Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Кешегі пати патилердің бірегейі болмаса да, жақсы өтті. Арбаттағы жұрттың көзі үйренген бізге, әдейі бұрылып келіп тыңдайды, әдейі іздеп келетіндер де аз емес.

Өнер адамдары да естіп, біліп, қызығушылықтары оянып жатыр. Өткен жолы Асқар Наймантаев ағамыздың сөзіне еріп, Мұқағали ескерткішіне кетіп қалмағанымыз жөн болған екен.

Домбырашы Талап Қараш келіп өнер көрсетті.

Өткен жолы филармонияның алдында Домбыра Party өткіземін деп, патишілер тарапынан біраз наразылық тудырған ағамыз, осы жолы домбырасын алып келіп, өнер көрсетті.

«Алматы! 25.07.2013 Арбатта өткен „Домбыра PARTY“ маған ұнады. Адамдар көп жиналған екен. Өзімді бір үлкен сахнада өнер көрсетіп отырғандай сезініп қалдым...» деп жазыпты өзінің Facebook-тағы парақшасында.

Домбыра Party: Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Мына бір кішкентай бүлдіршін мамасын салып айтқызып, ортаға шықты. Қолы домбыраның жоғарғы пернелеріне әрең жетеді, жаңа үйреніп жүр екен, соның өзінде қысылмай, топ алдына шығып өнерін көрсетті, соңынан тіпті «Жүгіріп шықтым белеске» деп ән де айтып берді.

Домбыра Party: Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Фэйсбукта Әлия Құрышжан студенттерімді апарып тыңдатам деп жазған, келді: Шон есімді әміркен жігіт, Перизат, Фатима, Анар және Нұрай есімді кәріс қыздары келіп, бас шайқап, таңдай қағып кетті.

Домбыра Party: Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Арнап келгендер кетіп, өзіміз ғана қалғанда, бір топ апалар келді. «Шымкенттен келгенбіз, қыдырып жүр едік, сендерді көріп бұрылдық» деді. Бұл кезде жаңа домбыра келіп, құлағын келтіріп, біраз бөгеліп қалып едік, «айтсаңдаршы енді, күтіп отырмыз ғой!» деп ренжіп қалды.

ОЛ кісілерге арнап, Сейіт екеуміз терме айттық біраз, сөйтіп тарастық.

Домбыра Party: Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Негізі, кешегі патиге бару жоспарда болмаған, сегіз жарымда Данияр Жаныс қоңырау соғып, "қайда жүрсіз?" деген соң, басқа жаққа кетіп бара жатқан жерімнен бұрылып келдім… Қолымда домбырам жоқ… Камера жоқ, фотоаппарат жоқ, телефонның қуаты таусылуға шақ…

Домбыра Party: Алматыда кеш ерте түседі, әттең
Бөлісу:

16 пікір

dark_nazgul
Манастың ағасы Едігенің әнін видеоға түсірген адам болса, маған хабарын берсінші.
Marco
Шындығында, әуел баста «Бәлен де түген» деп, типа бел шеше кірісіп кеткендердің көпшілігі, әсіресе сынағыштар мен сөз тасығыштардың қызығушылығы басылып кете жатқан сияқты. Ол да жақсы шығар)
dark_nazgul
иә. Түбегейлі басы-қасында жүрмеген соң, «сөйте қояйық, бүйте қояйық» өтпейтінін түсініп жатыр…
Armanjan
Ең соңғы суреттегі сөткіні шұқылав отқан, юүпкісі әдемі келіншек сіз боласыз ба?
dark_nazgul
иә, юпкім әдемі екені әдемі.
Armanjan
Оооооо, Нәзеке, пікіріңізді нетіп, әлгі плүстев жіберин енше
dark_nazgul
Пікірді қайтесің, жазбаның өзін нетжверсеңші.
Armanjan
Кәзір онда. Айтпақшы сіздің жазбаларыңыз ылғы маған дәмді тамақ жегендей ұнап отырады, әлгі анау "әйел жақсы нетсе ұл табады" деген жазбаңыз әлі есімде, қатын алған күні өзіңізге барып ұшықталып/ұшықтатып алғанды әлі армандап жүрмін, тіпті келсең-кел қолдан келсе көмектесем деген сөздеріңіз де әлі есімде
dark_nazgul
сіздің жазбаларыңыз ылғы маған дәмді тамақ жегендей ұнап отырады
Жалғыз саған емес
monti
осы алматтағы патиге Мамкамды лестіріп барам деп әлі жүрм ұят форматын айтып түсіндірі алмадым барып естірту керек енді бір қол тигенде

ПС: ана жолы аяқ асты Тұраның концерті жайлы инеттен көріп апарып едім концертке қатты қуанды, енді патиді бір көрсе сендерді де ұнатып қалатын шығар

мадестер, алматтағы пати десе @dark_nazgul келед көзіме, жер-жерден ДП ұйымдастырушысын сайлау керек боса даусымды Назгулге берем
Daniar-Alan
«Шымкенттен келгенбіз, қыдырып жүр едік, сендерді көріп бұрылдық» деді
көкем аййй, көкем айййй
dark_nazgul
Шымкенттегі патиге барыңыздар деп үгіттеп жібердік. «Тлбизірден естігенбіз, білеміз, енді барамыз» деп кетті апалар.
asaubota
келесі жұма күніне Алматыға іссапар жоспарланып отыр. жұма/сенбі күндері Керекшілер кездесуін өткізсек қайтеді?
dark_nazgul
Ізгі алқаштарға ауыз ашар жасайық.
asaubota
қайда шақырсаңдар да барамын, тек сыра ішпейтінімді алдын ала айта кетейін