Менің балалық шағымдағы Айт мерекесі

Бала кезімізде ауылда «айттық-айттық» деп әр үйге бас сұғып шығушы едік. Үлкендер 1 теңге, 2 теңгеден (қазіргі 100 теңгемен бірдей), ол болмаса тәтті-тақасын беріп шығарып салатын. Жантай деген сотқарлау бала болушы еді. Бірде балалар ауыл үлкендерінің бәрін тауысып келе жатса, алдарынан бір апа шыға келіпті. Балаларды көре қалған апа бір-екі теңгесін аяп, айттықты балаларды бұрын сұрап «Айттық» деп қалыпты, сөйтсе апаның қылығына ашуы келген Жантай «Кө..ң айыртық» депті де жүре беріпті… Сондай қызықтар болып тұратын. Қазір өйтіп айтшылау жоқ екен ауылда. Сағынамын сол күндерді…  
ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ДОСТАР
Бөлісу:

6 пікір

Arys_arlany
Айть құтты болсын
AKA
Қай тілде жазылған, түк түсінбедім.
үлкендерінің бәрін тауысып, қылығыну, айтшылау
Бір абзац боларлық мәтінді қатесіз тексеріп жазған дұрыс. Рахмет!
satibaldi
Қазақ тілін шырамыттым
burkitshi
қылығыну
сөзіндегі техникалық қатем үшін кешірім өтінемін, түзеттім. Ал енді «тауысу», «айтшылау» сөзін түсінуге қазақшаңыз жетпесе бізде не шара?! Біздің жақта айт кезінде қыдыруды, «айтшылау», «айттау» деп айта береді. Тауысып дегенім, ауылдағы екі жүз үйдің бәрін аралап шығып, айттық сұрайтын адам таба алмай келе жатыр дегенім ғой
AKA
Осылай жалпақ тілде жазғаныңызда дұрыс болушы еді, өзіңіздің жақпен жазғаннан.
burkitshi
өзімнің жағым бүкіл Қазақстан не істеймін енді, бірақ сыныңызды есекере жүрейік
Соңғы түзету: