Тещин язык/Енемнің бал тілі!
Орыстарша тещин язык (қазақша тура аударса ененің тілі) бізше ащы тілдер деп аталатын мәзір ұсынбақпын керектік оқырмандарға. Қолымнан ененің тілін жасау келеді екен, енді ененің тілін табу келе ме жоқ па оны уақыт көрсетер.
Ащы тіл атты тіскебасарымызды жасау үшін 2баклажан, 3қызанақ, чеснок (бізше чеснок кей жерде сарымсақ, енді бір жерде жуа) талдары, майонез немесе ауылды үйде кілегей (кей жерде қаймақ), су,5-6қасық шемішкенің майы (кей жерде су май деп атайды), укроп (петрушка, жусай тамақты сәндеп дм беретін дәмдейіш жасыл шөптің кез келген түрі жарайды және сонымен қоса аздаған тұз қажет.Аталған мәзірге қажет дүниелерді жаз және күз мезгілінде кезкелген дүкеннен таба аласыздар.
Баклажанды турап алып (бір минутқа жетер жетпес уақыт кетеді, ептілігіңе және пышақтың өткірлігіне байланысты), тұз қосылған суға батырып қоямыз 5минутқа.
Осы 5минут аралықта қызанақты тураймыз.
Қызанақты турап болған соң баклажандарды судан шығарып тақтайға суын сорғытамыз.
Табаны газға қойып оған шемішкенің майын қойып қыздырамыз, қызған майға баклажанды екі жағынан қоңырқай тус болғанша қуырамыз. 5минут уақыт кетеді.
Қуырылған баклажанның майы сорғығанша майонезге чеснокты турап салып тұздық жасаймыз.
Тәрелкеге баклажандарды жайып тұздығымызды жағамыз.
Оның үстіне қызанақты қойып көк шөптермен сәндеп (3минут ) дастарханға қоямыз.
Ас дәмді болсын!
(Соңғы сурет интернеттен алынды, дайын болған салатты жеймін деп суретке түсіруді ұмытыппын, туралған баклажандардың суретін де интернеттен алынды)

Көзімді жұмып өте алмадым, өйткені өткім келмеді.
Мадис, ептілікті талап ететін мәзір ғо, негізі.