БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК «АЙТУҒА ОҢАЙДАН» КЕТІП, АДАМДАРДЫҢ БАҚЫТТЫ БОЛУЫНА КӨМЕКТЕСПЕКШІ
Кеше фейсбуктен осы сұхбаттың сілтемесіне өтіп, жаңа оқып болып отырмын. Жай оқымаймын. Толық оқып бітірудің енді ғана сәті түсті. Сұхбат маған ұнады.
15000 символдан асып кеткендіктен мәтінді қысқарттым. Толығы мында.
«Менің атым – Бейсен, фамилиям – Құранбек. Жасым 42-де. Журналист болуды армандаған жоқпын, футболист болғым келген. Бірақ, бола алмадым. Әскерден келген соң «Футболист болмасам да, футбол туралы жазатын журналист болайын» деп ойладым. Сөйтіп «Спорт» газетіне жұмысқа келдім. Содан бері журналистикада келе жатқаныма жиырма бір жылдан асыпты», – деп өзін қысқаша таныстырып өткен кейіпкеріміз жас тілшілерден не үшін журналист болғысы келетінін, көкейдегі армандарын бір-бірлеп сұрап шықты. Сосын әңгімесін бастап кетті:
МЕН НЕГЕ ФУТБОЛИСТ БОЛМАДЫМ?
Адамның түпкі арманы – бақытты болу. Ол журналист, тракторшы, заңгер, суретші, әнші, биші, мейлі қандай мамандық иесі болса да, бақытты болғысы келеді. Әр күнін қуанышпен өткізу, өзін жақсы сезіну – кез келгеннің арманы. Осы сөзге келіспеймін десеңіздер бірден айтыңыздар. Сіздер журналистикаға келіп жатсаңыздар, «осы мамандық бойынша бақытымды табамын» деп келіп жатқан жастарсыздар. Бақытты болу үшін адамға қажетті қарапайым нәрселер бар. Біз ол туралы айтпай-ақ қояйық. Өздеріңіз қалаған мамандықтың иесі болмай, сіздер өздеріңізді бақытты санай алмайсыздар. Бұл – заңдылық.
Құдай тағала мына өмірге біздерді жіберген кезде әркімге бір ерекше қабілет береді. Біреуге – суретшілік, біреуге – жазушылық, біреуге – тіл табысқыштық, біреуге тіл үйренуге бейімділік деген секілді… Кейбір адамдардың бойында бірнеше қабілет кездеседі. Мысалы, бір адам суретті керемет салып, өлең жазып, техниканы да, тілді де игеруі мүмкін. Бірақ жас кезіңде ең мықты қабілетің қайсы, соны танып алмай, бақытқа жетуің неғайбыл. Ең үлкен қабілетіңді басқа нәрсемен алмастырмау керек. Уақытымыз келіп, Құдай бізді мына дүниеден қайтып алып кеткенде, меніңше, ең бірінші қоятын сұрағы – «Мен саған осыншама қабілет бердім, ал сен оны қалай дамыттың? Өзіңнің, еліңнің, адамзаттың пайдасына жарата алдың ба?» болса керек.
Мен футболист болуды армандағанымды айттым. Футболист болайын десем, жасым жиырмаға келген, әскерге барып, сүйегім қатқан, шеберлікті үйренбегем. Бірақ менің бала кездегі арманым футболист болу еді, талабым таудай. Мен осы арманымның жетегімен футболист бола алар ма едім, қалай ойлайсыздар?
Жас тілшілер: Боламын десеңіз, болатын едіңіз ғой…
Бейсен Құранбек: Иә, ауылда, ауданда ғана ойнайтын футболист болар едім… Ары кетсе облыстық деңгейге шығуым мүмкін, одан арыға көтеріле алмас едім. Өйткені, мен доп теуіп көрдім, бірақ қисық аяқ екенмін. Туа біткен футболистерді көргенде, менен түк шықпайтынын түсіндім. Содан апайларымның «шығарманы керемет жазасың» дегені есіме түсіп, журналист болуға бел байладым.
