Шырғалаң сезім...

Блог - aru: Шырғалаң сезім...

Эгоитспін… Өзіңді бақытты қылуға талпынбаппын. Сағынсам — кездесіп, сағынбасам — көруге құштар емес екенімді тіке айттым. Құшқың келген сәттерде қалай шыдап жаттың екен…

Қызғаншақпын… Өзімнен өзгенің көз қиығына ілікпесін деп жүріп, қаншама қысым көрсеттім. Достарыңнан біршама алыстап кеттің, сезем… білем.

Уайымшылмын… Біреу қабағыңды шытуға себепші боп қалмас па екен, жаны жабырқап қалмас па екен деген ойлармен жиі арпалысамын. Қарның аш қалмасын біле тұра, жиі сұраймын. Ал, сен үнемі күлесің.

Секемшілмін… Жанымнан жырақтап кетпесіңді жатқа білсем де, сезіміңнен селк ете түсем кейде. Аяқ асты ғайып боласың ба деп…

Суықпын… Оттай лапылдап, алаулап жеткен сағынышың мен сезіміңе сан рет су сепкем. Себепсіз…

Еркемін… Менің дәл осы қалпымды сен сияқты ешкім көтере алмас. Алдыңда армансыз еркелей алам. Сен еркелігіме ғашықсың.

Нәзікпін… Нәзіктігім сақталсын деп, қиындықтан қалқан боп қорғай аласың. Сенем…

Жігерлімін… Жан жарасын жанарымнан сездіртпеуді үйрендім.

Сабырсызбын… Сен жанымнан табылмасаң, телефоныңа тыным бермеймін. Қолың тимесе де, бір иіскетіп кетуге міндетті сияқты көремін.

Түсініксіз сезімім бар… Сен мені түсінуге тырысасың. Ал, мен — жоқ.

Бақыттымын… Бақытсызбын… Себебін білсем, бақытымды еселеуге талпынар ем…

Сен маған керексің. Бірақ, сені сүймеймін…
Бөлісу:

32 пікір

aru
toha9566
өзің туралы жазғансың ба мынаны?
danakyz
күшті… мен сиақткесің))
konvict
Қыздар сондай
a63a1
Нотариус зайып алсың, суретіңді өзгертш көтініш ә?)
konvict
көтінішіңді өтіңе тығып қой
a63a1
тіпті де рифма жоқ, көтініш пен оттің ұйқастығын қайдан көріп тұрсың?
Aya
 Абай ашуланывотыр ма
omarbirat
Жігіттің жүрегін оңай жаулаудың салдары сияқты елестетіп отырмын, неге екенін.
abzalsariyev
Құдай-ау, қандай жан жазды екен мынаны?
asaubota
КерекИнфоға осындай романтика жетпей жүр еді, рахмет!
torgai
Суықпын… Оттай лапылдап, алаулап жеткен сағынышың мен сезіміңе сан рет су сепкем. Себепсіз…
мына ойдан кейін екінші жазғаныңыз қайшы келеді
Уайымшылмын… Біреу қабағыңды шытуға себепші боп қалмас па екен, жаны жабырқап қалмас па екен деген ойлармен жиі арпалысамын. Қарның аш қалмасын біле тұра, жиі сұраймын. Ал, сен үнемі күлесің.
Біреу қабағына кірбің түсірмесін деп ойлайтын адам өзіде ренжітпейді негізі.
Ал жалпы керемет жазба!!! Сергелдең сезімді күшті сипаттағансыз!!!
satibaldi
Ал жалпы керемет жазба

"
АСА ҚҰПИЯ
Сіздің штаб байланыс желісінің бастығына үміткер сержант Якин Р. жолдастың алдын ала медициналық сараптама қорытындыларымен таныстырамын:
Қатардағы Якин Р. бала кезінде рахитпен ауырғандықтан, қарнының салбырап тұруын табиғи болмысы деп табылды. Туабітті сколиозы оны ұзақ отырысты талап ететін жұмыстарға бейімділігін төмендетіп тұр. Ақсап басатын аяғы болса, Лида госпиталінде тиянақты емделген, жәіне бұдан артық ем қонбайды деп танылған. Демікпесі мен аритмиялық белгілерін есепке ала отырып, Қиыр Шығыс, Батыс Украинадағы майдан алаңдары қолайсыздық танытады деп шештік. Нашар көретін көздері мен гаймориттен құрдымға кеткен иіс сезу қабілеті оперативті жұмыстардан гөрі, штабтық жұмысқа бейілдігіне меңзейді. Осыларды басшылыққа ала отырып, медициналық сараптама комиссиясының жабық отырысы Қаулы етеді:
Якин Р. жолдас — жарамды"...
Gulistan
Кейбір элементтері өзімде бар, өкінішті…
asaubota
қашан күйеуге шығасың? (мен де тиейін нервіңе  )
Gulistan
Түк те нервіме тимейсің, құрдас! Мына жоғарыда аталғандардың кемінде жартысын басымнан өткерсем болар еді...
Marco
Не ғо, бір адам үшін тым көп сияқты. Сенбедім. Мені сендіру аптырдың міндеті еместігін де түсінемін. Алайда, адам өзін ғана айтып отырып, бақытты бола алмайды. Бір сәт, "… мін" дегеннен көрі, "… сің" деп де тұру керек.
Erlan
қолда барда алттынның қадірі жоқтың кебіме
Xansha
Иә… Үш этаптан кейінгі қарым-қатынаста осы белгілер пайда бола бастайтын сияқты. Осы кезде екі жақ та сабырлылық танытып, өзімен күресе білгені дұрыс-ау… Аз ба, көп пе, біраз уақыт өткен соң есерсоқтанып, рухани байланыстары жоғала бастайды.
Жазба әрбір қыздың нәзік сезім сырларын дөп басқандай екен.
VKM
ойландырды…
Xansha
Ойландырады, иә…
Tyulpan
негізі өзіміз қиындатамыз бәрін…
dark_nazgul
Ээээээээхххххххх…
Emilia
Көп жерімен келісемін. Соңғы сөйлем ауыр, бірақта рас
ken
АРУ
Сонымен не болдыңдар? Әлгі бойжеткенге сезіміңді айттың ба?
MERmukhanov
неге минустаған? әділ сұрақ қо
ken
плюстай сал))
AKY
Осы бір жақсы сіңлім еді )))