Үкіметтен көлік ал!

Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау отандық көлік сатып алу үшін несие алғысы келетіндерге қолдау көрсету үшін үкімет тарапынан субсидия бөлу туралы ұсыныс айтыпты.

Блог - dark_nazgul: Үкіметтен көлік ал!

Өткен аптада Үкіметтің және отандық автокөлік өндірушілері арасында осы бағдарламаны талқылауға арналған жиналыс өтіпті. Ол туралы бүгін Қазақстан автобизнес ассоциациясы таратқан пресс-релизде айтылды.

Субсидия беру механизмі жасалып қойыпты. Субсидия тұтынушыға несие рәсімделгеннен кейін беріледі. Яғни, 15 пайызбен несие алса, оның 7 пайызын үкімет төлейді де, 8 пайыз автокөлік сатып алған адамның өз қалтасынан шығады. Мемлекет ай сайын пайыздық мөлшерлемедегі айырманы банкке тікелей төлем жасау арқылы жауып отырады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласқанымда, бұл әлі тек талқылау барысындағы жоба екенін, қай кезде іске қосылатынын білмейтіндерін айтты.

Бұл бағдарлама бойынша Қазақстан аумағында шығарылып жатқан, келесі жылы іске қосылатын өндірістердегі автокөліктерді сатып алуға болады екен. Яғни, SsangYong, Kia, енді шығарыла бастайтын Toyota Fortuner, тағы қандай маркалар бар, бәріне жүреді екен.

Қосымша ақпарат берген адамнан «бұл бағдарламаны барлық банктер қолдай ма? Қарсылық білдіріп, тыс қалатындар болмай ма?» деп сұрағанымда, «жоқ, біздің ойымызша, банктер бұған мүдделі» деген жауап алдым.

Сонымен, енді тек күту ғана қалды.

Бағдарламаның мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау, бірақ түптеп келгенде, пайдасын тұтынушылар көреді деп отыр.
Бөлісу:

74 пікір

asaubota
aikarakoz Құдай немесе Үкімет сенің тілегіңді орындайтын сияқты. ақша жина
aikarakoz
Мяяя, мынау керемет жаңалық болды! Өткенде көлік ала алмай қалғаным да жақсы болған екен  А мен жылап жүрсем
saken
біздің елде шығатын көліктердің ішінде бюджеттік деп есептеуге келетіні қайсысы деп ойлайсыздар?
Ottegin
Ресейдің тазпромаының үлгілері (нива) сосын жопарожец (ЗАЗ Шанс)
konvict
Біздің Алур Авто, Астана Моторстың сатып жатқан көліктерін несиеге алу туралы қарастырып көрген едім. Сөйтсем, 3 миллионның машинасын алу үшін соңында 7 миллион теңге төлейсің. Оның өзінде 7 жылға беріледі. Әрі ай сайын 65 мың теңгенің көлемінде несие. Ал 2 жылға алсаң, 160 мың теңге айына. Очм, былай келгенде амортизациялық құнын да ақтамайын деп тұр. Жеті жылдан кейін ол көліктің құны түсіп кетеді ғой. Бәлкім, Каспий банк лох қылғысы келеді екен. (Ербол Азанбек ренжімеңіз ) Жаңа жоба бұдан қаншалықты айырмашылық болады екен? Соны білгім келіп барады.

