20 минут бұрын әке болдым!!!

Аллаға мадақ! Маған бойдақтық өмірді жазбапты. Кезінде бір ағамыздың: «Осылай ұрық сасып жүре бересің бе, үйленсеңші ертерек!» — деген сөзі қатты тиіп, үйленуге бел байлаған болатынмын. Енді міне, жалғыз әйелімнен 5-ші баланы сүйіп отырмын. Шүкір деймін Аллаға!
Бұл біраз жыл бұрын әлгі әйелім 2-ші баланы туған кезде басталып кетті. Қазіргі қатындарды қорқытып туғызбасаң өздігінен туам демейді екен. «Енді тағы бесеу тумасаң, туғыш қатын алам!» — деп еркектерше қоқиланғаным есімде. "Өзім-ақ туам, қаншау керек?!" — дегені де есімде. Міне, содан бері үйдегі әйел қорықты ма, сыйлыды ма білмеймін, туып әлек — мен туғызып әлекпін.
Тоғыз жылда бесеу туып үлгерді. Жаман емес. Бүгінгісі 3,66 кг деп қуанып қояды. Сонымен біздікілер мынадай тәртіппен туылуда:
Абдулмәлик / ұл
Абдуррахман / ұл
Абдуссамад / ұл
Сәжида / қыз
Абдурраззақ / ұл
Енді, бойдақтықтың ащы дәмін татып жүрген, жастыққа басы тисе ұйықтай алмайтын, әр түні «авария» болып қала беретін, ұрық сасып жүрген бойдақтарға айтарым — ҮЙЛЕНІҢДЕР!
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сүйгіш және туғыш әйелге үйленіңдер» — дейді. Іске сәт енді, інілерім!
Бөлісу:

