Майл.ру-дан музыка жүктеудің оңай жолы

Кейде іздеп таппай жүрген әндер авторына ғана тиесілі болады не болмаса Майл.рудан бірақ шығады. Қазір сол екінші нұсқа бойынша арнайы программа орнатпай-ақ, мына әдістерді қолдану арқылы қалаған әнімізге қол жеткізу мүмкіндігі бар.
1. Мой Мир желісіндегі өз парақшаңыздағы Музыка бетін ашамыз. Таңдаған әннің үстінен 2 рет шертеміз.
2. Тышқанның оң жақ батырмасымен Play белгісін басып, "Сохранить ссылку как" таңдаймыз. Іздеуге оңай болу үшін жұмыс үстеліне сақтаймыз.
3. Сақталған файл осылай шығады:

Блог - araika: Майл.ру-дан музыка жүктеудің оңай жолы

4. Тышқанның оң жақ батырмасы көмегімен "Открыть с помощью — Блокнот" таңдаймыз.
5. Блокнот ашылады, көбәріп шығады, мән бермейміз. Бізге керегі — "Правка-Найти" арқылы шыққан терезеге mp3 деп теру.
6. Мына суреттегі қызылмен белгіленген тұсты көріп тұрсақ, дәл осылай етіп оны көшіріп аламыз да, браузердің іздеу жолына саламыз.

Блог - araika: Майл.ру-дан музыка жүктеудің оңай жолы

Мінеки, MP3 форматтағы ән дайын!

Суреттер маған тиесілі емес!
Бөлісу:

24 пікір

satibaldi
Мынауыңнан Майл.Руда біреумен танысып, жүкті боп қалу оңайырақ сияқты.
araika
Сөзбен жазғасын шығар қиын боп көрініп тұрғаны. Былай 2-5 минут уақыт кетеді, дайын программалардан әлдеқайда жақсы.
AKA
Менде дұрыс шықпады, http-дан бастап, mp3-ке дейін көшіріп алған ем.
AKA
AKA
Белгіленіп тұрғанды браузерге қойсам басқа бірдеңе шықты, ұжыс
asaubota
dark_nazgul
Бір рет сенің қаныңды ішіп едім ғой…
asaubota
бір рет емес шығар?
dark_nazgul
Есімдегісі бір рет…
asaubota
жақсылық тез ұмытылады ғой. ал егер косяк істесем ұмытпас едің
dark_nazgul
Сол жолы сенен қатты ұялғаным есімде қалыпты…  «мынау шайнек екен ғой, дым бармайтын топас екен ғой» деп ойлап қалды ма деп, қатты қысылғам…
asaubota
жалпы солай ойлайтыным рас. бірақ қай көмегім туралы айтып отырғаның есімде емес. жақсы адам болғасын жақсылықтарыңды санап жүрмейсің да просто
dark_nazgul
жалпы солай ойлайтыным рас.
вот енді ұмытпаймын.

осы, майл.рудан музыка көшіріп алу туралы сұрап қаныңды ішкем…  бір жыл бұрын…
asaubota
сондай деңгейде болдың ба не музыка көшіре алмайтындай?!
dark_nazgul
енді…
анау сілтеме сол күні істемей қалып, басқа жолын іздеп, кодпен қалай көшірерін білмей, қиналып қалғаным рас…
Rafaello
Таң қалмадым
dark_nazgul
Мен де сені жақсы көрем.
Rafaello
Байқамай мен де жақсы көріп бара жатырған сияқтымын
dark_nazgul
бірдеме жазайын десем, енді оянған сезімді үркітіп алам ба деп... құрысын, үндемей-ақ қояйын…
Rafaello
Солай дұрыс болар
Janasil
Мында --->>
Сәуір 21, 2011 ж жазыппын.
Соңғы түзету:
omarbirat
Ән ашылған бетте Ctrl+U, содан кейін Ctrl+F, ары қарай .mp3 деп іздейсің. Мен білетін ең тиімді әдіс
Бұрын да жазған екенмін: kerekinfo.kz/blog/celina/5613.html#comment238342