Алда-жалда айына 30-40 мың төлеп, ақыр соңында қосымша төленетін ақша 1 миллионнан аспаса алатын едім ойланбай
dark_nazgul
грубо есептгенеде, сен үш миллионның үстінен төлейтін төрт миллионыңның жартысын мемлекет төлейтін болып тұр ғой.
Ottegin
Мемлекет төлегеннің өзінде үш миллионның мәшінін бес миллионға сатып тұр емес пе? Ал мамлекеттікі: Дарға асып атқан адамға «Мына арқан сенікінен жұмсақтау» деген секілді екен
dark_nazgul
Қайтесің енді? Үш миллионың болмаса, көретін күнің осы.
Ottegin
20 мың долдыр, былай қарасаң көп емес секілді, бірақ жеті жыл бойы 65 мың теңгеден ай сайын төлеп тұру деген… Жо-жоқ… Керек емес, дұрысы «көрпеңе қарай көсіл» немесе б/у мәшін алған. Өз басым, кредит дегенді суқаным сүймейді, зат қана алмайсың, қарызға өмір сүріватқан секілді сезінем.
Daniar-Alan
Дарға асып атқан адамға «Мына арқан сенікінен жұмсақтау» деген секілді екен
мін теңеу
Ispek92
Осы жерде бір сұрақ туындап отыр, отандық өндірушілерді қолдап отырсада, қалай пайда түсіреді мемлекет?
dark_nazgul
саспасай))) түсіреді)))
Ispek92
Мен бұғалдыр боп жұмыс істеп жатсамда, осы жерінен мемлекеттің пайда табу жолын таба алмай отырмын, болмаса мемлекет бір рет болса да пайда таппай-ақ қоялық деді ма екен?
kokbori
Үкіметтің көретін пайдасы сол, біріншіден машина өндірісі дамиды, себебі субсидия тек отандық көліктерге ғана беріледі емес пе? Салық көлемі де арта түседі, ақша айналымы сыртқа кетпей, мемлекет ішінде жүреді. Сәйкесінше азаматтар да бақуаты арта түседі деген сенім болар
Aldeken
Жалпы, Идеяттың баласы, осы соңғы уақыттарда атыңа затың сай болып, өсетін баланың сөзін сөйлейтін бопсың, мадис…
kokbori
Жолдасың соқыр болса бір көзіңді қысып жүр
Daniar-Alan
 мен алам қыста немесе көктемде!
Ottegin
кеше ғана бір інішек, қатты жаңбырда кредитке алған мәшінін аударып алып, жөндетуге ақшасы бомай, құр сүлдері жүр, жүйкесін қажап кетті.
Ispek92
Осыдан шығатын қорытынды, ол жігіттің жолы болды демекшісіз ба?
Ottegin
Кредитке алмағаны дұрыс еді, қирап жатқан мәшін үшін кредит төлегені қинап жүр оны (кредитті алған өзім, кінә өзімде деп отыр), соны айтыватрм
Ispek92
Пы.сы: Cut қойылмапты, байқамай көріп қойдым
dark_nazgul
тссс. админге айтып қойма. ұрсады.
asaubota
админге жеткізбей өздерің қолмен түзете салмайсыңдар ма адамды мазалай бермей?!
dark_nazgul
Қолмен түзете салдық қой, сіздің мазаңызды алмай.
Adiletshu
Арзандауын болса да наличкаға ала салмайсыңдар ма
toha9566
Меніңше сол дұрыс сияқты. Несие дегенді суқаным сүймейді
Marco
Хундай мен Кианың Қазақстанда жиналып жатқан көліктері жаман емес сияқты. Әрине, төрт деңгейлі автомат сияқты, автоәуесқойларға қолайсыз кемшіліктері бар. Бірақ премиум класстарын алсаң жаман емес. Қиыны бағасы. Өзімізде жиналғасын, отандық өнімді қолдауға бет бұрғасын, машиналардың бағасын арзандатса жақсы болар еді. Сонда сұраныс та көбейер еді. Қазірдің өзінде олар сұранысты толық қамтамасыз етіп отырған жоқ. Ал енді елестетіңіз, мемлекет осы машиналарды алу үшін халыққа дотация берді, сұраныс артты, зауыттар қазіргіден көбейіп, қуаты артып, жұмыс орындары ашылды. Ең болмаса бағасының 30-40 пайызына дотация берсе, тамаша болар еді. Бірақ оған қайдаааа.

Бір жылдай бұрын осылай жазыппын. Толығырақ мына жерде
Marco
Әрине несиеге алуға болады. Бірақ автонесие ең кем дегенде 12-17 пайызбен беріледі. Орта есеппен бірінші автомобильді бес жылға 14 пайызбен, алғашқы отыз пайызын төлеп несеге алсаңыз шамамен 70 мың теңгеден төлейсіз. Тәбет бар ма әлі?
Сосын бүйдеппін
Aldeken
Опшым, не ғо, мәселенің анық-қанығы мынада.
1. Әзірге бұл бағдарламаның операторлары есебінде «Цесна», «Каспи», «Евзразийский» банктері аталып отыр, демек, кез-келген банк арқылы рәсімдеуге болады дегені далбасалау секілді, дегенмен, бағдарлама ашылған кезде көрерміз.
2. Бұл бағдарламамен Қазақстанда шығарылған кез-келген көлікті ала қоюыңыз да күмәнді. Бұл бағдарлама бойынша сатылатын көліктің құны 4 000 000 теңгеден аспауы қажет деген шектеу қою жоспарлануда. (эххх, Киа Оптима… )
3. Арқаны кеңге салмай, бағдарлама бойынша алам деушілер қазірден ақша жиғаны дұрыс. Бағдарлама жарты жыл, әрі кетсе, 1 жыл ғана мерзімге арналған. Уоооот…
4. Ең маңыздысы. Бұл әлі ұсыныс қана. Қабылдана ма, қабылданбай ма, оны ешкім білмейді.

