Мен көрген Париж немесе бірнеше сағаттағы төрт "романтикалық" оқиға
Жалпы, алыс шетелді көру — маған біршама таңсық дүние. «Болашакер», я сыртқа жиі шығатын мажор емеспін. Алайда, наурыздың соңы-көкектің басында сәті түсіп, мен және 8 қыз-келіншек (ару, апа, апай, әже :d) Шенген алып, Еуропаға тарттық. Шенгенің болса, кем жерің болмайды екен, елден елге кіресің. Алмандардың орыстілді фирмасымен хабарласып, арнайы туржолдамамен Парижге де бардық.
Париж менің көңілімнен шықты, үмітімді ақтады. Алайда, мен бұл қалаға аса қатты талап қойып, үміт күтпегенімді айта кету керек. Жапондықтар бір синдромға ұшырайтын көрінеді. Француздар сондай бір романтикаға толы, ерекше халық деп санап келіп, бұ жақта олар сенімнен шықпағасын ауырып қалады екен. Париж де олар ойлағандай болмайды екен. Қу бас, қысық көз романтиктер-ай!
Мен көрген Париж — әдемі қала, орташа статистикалық еуропалық шаһар. Эйфель жақта да, басқа жерде де — қаптаған қара нәсілді көше сатушылары. Бірінен кәдесыйлар сатып алып жатып, "Қай жақтансың?" демеймін бе?
— Сенегалдан.
— Қазақстанды білесің бе?
— Білмеймін.
— Шын айтқаныңа рахмет.
Бұлар енді, көше кірешілері — ақ көңіл жандар, Наташа, Саша, иди деп орысша сөйлеп жүреді. Саудаласуға көнбіс.
Алаяқ еместер ғой. Бірақ, жалғыз осылар-ау… ;)
Сол жерде — қаптаған Барселонаның жанкүйерлері. Каталондықтар кешке болатын ПСЖ-мен ойынға келген екен. Барсаман болмасам да, суретке түстім. Суреттер мен видеоларды Барса соққан достарымның беттеріне лақтырдым кейін. Физиологиялық емес, виртуалды.
Турқызмет автобуспен де, жаяулатып та Парижде біраз жерге апарды. Ана ғимарат, мына үй… Бәрі шетінен тарихи.
Монпарнас — қазіргі заманғы көп қабатты қимарат. Лифтісі 38 секундта 38-қабатқа апарады. Оған шығып, қаланы тамашалауға болады. Бәрі айқын көрінеді. Қалай-қалай? Алақандағыдай! Алайда, бұл ғимарат — қаланың ішінде көзге қораш көрініп тұрған, ұсқынсыз нәрсе. Париж өзі — ең көбі 5-7 қабатты үйлерден тұратын ерекше стильдегі қала. Ал мынау — елден ерек бір сырық. Бүл айыпты Эйфель мұнарасына да тағуға болады ғой, Ги де Мопассанның тек Эйфельден ас ішкенін білеміз. Себебі, оны қаладағы Эйфель көрінбейтін жалғыз жер деп санаған ғой.
Барон Осман деген әкім болған, архитектор болған, Париждің қазіргі стилін қалыптастырған сол кісі дейді гид. Әлгінде Римде гид емес, ит екен деп кетіп ем, мына жақтың гиді білгіш-ақ, сайрап тұр. Мына жақ болғанда, Германияның турфирмасының орыстілді тәтейі. Бірақ ертеңіне одан да жалықтым. Кетіп бара жатқан біздің экскурсиялық тобымыздан жырылып, әдейі бөлініп, қалып қойдым.
Сөйтіп, жалғыз қала аралауға кеттім өзім жаяулап. Біраз жүріп, Луврдің маңына келген соң үнді ме, өзге ме, бір қыздар шықты. Ағылшынша «Мынаған қол қойыңыз»,-дейді. Қарасам балалар қорына бірнеше еуро беріп, қол қойып кеткендер тізімі екен. «Мен жоқ, бермеймін»,-дедім, себебі, ол ақша діттеген жерге жетпейтінін, ешқандай балалардың жоқ екенін де білемін. Біраз әурелеп, менен нәпақа таппасын сезді ме, жөніне кетті. Бір бізбен бірге барған таныс келіншек те осындайларға кезігіп, қол қойып жатқан кезде сөмкесіне қол салып жатқанын байқап қалыпты. Алаяқтар ғой.
Орталық көшелерінің бірінде шетелдік автокөлікте екі ер кісі тоқтады. Бірі — егде тартқан, киімі сәнді, мойнына шарф ораған кісі. Өзін «Галерея Лафайеттің» филиалының басшысы деп таныстырды, сән бизнесіненмін,-дейді. «Қазақстаннансың ба? Әйелім Әзірбайжаннан, орысша аздап білем" деп бөсті. «Француздарды жек көрем, ұнамайды» деп қояды. "Өзім итальяндық, Римненмін, ал мынау — саған",-деп екі пакет ұсынды, екеуінде қос күрте жатыр екен. Бірі — ерлердікі, бірі — әйелдердікі.
— Бұлар қымбат тұрады, сатпа. Жарнама есебінде сыйлық қып беремін.
