Нағыз еркек
Ви́нсент Пи́тер «Ви́нни» Джонс — Уотфордтың тумасы. Жасы қазір 48-де.
Ағылшын футболшысы, бірақ Уэльс құрамасында өнер көрсеткен. Көбіңіз, әрине, оны футбол матчтарынан емес, көгілдір экрандағы фильмдерден көрдіңіздер.
Маған оның кинодағы рөлі жасыл алаңдағысынан аса өзгере қоймаған секілді көрінеді. Қай киносын қарамасам да не аз сөйлейтін, не мүлдем сөйлемейтін қанішер және қатігез кісі өлтірушіні сомдап жүреді.
Бала кезінде тәуір техника иесі болғанымен, ересек мансабында балташыға көбірек ұқсаттым. Нағыз жауынгер, қаймықпайтын дүлей. Жақындағанын шауып түсіреді. Оның бала кезінде футболмен қош айтысып, кейін қайта оралғанын да айтады білгіштер. Алайда, кейін ол енді
«Жындылар бандасы» деп ат қойылған «Уимболдонның» құрамында Англия кубогін ұтып алған Винни кейін бірқатар ағылшын клубтарында ойнады. Қорғаушы және жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсеткен ол 384 ресми матчта ойнап, 33 гол соқты.
Винни ғұмырында Зиданнан да аз алаңнан қуылған. Бұл да бір парадоксальді нәрсе. 12 рет қызыл қағаз алған оны сынаушылар көп еді. Бірде ол ысқырық шалынып, ойын басталғаннан кейін 3 секундтан соң-ақ сары қағазды еншісіне басты. Әйгілі футболшылар Пол Гаскойнның бұтын, Гари Стивенстің мансабын құртқан да осы жігіт еді. Бірақ кей клубтарында ол мүлдем алаңнан қуылмай, таза да ойнай алатынын көрсетті.
Джонс жанкүйермен төбелесті ;#, көршісін сабады ;ur, рейсте төбелесі үшін тіпті «Virgin Atlantic» әуе компаниясының ұшақтарымен ұшуға тыйым салынды ;r. Сөйтсе де, Уимболдонның жанкүйерлері оны төбелеріне көтеретін. Бускетстер жайлаған қазіргі футболда осындай еркектер керек-ақ боп түр. Оның симмуляция жасаған сәті есімде қалмапты. Нағыз апыр-топыр ағылшын футболының өкілі, олдскул. «Бірде Уимболдонда ойнап жүрген кезімде біздің бір ойыншы қарсыластың ойын алаңында өтірік құлап, симуляция жасады. Мен оған жетіп бардым, шашынан ұстап, көтердім де: «Балам, біз ешқашан бұлай жасамаймыз» дедім. Кейін ол ешқашан сүңгіген жоқ» дейді Джонс.
Атышулы «Футболдың қатал жігіттері» деректі фильмінде алаңда адамды шауып түсіру жөнінде тәлім берген Виннидің репутациясы оған Англия құрамасына ойнауға мүмкіндік берген жоқ. Әлгі фильмдегі әңгімелері үшін айыппұл төлеген Джонс шешесінің тегін пайдаланып, Уэльс құрамасына жол тартты. Тіпті капитан да болып үлгерді.
Гаскойн, Райт, Бергамп, Бекхэм, Скоулз, Гиггз, Каррагер, Невил, Дзола, Хассельбайнктерге алаңда қарсы ойнаған оның түсіру алаңындағы әріптестері Николас Кейдж, Анджелина Джоли, Брэд Питт, Джейсон Стэтхэм, Джон Траволта, Хью Джекман, Хэлли Берри және тағы басқалар болды.
Футболдан кейін ол комментатор да болды, мақалалар жазды, телебағдарлама жүргізді. Рестлинг шоуларына қатысып, ішімдіктерді жарнамалады. Әндетіп, альбом да жазды. Мюзикл театрына да бас сұқты. Бірақ, әрине, негізгі кәсібі актерлік боды. Винни Голливудтың ең есте қаларлық әртістерінің біріне айналды. «Жыл адамы», «Үздік актер» секілді жүлделері бар.
Көбіне атыс-шабыс фильмдерінде ойнайтын Джонс футболға жақын рөлдерді тек бірнеше фильмде сомдады. «Сүйек сындырғыш» фильмінде ол басты рөл — Дэнни Минді (ағылшын құрамасының капитаны, тағдыры ауыр, ойын сатты деп айыпталып, түрмеге отырған ойыншы) ойнады. «Ол қыз — еркек» фильмінде ол бапкердің рөлін, «Еуротурда» «Манчестер Юнайтед» ультрастарының көшбасшысын сомдады.
Қазақстандық «Ликвидатор» фильмінде де оның кісі өлтіріп жүргенін көргенім бар. Онда да ол үндемей, ыммен ғана қоқан-лоққы жасайтын киллердің рөлінде еді.
Оның алаңдағы бейнесі де, экрандағы рөлдері де, әрине, күмәнді. Бірақ ол кинода рөлді ғана сомдаса, алаңда нағыз қайсар әрі өзгеге қорқыныш, әріптестеріне сенімділік сыйлайтын спортшы болды. Осындай кейікерлер болуы тиіс екендігіне сенімдімін. Алаңда атпал күрескер, өмірде де өз дегенін істейтін табысты адам. Нағыз еркек.
Гаскойн осыдан кейін алаңда бар болса да жоқ болыпты деседі