Пы.сы. Кеше ақыры машина алып бердім, келіншекке… Енді, ол үйренгенше, қызығын мен көремін ғо, деген мысық тілеумен…
Daniar-Alan
Кеше ақыры машина алып бердім, келіншекке…
 ооо астында тозсын. Бурабайға сомен барам деңзЧ
Aldeken
бұйырса, амиго…
dark_nazgul
е бәсе. в теме адам біледі ғой.
AKY
Кеше ақыры машина алып бердім, келіншекке…
сізге ғашық боқалдым даЧы
saken
Бағасына 4 000 000нан аспау керек деген шектеу қойылар болса,Toyota Fortunerдің кузовында ала алмайтын болдық қой ((
omarbirat
Литражы аз машиналарды өткізу үшін жасалып отырған нәрсе шығар. Ондай машина алатындар кредитсіз-ақ сатып алады
aikarakoz
Вай, Алдеке  Көлік құтты болсын! Сіздей жігіттер неге пәшкі-пәшкі болмайды өзі
Nurgisa
Кім айтты Алдекең пәшкі-пәшкі емес деп??   
sigma
млионжарымнан қойса үкемтке қаратпай ақ қолдап кетер едік.
kariim
қарызға берсе алуға болады, ал енді кредитке алып қораға кірер жайым жоқ.
satibaldi
Армандапсың Әл Хилал Банкті, Йеменге кет, түйе сатывалып
dark_nazgul
Тек сіздің бір ауыз пікіріңіз үшін ғана күнде бір пост жазуға дайынмын!
patick
Зашем кредит, егер салондардың өздері пайызсыз несиеге үлестіріп жатса?
dark_nazgul
Олардың страховкасы өзінен қымбат қо.
Bruno
ҚАРАҚТАРЫМ АУ ҮКІМЕТ ТЕ БАНКТЕРДЕ ЖЕЛІНБЕЙДІ НИКОГДА
temir1986
Әзиз Несиннің тракторын оқығаннан біздегі машина шығаруға артымды ашып күлгім келеді.
AKY
Көліктен гөрі тұрғын-жай мәселесі қажытып тұрған жайы бар
Daniar-Alan
вагон сатып ал
edige
Вагон сатылады… Шаңырақта 3 жанұяны баспаналы етіп жіберген…
Жекеге жазсын…
AKY
өте-мөте үшкірумно)
omarbirat
Меніңше, дұрыс бағдарлама. Арзан машиналарға берілетіні, әсіресе. Ақшасынан тез құтыласың. Әйтпесе джипті кім мінгісі келмейді, қызды кім айттырмайды
Жалпы, кредитті алған кезде:
— алғың келетін көліктің құнының кемінде жартысы;
— көлікті алғаннан кейін қалтаңда кемінде 100-150 мың теңгедей жүргені дұрыс, меніңше. Бәлкім, бәленбай жыл стажы бар шопыр шығарсың, бірақ қай жерден қандай түлен түртетінін қойың да біле алмауы мүмкін
Көлікті алған кезде оған қоса тағы бір керек-жарақтарды қосымша алуға міндеттеуі мүмкін. Бағалары жазылған бір тізім береді. Алғың келетін заттардың бағалары ұсынған сомаларына тура келмейді. Жеткізбей алуға болмайды, асып кетсе, оған сол жерде өзің төлейсің
omarbirat
Бұл несиеге көлік алуға қатысты.
19852407
В чем подвох интересно…
satibaldi
Подвох в том, что это еще проект, причем даже не распечатанные, до сих пор только в устах да в головах
Соңғы түзету:
Nurgisa
Однозначно переиграют, к бабке не ходи, в сторону диктующих условия банков…
19852407
Соңғы түзету:
mercedes
Нобый Қазақстанның құрастырылған темірлерінен, Ресейдің машиналарынан, Өзбектің нексиясынан гөрі б\у Мерседес алыңдар одан да. Мерседеске жетпейді б\у болсада.
ken
не болды, яндекске кіре алдың ба?
mercedes
жоқ кіре алмадым ақыры
omarbirat
Ондай машиналарға оңайлықпен кредит бермейді ғой. Оның үстіне, қазір салоннан алынғаннан басқа машиналар шаршап жатыр.
omarbirat
Салоннан алынғандарының да шаршап жатқандары бар.
xsanatos
рио алғам, салоннан алғанның проблемасы көп екен. страховкасына 70 мың керек. сигналка қою үшін тағы сексен. арзандау жерге қойдыра алмайсың, өйтсең гарантиясын жоғалтасың.
Janasil
Жаңа да ескі ресейдің Ладасын кредитке алғаннан жақсы ғой.
asaubota
тағы бір баннер пайда болды, қарап көріңдер жақсы мүмкіндік па екен машина алуға
omarbirat
Бағалары қымбаттау екен. Механикасының өзі 3 млн-нан асып кетеді
Мынаның қасында MG алған дұрысырақ болатын шығар. Олар әдемірек келеді.
neoman
Пайызсыз несиеге (рассрочка) алуға болады ғой. Страховка деп үстіне қосатыны Каспи Банкте 5% қана ғой жылына, қателеспесем. Өте тиімді деп алып жатқандарды көріп ем. Салыстырып, санап көргендер бар ма пайыздарын?
a63a1
Мен кредитке алам деп жүріп, ақыры алмадым. Қолда бар тиынға W210 ала салдым, жаңа киа миа шефролелеріңнен жақсы
dark_nazgul
Әлі талқылаватсыңдар ма? Рафаэллоның атынан жаза салуым керек еді.