Дүние жүзі алқаштары. Боррачо.
Маскүнемдіктің озық үлгілерінен әрине, испантілді халықтардың кенде болуы мүмкін емес. Мадера мен текиланы былай қойғанда, ешкім біле бермейтін ондаған арақтың түрінің авторлары. Егер Латын Америкасы елдерінің бірінде бола қалсаңыз, боррачо амигоспен кездеспеуіңіз екіталай. Дәл біздердегідей, күй талғамайтын ағеден де ғақылия жандар бордюрлерде, есік алдында отырады, көп жағдайда — сұлап жатады. «Vamos a tomar una copa, amigos?» (қазақша аудармасы емес, локализациясы: «150 граммға қалай қарайсың, бырат?») деп айқайлап жіберсеңіз болғаны — мүрде кенеттен жыбырлай бастайды да, аздан соң тұрып, «Cristo os ha enviado a mí!» («Исаның өзі жіберді сені маған!») деп, қапсыра құшақтай алып, былшыратып сүйіп-сүйіп алып, еріп жүре береді. Бірақ мүмкіндігінше қолыңызда ең болмаса басжазарлықтай шөлмек болғаны жақсы: көп адам текиланың ауруына шыдас бере бермейді, сондықтан, сені аймалап болып, жан тапсыруы да ғажап емес. Ол кезде полициямен істес боп қалуың мүмкін. Ендеше арақ туризміне шыға қалсаңыз, осы жәйтті қаперіңізге шығармаңыз!
Қай жерде жүрсең де, қай қуыста ішсең де жалғызсырама. Дүниенің бір бұрышында жүзі бөлек, жүзграммдық стақандары бір амиголар бар екенін медеу тұтып жүргейсің, пяншік бауырым!
Очм, ішкеннің бәрі бізде ғана ма деп өмірден түңіліп жүрсем, бұл тек білім базымның аздығының салдары екен ғо дегеннен басқа айтар жоқ.
Арқам кеңіп, өмірге басқа жағынан қарауды үйреніп жұрм нақ.