Қолдарыңызға қағаз алып, шеңбер сызып, «Мерседестің» белгісіндей үшке бөліңіздерші. Кім өзінің ең негізгі қабілетін біледі? Қай салада сіздер, ең болмаса, өз қалаларыңызда, өз өңірлеріңізде нөмірі бірінші бола аласыздар? Мұны үйде отырып, ойланып жазсаңыздар да болады. Екінші бөлікке «Мені не толғандырады? Не қызықтырады?» деген сұраққа жауап жазып қойыңыздар. Үшіншіге әзірге ештеңе жазбаймыз.
Біз көбінесе басқалардың арманымен өмір сүреді екенбіз. Көбіне әке-шешенің орындалмай қалған арманын балалары орындау керек сияқты болады. «Анау журналисті қарашы, біресе ана елге барады, біресе мына елге барады, теледидарға шығады. Сен де сондай болсаңшы». Бұл – үйдегілердің біреуінің арманы шығар. Енді бірі: «Бала кезімде журналист болуды армандап едім, ол арманға жете алмадым. Енді сен болшы», – деуі мүмкін.
Дүниеге жаңадан келген нәрестенің миы ақ қағаз сияқты. Мектеп бітіргенше ата-анаңыз, мұғалімдеріңіз, достарыңыз, туыстарыңыз, газет-журнал, теледидар сіздерге өз арманын ұсынған болар. Сіздер сол армандарды бойға сіңіріп өстіңіздер. Саналы адам ретінде арман өздеріңіздікі ме, әлде ата-ана, бауырларыңыздікі ме, оны анықтап, ажыратып алыңыздар. Өз арманыңызбен өмір сүрмесеңіз, бақытты бола алмайсыз. Мысалы, журналистикада «Неге осы мамандықты таңдадым, осы салаға бекер келдім» дегенді де, керісінше, жасы жетпіске келіп: «Құдайға мың да бір тәубе, осы журналистикаға келгенім қандай жақсы болған» деген адамдарды да көрдім. Екеуінің айырмашылығы – армандарын адастырып алған.
БІЗДІҢ БУЫН ТЕЛЕВИЗИЯҒА ҚАЙТА ОРАЛСА, ОНДА МАҒАН ОРЫН ЖОҚ
* * *
Тағы да «Мерседестің» белгісін сызыңыздаршы. Бірінші бөлікке «мамандық» деп жазыңыздар. Екіншіге «жар» деп түртіп қойыңыздар. Өзіңе лайықты жар табу өте маңызды. Жұмыс істейміз деп жүріп, жар табу сәтін жіберіп алмау керек. Бұл жақсы істі жиырма беске жеткізбеңіздер! Ата-ана: «Асықпа! Оқуыңды оқы, жұмысыңды істе! Күйеу деген ешқайда қашпайды», – деп ақыл айтады. Бұл сөзге байланып қалмаңыздар. Жақсы жігіт табылса, бірінші курста-ақ тұрмысқа шығып кетіңіздер. Үшінші бөлікке «ұрпақ» деп жазыңыздар. Балаң болмаса, өзіңді бақытты сезіне алмайсың. Барлықтарың он үштен астыңдар, «он үште – отау иесі» дейді. Мұндай әңгімені бүгін айтпасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Отбасылық мәселелер жөнінде көп хабар жасадым. Сонда мамандардың айтатыны: 18 бен 30 жастың арасы балалы болуға ең қолайлы уақыт екен.
* * *
ЖИЫРМАДАН АСҚАНША ҚЫЗҒА СӨЗ АЙТА АЛМАДЫМ
* * *
Бастапқыда «Қай салада нөмірі бірінші бола аламын?», «Мені не толғандырады? Не қызықтырады?» деп шеңберді толтырдық қой, енді үшінші бөлігі бос тұр. Ол, әсіресе, ер азаматтарға керек. Аталған екі қабілетіңнің экономикалық табысы қалай болады? Яғни, материалдық жағдайыңды жасай аласың ба? Соны да есепке алу керек.
