Грант! Грант! Грант!

Менде бір керемет сюжет бар...: Грант! Грант! Грант!

Ұлы қолбасшы Улисс Гранттың мүрдесі қабірінде жылына екі рет аунайды: бір рет — туған күні — 27 сәуірде Ұлттық Мемориалдық Мұражайда еске алынғанда; екінші рет — қаззақтар тамыз айының басында грантқа түскендердің тізімін іздегенде.

Соңғы мағлұматтар бойынша, грантқа түскендердің тізімі еш жерде жоқ дейді. Дегенмен, тығырықтан шығатын бір жол бар сияқты.

Менің аз-мұз бал ашатын қасиетім барлығыңызға мәлім. Бірінші, екінші дүниежүзілік соғыстарды, Кеннедидің өлімін, адамның Айға қонғанын айы-күніне дейін дәл болжағанымды барлығыңыз білесіздер. Иә, иә, менің аталмыш оқиғалардан кем дегенде 30 жыл кейін туғаным сендерді аз-мұз күмілжітіп отыр. Бірақ кеш туғаныма мен кінәлі емеспін ғой?

Сонымен, бүгін Нострадамустың әруағы есі дұрыс құты таба алмай, маған қонған сияқты. Грантқа түскендеріңді 0,6 коэффициентке дейінгі дәлдікпен болжап беремін. Ықтималдық теориядан хабары барлар бұл айтарлықтай дәлдік екенін шырамытып отыр. Жауаптар сол жақ иығымда міңгірлеп отырған Нострадамустың стилінде — катрэндермен беріледі. Сіз керек адамның аты-жөнін осы жерге жазыңыз.
Бөлісу:

53 пікір

Daniar-Alan
Сіз керек адамның аты-жөнін осы жерге жазыңыз.

Төремұратов Мықи Тұрсынбайұлы
satibaldi
Қазір… Қазір… Әлгеее біздееең сары қыыыз, Бәріне де-еу дәрі қыыыыз! Әлгі біздееең Ескелді, Ұзақ күнде-ау бес келді… Әлгі біздің сары қыз, әлгі біздің сары қыз…
satibaldi
Төремұратов Мықи Тұрсынбайұлы
Катрэн № 551:7
Жүздері балбұл жанған грантшыларға,
Үш жыл алға барып үн қаттым.
«Мықи» дедім тобырға,
Ешкім бұрылып қарамады(((
Соңғы түзету:
toha9566
шамасы шатасып кеттің ау дим я
satibaldi
Сен жоқ екенсің грант алғандар арасында.
satibaldi
Сұраңдар, оу жама'ат, сұраңдар!!!
Ottegin
Сатеке, білім министрлігінің білім базасын сындырып кеткен емессіз бе?
satibaldi
Сұра, бауырым, сұра сен!!!
Janasil
Байжан Сымбат

Ал Сәке қарап жіберіңіз.
satibaldi
Катрэн № 551:8
Қыз баланың тегінен қата кетіп,
Веззевул шатастырып тұрмаса,
Тегі деп отырғаның әке аты,
Атасы болса айталық — Жұмабек — Түсті деп бауырым қуана бер.
Технология дейді маған елестер.
Соңғы түзету:
toha9566
немене көріпкелдік қонған ба саған))))))
satibaldi
Басқа қонатын оңған адам болмаса не істейд енді бейшара әруақтар.
toha9566
енді осы жолды ұстайсың ба әлде иман иван ба?
Janasil
Рахмет! Осы екен!!!
Janasil
Басқа ақпар жоқ па? Қаласы? Оқу орны?
satibaldi
Катрэн № 551:10