116 пікір

Marco
Бауы берік болсын!
AKA
Уау, машАллаһ! Құттықтаймын, бауы берік болсын!
Marco
Білмегесін сұрайын деп отырмын. Балаға арабша ат қойғанда, оның қазақшаға бейімделген нұсқасын қоюға болмайды ма? Әбдімәлік, Әбдірахман, Әбдісамат, Әбдіразақ деген сияқты қылып?
AKY
«ррр», «ззз» деп отырған ұнайтын шығар)))
kariim
Былай ғой мәселе, «аттан қалма байталым» демеуші ме еді қазекем. Біз үй ішімізбен үй ішімізбен арабист едік. Өзгелер қазақыландырып та жатыр, байқап жүрміз. Бірақ енді бізге жараспайды-ау сол деп түбірімен қоюдамыз. Арабтану саясаты емес бұл, дұрыс түсініңіз.
Marco
Арабтану емес шығар, бірақ осылай дейміз де Аселя, Амир, Анараларға шүйлігеміз ғой. Осы жерде миым контачить етпей жатыр. Атты арабша атау не, орысша атау не бәрібір болып кетпей ме? Менің шешемнің аты Сара, қазақша СарА, енді оны еуропаша (әлде яхудейше) САра дейін бе?
Соңғы түзету:
kokbori
бірден шығып бірге кіргенде дейсің ғой, расында да, арабтың орыстан айырмасы жоқ, мұсылмандығы болмаса
kariim
Иә, қыз болса сАрра «рр» деп қоямыз деп те ойлағанбыз. Арабша есім ғой /Қуанкүл/ деген ұғымды беретін. Алланың қалауымен ұл болды.
Негізі, жасыратыны жоқ, мақсатымыз мынадай: бұлар енді болашақта 22 араб мемлекетінің біріне барып оқитын жігіттер мен қыздар ғой Алла қаласа, сондықтан олардың есімдері де сол тілде болғаны жөн деп шештік.
عبد الملك
عبد الرحمن
عبد الصمد
ساجدة
عبد الرزاق
— міне осындай болып жазылса деген игі ниеттен туған дүниелер ғой.
Aldeken
бұлар енді болашақта 22 араб мемлекетінің біріне барып оқитын жігіттер мен қыздар ғой
Қытайға барып оқимын десе ше?
kariim
Мейлі, барсын, бірақ Қытайдағы ислам университетіне түссе болғаны.
ken
عبد الرزاق
кирилше әріппе-әріп транскрипциясы — абд алрзақ
mercedes
Құтты болсын Кәреке
Соңғы түзету:
bakytzhan
Бауы берік болсын!!! Сайттагы электронды достарыныздан басқа,қуанышыңызды бөлісетін дос, туған-туыс, жақындарыныз көөөөп болсын!!!
AKY
карииииим!
ken
қайбір жылдары тоқал іздеп еді…
kariim
Жай сөз ғой «туа берсең ешкімге қарамаймын» деген. Бір-екі варианттарым да жоқ емес. Енді мұндайды үйдегіге айта бермейсің ғой.
aikarakoz
бір-екі варианттарыңызбен де мақтанып қоям дейсіз ғо
asaubota
вот молда!
Daniar-Alan
Бір-екі варианттарым да жоқ емес
молда болғанда да, Робин гудтың серігі анау шарапқа тоймайтын поп секілді елестейді Кариим
bizbike
бес балаңыздың анасын үйдегі деп не болды соншама, бір-екі варианттарым деп, фуууууу.
asaubota
О, Боже какой мужчина!
Я хочу от тебя сына!
kokbori
Құтты болсын, менің жиенімнің аты да Абдуррахман еді,
Abilakim
Елімізге бір пайдасын тигізетін азамат болып өссін!
kariim
Барлықтарыңа рахмет, бауырлар! Ал енді мен сәбиіме барайын, хабарын айтып келем өздеріңе. Кеттім!
mercedes
Сен әлі бармағансың ба роддомға
Abilakim
Еркек. Барма, шыққанда өзі келсін))))
kariim
Әлсіздеу екем, барып қойдым. КЕШІРІҢДЕРШІ. Үміттеріңді ақтамадым.
asaubota
бірнеше жылдан бері келе жатқан сайттас досым, құттықтаймын! кішкентайларың көп болсын, жеңгей екеуің қызықтарына тоймай жүре беріңдер!
kariim
Әәмиин! Сендердің бар болғандарың үшін қуаныштымын!!!
aikarakoz
Бауы берік болсын балаңыздың!
omarbirat
Бауы берік болсын!
Anar70
Құттықтаймын!!! міне нағыз еркек)))) бауы берік болсын, анасының денсаулығы зор болсын!!!
kariim
«Еркектен еркек туады» деп әзілдеп қоям әйеліме. Сөйтсем «төртіншісі қыз болған кезде қайда қалдың???» деді буынсыз жерге пышақ ұрып. Теманы білдірмей өзгерте қойдым тігісін жатыстырып.
Daniar-Alan
«төртіншісі қыз болған кезде қайда қалдың???»
Abilakim
Тақырыпты түзетуді өтінемін. Дәл қазір санап отырсам, 2 сағат 20 минөт бұрын бесінші мәрте әке атаныпсың. Ауық-ауық түзетіп отыр
Daniar-Alan
Жиырма жылдан соң 2 885 451,8695236 минут бұрын деп жазып дейсің ғо
kariim
Жындылаааар, қуып отырсыңдар ғой!
ken
Автор тақырыбын түзетпейінше сен де осы пікіріңді ауық-ауық түзетіп отыруыңа тура келеді.)
dark_nazgul
Маған бойдақтық өмірді жазбапты.
ес білгелі әйелім бар дейсің ғой.
aru
Қазақтың санын айтарлықтай көбейтіп жатыр екенсіз ғой. Құттықтаймын!
kariim
Бірінші және екінші бала әке-шешесінің орнын басады екен дә, халық санының өсуіне үлес қоса алмайды екен. Үшінші бала мемлекеттегі өлім-жітімнің орнын толықтырады екен дә, ол да халық санын өсірмейтін көрінеді. Ал енді төртінші баладан әрі қарай ғана көбею ісіне атсалысады екен — дейді демограф көкелеріміз.
Abilakim
"Құланның қасуына мылтықтың басуы"
Ereimen
балаларың ең жаманы бес бала туғызар өзіңдей болсын!!!
kariim
Иә, қуанарлық жәйт емес. Жалғыз арбамен қайда барасың?! Құрсақтардың санын көбейтпей бала да көбеймес. Төсек жаңғырту ойымда бар.
Daniar-Alan
Төсек жаңғырту ойымда бар.
не дид құдай ау  әні еркек!!! Қыздааар айтақ айтақ, үрит үрит
kariim
Осындағы ken бауырым екеуіміз қайбір жылдары тоқал іздеу операциясын бірігіп жүргізген болатынбыз.  Елп ете қалғандары да, мұрнын шүйіргендері де кездесті. Бірақ кейінгі топтағылардың көпшілігі оң босағасында әлі отыр.
Daniar-Alan
Бірақ кейінгі топтағылардың көпшілігі оң босағасында әлі отыр.
мяссағааааннн, қыздар шыдай алмас ем…
dark_nazgul
айтақшы шықпайды сенен
asaubota
Әбіләкімге жету қайдааааа?
aikarakoz
Оу, молдеке, естуімше, дінде оң жақта отырған қЫздарды емес, баласы жетім өспесін деп, жесірлерді 2-3 әйел қылып алады емес пе?
kariim
Бұл жерде нәпсінің де үлесі бар екенін ұмытпау керек. Алайда, жесір тұрғанда қызға қырғидай тию — әрине жөн емес. Таразыға салып, өлшеп-пішіп дегендей ойланған кезде, қайсысы оң жаңбасқа келеді, сонысын әрекеттей бересің ғой жасыратыны жоқ.
aikarakoz
Бұл жерде нәпсінің де үлесі бар екенін ұмытпау керек.