АУЫЛДА ТҰРАМЫН…
* * *
ҒАЛЫМДАР БЕЛСІЗДІКТІҢ 70 ПАЙЫЗЫ
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННАН БОЛАТЫНЫН АЙТАДЫ
* * *
«ӘЙЕЛІҢІЗДЕН ҚОРҚАСЫЗ БА?»
* * *
ОТБАСЫМЫЗДЫҢ 10 ҚАҒИДАСЫ БАР…
Гүлім Еркінбек: Сіз қалай отбасын құрдыңыз?
Бейсен Құранбек: Мен 27 жасымда үйлендім. Моральдық тұрғыда 22-23 жасымда үйленуге дайын едім. Бірақ маған қыздар «дипломың жоқ» деп қарамады. Сол сөзге намыстанып, «диплом алған күні үйленемін» деп өз-өзіме сөз бердім. Студентпін, «Рахат» телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезімде, алғашқы жұмыс орным «Спорт» газетіне бардым. Сайын (Тұрсынов) ағамыз: «Бейсен, қыз таптың ба?» – деді. «Диплом алсам, қыз табам да, үйленем», – дедім. «Көп сөйлеме, мен сені бір қызбен таныстырамын. Сол қызға үйленесің», –
деді де, мені корректорлар отыратын кабинетке алып келді. Қарапайым бір қыз отыр, менің қиялымдағы ару емес. «Мынау – менің балам. Мен қандаймын, бұл да тура сондай. Саған жақсы күйеу болады. Сөйлесіңдер», – деп Сайын аға есікті жауып кетіп қалды. Екеуміз сілейіп кабинетте қалдық. Сөйлесейік десек, әңгімеміз жараспайды. Бір-бірімізді жақтырмадық.
Ойлана келе, «Сайын аға өмір көрген, маған қандай жар керек екенін біледі, айтқанын істейін» деген шешімге келдім. Қызға барып «үйленейік» десем, көнбей қойды. Күніге жұмысынан шығарып салуға баратын болдым, ол қарамайды. Іштей өз-өзіме «осы қызды қайтсем де аламын» деп серттесіп алдым. Алты ай жүріп өзіме қараттым, жеті айдан соң үйлендік. Бірақ, үйленетін кезде отбасының 10 қағидасын жасадық.
1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;
2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;
3) Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргізбейміз;
4) Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;
5) Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;
6) Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;
7) Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды. Күйеуінің бөтен біреуге басы айналып қалмайтынын білетін әйел бақытты;
8) Біздің үйде ағайын-туыс туралы өсек-аяң болмайды;
Қалған екі қағида айтылмайды. Ол жеке қарым-қатынасқа байланысты.
* * *
Дайындаған Жадыра НАРМАХАНОВА,
Суреттерді түсірген Азамат ҚҰСАЙЫНОВ
Сұхбат мына жерден алынды Уақыты: 29.07.2013. Бөлімі: «ЖАС ӨРКЕН» ЖШС, АҚ ЖЕЛКЕН.
… жас кезіңде ең мықты қабілетің қайсы, соны танып алмай, бақытқа жетуің неғайбыл. Ең үлкен қабілетіңді басқа нәрсемен алмастырмау керек ...деп дұрыс айтады. Сосын жаңа үйленген жастар үй болмай жатып «Ажырасқан кезде дүние бөлісу» деп аталатын «Некелік шарт» жасап емес мынандай қағида жасап өмір сүрсе бақытты болады
… үйленетін кезде отбасының 10 қағидасын жасадық ...Барлығыңа оқуға кеңес беремін. Ол кісі өзі журналист болған соң әңгімеде мысал ретінде журналист мамандығын көп келтіреді. Бірақ әңгімесінде «Қалай мықты мамандық иесі болу керек?», «Қалай бақытты отбасы болу керек?», «Қалай саны көп, сапасы мықты ұрпақ тәрбиелеу керек?» деген мәселелерді қозғайды. Себебі өзінің білетіндерін жастарға үйретіп, елге қызмет етпек екен. Бейсенбек ағаға іске сәт, жұмысыңыз жемісті болсын деймін. Осындай жол көрсетер ағалар көп болсын.