Дерегі аз аспанның бұл жөнінен,
Тұмшалап тұр Құдайлар
Ақиқаттың айнасын.
Сығалап жүріп көргенім:
Өңдеуші екен білгенім.
Қаласы мен елінен дерек жоқ.
Жекекодта 3033 деген фрагмент бар.
Болғаны осы: Олимптегі бұтақбастар,
Құрбандық шалмадың деп кекірейіп.
Janasil
Құдайларыңызғы менен бір қой!!!
MERmukhanov
мына актерди калай умыттындар?
toha9566
түрі таныс қой мына жүгермектің
Zhany
Мекей Жайнаган қарап жіберсеңiз
satibaldi
Қазір… О, Аспааан!!!..
satibaldi
Катрэн № 551:9
Сирек есім екен, тек екен,
Болжап қарағаным да текке екен:
Асыр салған кісілер арасында
Мұндай кісі жоқ екен(((
toha9566
мөлдір амангелдиева
көріп жіберш сатеке
satibaldi
Катрэн № 551:11
Герцог Валуаны оба жығып,
Бара жатқам еміне үйден шығып,
Бұл кісіңді жолай қарай кеттім:
Жүрмесін дейді тағдыр, босқа күтіп…
Соңғы түзету:
Marco
Сапар Ақберді Дәуренбекұлы
Marco
Сатеке трансқа кіріп кеттің бе? Қайдасың?
toha9566
сатекең жалықты ау дим
satibaldi
Катрэн № 551:10
Мыс шылапшын су толы шайқалады,
Бұлыңғыр келер шақ байқалады:
Дәуренбектен ұл мен қыз біраз екен,
Әттегені — Ақбердісі байқалмады…
Соңғы түзету:
lady95
КАБЖАНОВА ГУЛЬЖАН АРДАККЫЗЫ
satibaldi
Катрэн № 551:12
Карталар күйсіз түсті
Бұл есімді сұрағанда.
Естілмейді мұндай есім
Келер шақтай антұрғанда.
AKY
Айтуғанқызы Айгүл
satibaldi
Катрэн № 551:13
Тіздім кеп Айтуғанның қыздарын,
Шыққаны — екі Гүлмира мен бір Шынар.
Айгүл деген ішінен табылмады.
… Мыс шылапшын, тастаймын сені, антұрған!
saltanat23
Жұбандық Ақтоты
satibaldi
Катрэн № 551:14

Сынапты шығын қылып,
Болашақтың айнасын қырнадым.
Дұшман қызы отыр екен
Қолында — төл әдебиет.
008 — не басында, не аяғында.
Соңғы түзету:
saltanat23
Дәл өзі  Рахмет!
Ispek92
Төлепберген Заманбек
satibaldi
Катрэн № 551:15
Әттең Дина болғанда…
Бірақ Дина да жоқ…
AKY
Қалитова Сомалтын
satibaldi
Катрэн № 551:15
Сирек есім? Жоға бар екен алтауы;
Тегі де сирек емес: үш-төртеу.
Бірақ осы комбинация жоқтың қасы.
Герцог Валуа жазылып келе жатыр.
Соңғы түзету:
Ispek92
Төлепберген Заманбек брат қарап жібер аруақтар не деп жатыр?
saltanat23
Өтініш: Жұбандық Ақтотының қандай оқу орынына түскендігі туралы айтып жіберсеңіз…
satibaldi
Катрэн № 551:16
Болашағы арудың
Қостанайдың оңтүстігі,
Ақтөбенің солтүстігі.
Болған екен кезінде аймақ өз алдына.
Есігінің алдынан
Шоқша сақал кісі қарап тұр.
Герцог Валуа араққа салынып кетті.
Соңғы түзету:
izbasar
К.т.бар Ұлтабар.сакпавыч ТЖК- 817012105 тандау пан биология.Отиниш корип бепинизши.
satibaldi
Катрэн № 551:16

Жазбаңыз сауатыңнан хабар берсе,
Шамаңның білерсің әуселесін
Көрінбейді тұманнан мұндай есім,
Нөмірің де батып кеткен тұңғиыққа.
Айтпақшы інім, шамалы сынап бар ма?
Айнасы тозып қалды шылапшынның.
Соңғы түзету:
izbasar
Баріміз жеті атадан жалғызбыз, атымнан ұялып тұрмын)))))