалтаңызға қомақты ақша түсіп қалып жатады ( біреудің «алғысын алдыңыз», шабашкі жасап артықтау ақша көтердіңіз, ұтып алдыңыз немесе т.б). Оны дереу өзіңізге жаратқыңыз келіп кетеді (бір ақ рет өмір сүреміз ғой!). Құп делік, егер сізге тап соған зәру боп тұрсаңыз (оны алмасам, бітті өлем!), онда шығындануыңызға болады. 90 пайызын. Ал қалған 10%-ын несиеңіздің келесі жарнасын төлеуге сақтап қойыңыз. Бұл ақшаны міндетті түрде төлеміңіздің сомасына қосып қойыңыз. Уақ-түйек болсада, көңіл жұбанышы ғой. Ал осындай жоспарланған уақ-түйектердің тізбегі айналып келгенде үлкен табыстың кепілі. Осылайша сіз кем дегенде 1 айдың жарнасын еш қиындықсыз қысқартып тастауыңызға болады.
4. Нашақорлық туа бітпейді
Темекі шегуді, арақ ішуді, тамырға есірткі егуді қою үшін — құдайдың бір сәтті күні жай ғана оны шегуді, ішуді, тамырға егуді тоқтату керек. Тым қатыгез шара ма? Тіпті де. Несиенің бұған қатысы не? Қызығы сол, несиені бір рет алдыңыз ба, енді ешқандай қарыз ақша алмаңыз. Ол бітпейтін шырғалаң шеңбер. Иә, осынша қарапайым бола тұра супернәтижелі шешім. Қарызға келгенде удың зәрін у қайтармайды, керісінше күшейтеді. Әйтпесе, «біреудің қымбат ақшасына» зәру болмас едіңіз.
5. Төтенше шаралар
Жоғарыда айтылған барлық ескерту-құлаққағыс-айла-тәсілдің ешбірін аман-есен елемедіңіз делік. Несиені төлеу уақытын асып кеткен + мойыныңызда бір емес, бірнеше несиені байлап алдыңыз (сараңдықтың адамды қарызға әлгі жеріне дейін батыратынын өзіңіз білесіз) + коллекторлар телефон соғып, "өте сыпайы" түрде қарызды дереу қайтаруыңызды талап етті. Не істейміз?
КОНСОЛИДАЦИЯ. Бұл сиқырлы сөз сізге мойыныңыздағы бірнеше орта көлемді қарызыңызды бір үлкен, бірақ өміріңізге аса қауіпті емес қарызға айырбастауға мүмкіндік береді. Қарыздар консолидациясы дегеніміз — банктың қарыздарыңызды (әртүрлі банк-мекемелеріндегі шашыраған несиелеріңізді ) сатып алып, оны бір үлкен қарызға біріктіріп, өз қанатына алуы + несие төлеу мерзімін ұзартады (соның есебінен несиені қайтарудың айлық жарнасы біршама азаяды). Бұнда несиенің жалпы сомасы қорыта келгенде қымбатқа түседі, бірақ есесіне сіз банкротқа отырып, жауапқа тартылмайсыз.
Қорытынды жасайық: 1, 2, 3 және 5 -жолдар «ол үшін не істеуім керек…» санатынан. Ал 4- ші жол «не істемеген жөн?» дегенге жауап. Аса «ақылды» оқырман «бұны өзіміз де білетін едік ғой…» деуі мүмкі. Жауап: «ЕГЕР СІЗ ОСЫНЫ «БІЛІП» ҒАНА ҚОЙМАЙ, ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАНСАҢЫЗ, ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРАҒА КІРМЕС ЕДІҢІЗ».
«Несие туралы бар шындық. Несие экспертінің ең үздік кеңестері» кітабынан үзінді
Түпнұсқа: www.creditaura.md/
Үшінші көмек, частичное погашение түрін пайдаланып, оқтын оқтын несиенің қомақты бөлігін жауып тастап отыру. Сонда төлер ақшаңыз азаяды.
Жылдық пайыз дегенің наебанктардың наебтірліктерінің басты қаруы.
Айталық, 1,5 млн ақшаны үш жылға алғыңыз келіп 12 пайыз жылдық ставкамен, ең азы ғой деп Хуйлян Банкқа жүгіресіз. Авотхуй! Комиссиясы мен эффективті ставкасы 40 пайыздан асып жығылады да, айына 74 мың бір бәле ақша төлейсіз.
Хуита НаеБанкі тіпті 19 пайыз қояды екен деп шошуыңыз мүмкін, ал бірақ айлық графикті қарасаңыз Хуита Наебанкіне 56 мың бересіз. Бұл бір қой көп. Бірақ 74 мыңнан аз. Алатыныңыз бір ақша.
— Балам, бұл домбыра екі мың дедім бітті, мен ораза ұстап жүрген адаммын, саудаласпайм!-
— "Қайтармасақ та бола ма?";
— «Намазды осында келіп оқу керек пе?»;
— «Садақа ретінде бересіңдер ме?».
Білә,40-50-дегі мұжықтардың сөзі дейд