15000 символдан асып кеткендіктен мәтінді қысқарттым. Толығы мында.
Бұдан былай Бейсен Құранбек «Айтуға оңай» ток-шоуын жүргізбейді. Мұны «Ақ желкен» мен «Ұланның» жас тілшілерімен кездесуге келгенінде өзі айтты. «Қайрақ» атты тренинг компаниясын құрып, адамдардың бақытты болуына көмектеспекші екен. Өзінің жаңа қызметінің алғашқы сынағын «Ақ желкеннің» редакциясында жүзеге асырып көрді. Бейсен Құранбектің алғашқы дәрісіне ұзын саны 30 жас тілші қатысты, оның 25-і – қыз бала, 5-і – ер бала. Тренинг-сұхбатқа қатысушылардың біразы: «Бейсен ағаның әңгімесін журналға міндетті түрде түгел жариялаңыздаршы, ауылға барғанда ата-анамызға, достарымызға журналдан оқып, осындай тренингтерді өзіміз де ұйымдастырып көреміз. Басқалар да ондай әңгімені тыңдай жүрсін», – деп өтініш білдірді. Біз сол тренинг-сұхбатты ықшамдап беруді жөн көрдік. Мүмкін, бала тәрбиесіне пайдасы тиіп қалар…
«Менің атым – Бейсен, фамилиям – Құранбек. Жасым 42-де. Журналист болуды армандаған жоқпын, футболист болғым келген. Бірақ, бола алмадым. Әскерден келген соң «Футболист болмасам да, футбол туралы жазатын журналист болайын» деп ойладым. Сөйтіп «Спорт» газетіне жұмысқа келдім. Содан бері журналистикада келе жатқаныма жиырма бір жылдан асыпты», – деп өзін қысқаша таныстырып өткен кейіпкеріміз жас тілшілерден не үшін журналист болғысы келетінін, көкейдегі армандарын бір-бірлеп сұрап шықты. Сосын әңгімесін бастап кетті:
МЕН НЕГЕ ФУТБОЛИСТ БОЛМАДЫМ?
Адамның түпкі арманы – бақытты болу. Ол журналист, тракторшы, заңгер, суретші, әнші, биші, мейлі қандай мамандық иесі болса да, бақытты болғысы келеді. Әр күнін қуанышпен өткізу, өзін жақсы сезіну – кез келгеннің арманы. Осы сөзге келіспеймін десеңіздер бірден айтыңыздар. Сіздер журналистикаға келіп жатсаңыздар, «осы мамандық бойынша бақытымды табамын» деп келіп жатқан жастарсыздар. Бақытты болу үшін адамға қажетті қарапайым нәрселер бар. Біз ол туралы айтпай-ақ қояйық. Өздеріңіз қалаған мамандықтың иесі болмай, сіздер өздеріңізді бақытты санай алмайсыздар. Бұл – заңдылық.
Құдай тағала мына өмірге біздерді жіберген кезде әркімге бір ерекше қабілет береді. Біреуге – суретшілік, біреуге – жазушылық, біреуге – тіл табысқыштық, біреуге тіл үйренуге бейімділік деген секілді… Кейбір адамдардың бойында бірнеше қабілет кездеседі. Мысалы, бір адам суретті керемет салып, өлең жазып, техниканы да, тілді де игеруі мүмкін. Бірақ жас кезіңде ең мықты қабілетің қайсы, соны танып алмай, бақытқа жетуің неғайбыл. Ең үлкен қабілетіңді басқа нәрсемен алмастырмау керек. Уақытымыз келіп, Құдай бізді мына дүниеден қайтып алып кеткенде, меніңше, ең бірінші қоятын сұрағы – «Мен саған осыншама қабілет бердім, ал сен оны қалай дамыттың? Өзіңнің, еліңнің, адамзаттың пайдасына жарата алдың ба?» болса керек.
Мен футболист болуды армандағанымды айттым. Футболист болайын десем, жасым жиырмаға келген, әскерге барып, сүйегім қатқан, шеберлікті үйренбегем. Бірақ менің бала кездегі арманым футболист болу еді, талабым таудай. Мен осы арманымның жетегімен футболист бола алар ма едім, қалай ойлайсыздар?