— О, рахмет, бұл не үшін, не деген батпан құйрық деймін?
— Мені кеше Мулен Ружға операға барғанда тонап кетті, содан Римге баруға жанармай аз. Көмектесіп жіберсең.
— Ал достарыңыз, елшілікке хабарласу деген ше?.. Ммм, мен бес-он еуро бере алам.
— Ол аз ғой...-деп қояды. «Елу-жүз еуро керек азы» дейді, «Ондай ақша жоқ менде» деп қолымдағыны қайтарып бердім. Ұрланған не арзан дүние шығар, маған тосын сыйлар керек емес. Алаяқтар ғой!
Сөйтіп, Эйфель аймағына жеттім. Астынан өтіп, арлы-берлі суретке түстім. Эйфель мұнарасына шығу 14 еуро, білмеймін қай межеге дейін.
Қайтып келе жатқан бетімде мимдермен суретке тұстім. Бұлар — сөйтіп ақша табатын адамдар, Еуропада бұл мәдениет қалыптасқан, тиын тастап өтеді адамдар.
Біраздан соң жол үстінде қарама-қарсы келе жатқан, жұпыны киінген әйел жерден бір нәрсе көтерді де, маған: «О, тауып алдым! Міне, сізге сәттілікке,-деп қолыма ұстата салды. Қарасам — алтын сақина. Немесе «алтын» сақина. Алдым да жүре бердім. Бірақ ол кері бұрылып келіп, қайтадан қуып жетті. Маған ас-суға біраз тиын беріңізші,-деді. Охо! Мен ойландым да, бес еуро үстаттым. Тіпті алтын болмаса да, бес еуро — садақа, және сақина… Иә, ол жерден көтеріп алғандай болғаны — алдын ала ойластырылған сахналық қойылым ғой, оттаған әңгіме. Ұрлап алған қатын. Алаяқтар ғой. Мен де құрбандықтың рөлін ойнай салдым.
Жүз метрден соң француз келіншектері ол ұры әйел ғой, неге тиын бердіңіз деп жатты. „Окей, ұқтым“ дедім де кете бардым.
Луврдың қасына қайта айналып келген кезде орысша сөйлейтіндер кездесті. Үщеу — орта жастағы әйел, жас қыз, сәби қыз.
— Сіз орысша сөйлейсіз бе?
— Иә.
— Қай жақтансыз?
— Қазақстаннан.
— Біз мұнда Украинадан келдік. О жақта жүмыс жоқ, қиын ғой, сіздерде де солай шығар.
— Бізде шүкір.
— Әлемде бір тамаша жаңалық пайда болды. Сонымен сізбен және бәрімен бөліскіміз келеді. Сіз бар адамның күнәсін бір адам көтерсе, келісер ме едіңіз, қалайсыз ба?
— Білмеймін, әркім өзі жауап беру керек шығар.
— Жақсы емес пе, бір ғана адам. Әлемде бейбітшілік, мамыражай орнайды.
— Ол жақсы, әрине. Әлемде кайф болған.
— Біз сізге бір сайтты берейік. содан бәрін біле аласыз.
— Жоқ, рахмет, қажет болса, өзім тауып алам интернеттен.
Сектанттарым-ай, сектанттарым-ай!
ПМЖ-ге Парижге кеп жатқаның-ай!-деп әндетіп, кете бардым. Алаяқтар ғой.
Кешке жақын жаяулап Нотр де Дам де Париге жеттім. Құдай Ана соборы — Францияның ең ірі католик шіркеуі болса керек. Мен неге жасқанам деп, кіріп кеттім. Қызмет қылып жатыр екен, түсіруге болмайды деп күзет қарап тұр. Камераны жасырын шығарып, әндерін түсіріп алдым. Қорқақ хоккей ойнамайды, және шіркеу түсірмейді!
Нотр дамның ауласында — тегін уай-фай, католицизмнен модернизмге, иә. Сол жерден экскурсиядан қайтқан біздің қалың топты күтіп алдым.
Кешкі асқа бір ресторанға бардық. Әдейі мейрамхана демей отырмын, бұл — француз сөзі, алайда, барған жеріміз — кафеге көбірек ұқсайды. Пафос пен қымбатшылық жоқ. Оны да француздар ресторан деп атай береді. Француздар сүйіп жейтін пияз сорпасын алдым. Бақаның аяқтары жоқ екен. Келесі келгенде міндетті түрде жеймін деп, арманда кеттім.
Кеш қарайды, біреулер Сенаны қайықпен шарлауға кетті. Қайтадан автобусқа тиеліп, француз әнінің ырғағымен Парижден шыға бердік.
Мен көрген Париж — сіз ойлаған Парижден басқаша ма екен?..
Бонус:

сонсон, мен сапардын барлык окигасын жазган жокпын)))
Сосын, не ма, брат. Пигальға бармадым дегің келіп отыр ма? Ол туралы неге жазбайсың? Әлде шынымен барған жоқсың ба?
амстердамда баргам кызыл шамдарга, экскурсиялык-кору максатында
амстердам — ен унаган кала.