Жұмыс!

Веб-редактор керек.

Сыбайлас қамқорлық: Жұмыс!

Қоғамдық бірлестік сайтына редактор керек. Сайт екі тілде жүргізіледі, басымдық орыс тіліндегі сайтқа беріледі.

Маманға қойылатын талаптар:
1) жоғары білім; қазақ және орыс тілдерін жетік білу;
2) веб-редактор, контент-менеджер мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі;
3) google analytics, Яметрика көмегімен желілік медиа құралдарына сараптама жасау дағдылары;
4) facebook, twitter, google+, youtube, linked in әлеуметтік желілерімен жұмыс істеу дағдылары;
5) SEO және SMO оңтайландыру, SMM салаларында жұмыс істеу тәжірибесі;
6) блог жасап, жүргізу дағдылары;
7) коментарийлер мен форумдарға модерация жасау дағдылары.

Сонымен қатар, қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне мынадай жауапкершіліктер кіреді:
1) ұйымның facebook, twitter, mail.ru әлеуметтік желілеріндегі корпорациялық аккаунттарын жүргізу;
2) ұйым қызметтерінің Интернет желісінде алға жылжыту концепциясын әзірлеу;
3) ұйымның сайтындағы мақалаларға жазылатын пікірлерді модерациялау;
4) мақалаларды ұйымның сайтында мультимедиалық түрде ұсыну үшін өңдеу;
5) сайтта жариялау үшін мультимедиалық материалдар әзірлеу: фоторепортаждар, инфографика, таймлайн, т.б.;
6) Интернет желісіндегі ақпараттық серіктестік жөніндегі маркетингтік кампанияларды әзірлеу.

Бұдан басқа да көптеген шарттар мен талаптар бар, бәрі интервью үстінде айтылады.

Жұмыс Алматыда, сайт wordpress-те.

Ниет білдіргендер маған жекеге жазсын.
Бөлісу:

21 пікір

Aidakonya
хоббилеріңіз қызметтік бағытқа ауысып жатқанға ұқсайды ғой
dark_nazgul
негізі, осы арадағы көп адамның қызметі осы.
Daniar-Alan
Апау мынауың дәл менің жұмысым екен   Бірақ кемінде 2-адамның тірлігі ғой. Тіпті3. СММ, дизайнер және редактор. Айлықтарың да көп шығарӘ
dark_nazgul
Все вопросы на собеседовании. ©
meirzhan
Әжептәуір әмбебап болу керек екенәә
dark_nazgul
Былай ғой.
Бүгін жасыл шам жағылды.
Мынау қазір мен істеп жүрген жұмыстың жарнамасы.
Опшым, өз орныма адам іздеп жатырмын.
asaubota
сенің жұмыс хабарландыруларың сәтті аяқталатын еді ғой  бір хабарландыруың есімде
dark_nazgul
аузы дуалы, қолы жеңіл адаммын ғой.
asaubota
менің артымнан кейін тағы үшеу кірді, бәрі сіздің арқаңыз Назгүл ханым
dark_nazgul
өзім де барар едім, әттең...
dark_nazgul
сіздің арқаңыз дегендей-ақ…
aza
Мен Пиар менеджер іздеймін. Айлығы көп!