Жас тілшілер: Боламын десеңіз, болатын едіңіз ғой…
Бейсен Құранбек: Иә, ауылда, ауданда ғана ойнайтын футболист болар едім… Ары кетсе облыстық деңгейге шығуым мүмкін, одан арыға көтеріле алмас едім. Өйткені, мен доп теуіп көрдім, бірақ қисық аяқ екенмін. Туа біткен футболистерді көргенде, менен түк шықпайтынын түсіндім. Содан апайларымның «шығарманы керемет жазасың» дегені есіме түсіп, журналист болуға бел байладым.
Қолдарыңызға қағаз алып, шеңбер сызып, «Мерседестің» белгісіндей үшке бөліңіздерші. Кім өзінің ең негізгі қабілетін біледі? Қай салада сіздер, ең болмаса, өз қалаларыңызда, өз өңірлеріңізде нөмірі бірінші бола аласыздар? Мұны үйде отырып, ойланып жазсаңыздар да болады. Екінші бөлікке «Мені не толғандырады? Не қызықтырады?» деген сұраққа жауап жазып қойыңыздар. Үшіншіге әзірге ештеңе жазбаймыз.
Біз көбінесе басқалардың арманымен өмір сүреді екенбіз. Көбіне әке-шешенің орындалмай қалған арманын балалары орындау керек сияқты болады. «Анау журналисті қарашы, біресе ана елге барады, біресе мына елге барады, теледидарға шығады. Сен де сондай болсаңшы». Бұл – үйдегілердің біреуінің арманы шығар. Енді бірі: «Бала кезімде журналист болуды армандап едім, ол арманға жете алмадым. Енді сен болшы», – деуі мүмкін.
Дүниеге жаңадан келген нәрестенің миы ақ қағаз сияқты. Мектеп бітіргенше ата-анаңыз, мұғалімдеріңіз, достарыңыз, туыстарыңыз, газет-журнал, теледидар сіздерге өз арманын ұсынған болар. Сіздер сол армандарды бойға сіңіріп өстіңіздер. Саналы адам ретінде арман өздеріңіздікі ме, әлде ата-ана, бауырларыңыздікі ме, оны анықтап, ажыратып алыңыздар. Өз арманыңызбен өмір сүрмесеңіз, бақытты бола алмайсыз. Мысалы, журналистикада «Неге осы мамандықты таңдадым, осы салаға бекер келдім» дегенді де, керісінше, жасы жетпіске келіп: «Құдайға мың да бір тәубе, осы журналистикаға келгенім қандай жақсы болған» деген адамдарды да көрдім. Екеуінің айырмашылығы – армандарын адастырып алған.
БІЗДІҢ БУЫН ТЕЛЕВИЗИЯҒА ҚАЙТА ОРАЛСА, ОНДА МАҒАН ОРЫН ЖОҚ
* * *
Тағы да «Мерседестің» белгісін сызыңыздаршы. Бірінші бөлікке «мамандық» деп жазыңыздар. Екіншіге «жар» деп түртіп қойыңыздар. Өзіңе лайықты жар табу өте маңызды. Жұмыс істейміз деп жүріп, жар табу сәтін жіберіп алмау керек. Бұл жақсы істі жиырма беске жеткізбеңіздер! Ата-ана: «Асықпа! Оқуыңды оқы, жұмысыңды істе! Күйеу деген ешқайда қашпайды», – деп ақыл айтады. Бұл сөзге байланып қалмаңыздар. Жақсы жігіт табылса, бірінші курста-ақ тұрмысқа шығып кетіңіздер. Үшінші бөлікке «ұрпақ» деп жазыңыздар. Балаң болмаса, өзіңді бақытты сезіне алмайсың. Барлықтарың он үштен астыңдар, «он үште – отау иесі» дейді. Мұндай әңгімені бүгін айтпасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Отбасылық мәселелер жөнінде көп хабар жасадым. Сонда мамандардың айтатыны: 18 бен 30 жастың арасы балалы болуға ең қолайлы уақыт екен.