Нәпсіні тыя алмай, дінді қалқан қылып ұстап алып, бірнеше әйел алуды көздеп отырсыз ғой сонда? Түптен келгенде нәпсінің қамы деңіз…
Хмм…
Соңғы түзету:
kariim
Нәпсі факторын жоққа шығарма деймін сізге. Көңіл қалауы ер көрмеген қыздан гөрі 2-3 балалы әйелге түсіп тұрған болса, әрине жесірді аламын.
Daniar-Alan
Бұл жерде нәпсінің де үлесі бар екенін ұмытпау керек.
айттым ғо Робин Гуд попы деп
dark_nazgul
сен де сұрайсың-ау… Жесірдің баласын өз ұрпағындай көріп өсіруге қазіргілердің даналығы қайдан жетсін…
aikarakoz
Баласын өсірмесе де, анасын адам қатарынан сызып тастамаса да жетіп жатыр ғой…
dark_nazgul
ой қойшы. баласын өзге еркекке телміртпеу үшін, қазіргі жесірлердің өзі-ақ байға тиюге онша құлықты емес.
Daniar-Alan
Төсек жаңғырту ойымда бар.
Папая мындагел
kariim
Көнерген тақырыпты жаңғыртқандарың не??? Тағы бір қатыны туған екен деп ойлап қалады мына жұрт!
Daniar-Alan
Археолог деп бекер айтылмадық қой құрылтайда
kariim
Ол ұлым алты айға таяп келеді. Өзі бір тәтті бала болды )))
Daniar-Alan
Үлкен жігіт болсын
Korkem
Соңы емес болсын!
Ispek92
Бастамасы осы болсын десек қалай ағасы бауы берік боп, үмітіңізді ақтасын
kariim
Мммәәә, сексенқұлдар мен тоқсанбайлар көз алдыма елестеп жатыр.
MERmukhanov
бауы берик болгай! жаксы го урык сасып журе бермей, хрущевше догоним мен перегоним деу керек екен
zholantai
Бауы берік болсын!
Aya
Неғып бәрі Кәрім, Кәрім деп қалған?
asaubota
сендер жастар білмейсіңдер ғой. бұл сонау солай де эпохасынан бері келе жатырған нәрсе. басында қас болып, кейін араларынан қыл өтпейтін достар. Сатыбалды үшін Кәрім жалғыз діни авторитет, басқасын мойындамайды.
kariim
Оның епті-лігіне көз ілеспейді ғой, сондықтан оны жақсы көрем!
Tyulpan
дін жолындамыз деген талай адам өзін мойындата алмай кетіп еді сол солайда.
ал Кәріім діни авторитет десе діни авторитет