* * *
ЖИЫРМАДАН АСҚАНША ҚЫЗҒА СӨЗ АЙТА АЛМАДЫМ
* * *
Бастапқыда «Қай салада нөмірі бірінші бола аламын?», «Мені не толғандырады? Не қызықтырады?» деп шеңберді толтырдық қой, енді үшінші бөлігі бос тұр. Ол, әсіресе, ер азаматтарға керек. Аталған екі қабілетіңнің экономикалық табысы қалай болады? Яғни, материалдық жағдайыңды жасай аласың ба? Соны да есепке алу керек.
АУЫЛДА ТҰРАМЫН…
* * *
ҒАЛЫМДАР БЕЛСІЗДІКТІҢ 70 ПАЙЫЗЫ
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННАН БОЛАТЫНЫН АЙТАДЫ
* * *
«ӘЙЕЛІҢІЗДЕН ҚОРҚАСЫЗ БА?»
* * *
ОТБАСЫМЫЗДЫҢ 10 ҚАҒИДАСЫ БАР…
Гүлім Еркінбек: Сіз қалай отбасын құрдыңыз?
Бейсен Құранбек: Мен 27 жасымда үйлендім. Моральдық тұрғыда 22-23 жасымда үйленуге дайын едім. Бірақ маған қыздар «дипломың жоқ» деп қарамады. Сол сөзге намыстанып, «диплом алған күні үйленемін» деп өз-өзіме сөз бердім. Студентпін, «Рахат» телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезімде, алғашқы жұмыс орным «Спорт» газетіне бардым. Сайын (Тұрсынов) ағамыз: «Бейсен, қыз таптың ба?» – деді. «Диплом алсам, қыз табам да, үйленем», – дедім. «Көп сөйлеме, мен сені бір қызбен таныстырамын. Сол қызға үйленесің», –
деді де, мені корректорлар отыратын кабинетке алып келді. Қарапайым бір қыз отыр, менің қиялымдағы ару емес. «Мынау – менің балам. Мен қандаймын, бұл да тура сондай. Саған жақсы күйеу болады. Сөйлесіңдер», – деп Сайын аға есікті жауып кетіп қалды. Екеуміз сілейіп кабинетте қалдық. Сөйлесейік десек, әңгімеміз жараспайды. Бір-бірімізді жақтырмадық.
Ойлана келе, «Сайын аға өмір көрген, маған қандай жар керек екенін біледі, айтқанын істейін» деген шешімге келдім. Қызға барып «үйленейік» десем, көнбей қойды. Күніге жұмысынан шығарып салуға баратын болдым, ол қарамайды. Іштей өз-өзіме «осы қызды қайтсем де аламын» деп серттесіп алдым. Алты ай жүріп өзіме қараттым, жеті айдан соң үйлендік. Бірақ, үйленетін кезде отбасының 10 қағидасын жасадық.
1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;
2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;
3) Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргізбейміз;
4) Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;
5) Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;
6) Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;
7) Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды. Күйеуінің бөтен біреуге басы айналып қалмайтынын білетін әйел бақытты;
8) Біздің үйде ағайын-туыс туралы өсек-аяң болмайды;
Қалған екі қағида айтылмайды. Ол жеке қарым-қатынасқа байланысты.
* * *
Дайындаған Жадыра НАРМАХАНОВА,
Суреттерді түсірген Азамат ҚҰСАЙЫНОВ
Сұхбат мына жерден алынды Уақыты: 29.07.2013. Бөлімі: «ЖАС ӨРКЕН» ЖШС, АҚ ЖЕЛКЕН.
10. Вибратор пайдалаеуым бар
ал «сіз» дегенді дистанция ұстау үшін қолданады көбіне. «сенге көшейікші, „сіз“ алыстатады» дегенді өмірде жиі естуге болады. кейбір тілдердің грамматикасында сіз-сен деп бөлінбейді де ғой…
бағдарламаны 1-2 рет көрдім ғой деймін, бірді айтып екіге кете ма, шашыраңқылық басым ба — бірдеңесі жетіспейді қалай алсақ та…