каріім, бірақ дегенмен біраз өзгергенсіз: біраз шоктамыз сізді бұрыннан танитын кейбіреулер )))))
Tyulpan
упс, құттықтайм деп отырып ұмытып кетіппін ғой
Бауы берік болсын!!!
Aya
ммм, солай десеңіздерші. Айыпқа бұйырмаңыздар.
Aya
Дәу жігіт болсын
konvict
Бауы берік болсын
Abilakim
Паходу жеңгей іші бос жүрсе ауырып қалады-ау деймін…
kariim
Иә, келісім сондай ғой, іші босай қалса болды, мен сыртқа қарай бастаймын.
satibaldi
Молдалар надан һәм сұрқай деген стереотипті сындыруға тендер алғансың-ау деймін ҚМДБ-дан
Madi
Енді, бойдақтықтың ащы дәмін татып жүрген, жастыққа басы тисе ұйықтай алмайтын, әр түні «авария» болып қала беретін, ұрық сасып жүрген бойдақтарға айтарым — ҮЙЛЕНІҢДЕР!
Мына жерін қатырып жазыпсыз, шынында да солай. Сіздің жолыңызды және мінезіңізді бізге берсінші, ыыыыыыыыыы!!!
Айтпақшы, балаңыздың бауы берік болсын, қаншадасыз сонда, әйеліңіз қаншада?
Соңғы түзету:
kariim
Аллаға мадақ, баламның бауы берік боп туды. Біз енді біраз жасқа келдік қой. Отыздың төртеуіндемін.
aikarakoz
120?
kariim
Көне замандарда 70-тегі бір шал отырыңқырап қалған келіншекке үйленіп жатыр дейді. Әйлгі әйел: «жасың нешеде шалшық?» — деп тиіссе керек. Шал да сен тұр мен атайын екен: «Екі отыз, бір он, қаншық!» — деген екен дейді.

Сол құсап, тереңінен тергедіңіз ғой, тегі!
Соңғы түзету:
User
Балалардың аты Қазақша болғанда норм болатын ед.
kariim
Кеше осы ұлымның туу туралы куәлігін алдым. Бүлдіріпті, амал жоқ көндіктім. Өйткені ары қарай тағы созылып кетейін деп тұр. Абдурраззақ деп «рр» «зз» еткізіп, соқырға таяқ ұстатқандай белгілеп бергем ғой. Сөйтсем Абдурразақ қылып «з» қылып қойыпты.
satibaldi
Енді кәмелетке толғанда да жеке өзің бар, қаззақтар аямайд нақ әйтпесе:

kariim
ОРТ-ның логосын қойып қоюға да миы жеткен ғой мұның. Әй, ептісің ғой, Сатеке!
satibaldi
Конспирологиядан алжып кетпе, сіңлім
Aldeken
анау негізі фотошопақ емес, түпнұсқасында солай. күлетін нәрсе аз, бұл жерде…
Пы.сы. нәпсіңізді тиыңқырап отырыңыз, молдеке…
kariim
Өткен аптада Абдурраззақты сүннетке отырғыздым.
ken
тым ерте емес пе?