Керек-бәйге!

Бір жарым жыл бұрын Керекте мынадай новеллалар бәйгесін өткізген болатынбыз.

Блог - dark_nazgul: Керек-бәйге!

Енді, сол дәстүрді жаңғыртып, тағы да новеллалар бәйгесін жариялаймын!

Ұйымдастырушы мен болғандықтан, бәйгеге менің сүйікті новелла жанрында жазылған шығармалар қабылданады.

Бәйгенің тақырыбы — "Қызметтестер хикаясы".


Бәйгенің шарттары:

  • бәйгеге кез келген қолданушы қатыса алады (жасы, бойының ұзындығы, салмағы, жынысы, қызметі, отбасылық жағдайы, балаларының саны деген критерийлерге шектеу қойылмайды).
  • бәйгеге тек сауатты жазылған шығармалар қатыстырылады.
  • бәйгеге жолданған шығарманың авторын көрсету-көрсетпеу жөніндегі қалаулар қабылданады.
  • бәйгеге қатысатын шығармалар dark_nazgul@mail.ru поштасына тамыздың біріне дейін жолдануы тиіс, одан кешіккен шығармалар жарияланбайды.
  • келіп түскен шығармалар арнайы аккаунт атынан бір күнде жарияланады.
  • өз бетімен жарияланған шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.
  • шығармалар жарияланғаннан кейін бір апта ішінде мен тағайындаған бес адамнан тұратын қазылар алқасы өз таңдауы және қолданушылар таңдауын негізге ала отырып шешім шығарады.
Ал, қаламдарыңа Алла қуат берсін!
Бөлісу:

118 пікір

Marco
Оқитын көбейіп, жақсы боп қалатын болдық.
Daniar-Alan
а сыйлықтар?
dark_nazgul
Сол баяғы пәтердің кілті ғо, тек менің пәтерімнің кілті бұл жолы қойылмайды
Жүлде қоры бірлік болады, ал аз немесе көп болуы демеуші табылуына байланысты.
Aldeken
йеххоооооу!!! оқимыз!!!
AKY
оқи бермей, жазыңдар-еу))))
kariim
Бір жазушының әйелі: «Отағасы-ау, сіз оқыңызшы, сонда жақсы жазасыз» — десе, жазушы ағамыз: "Қайдағы оқыған! Мен оқушы меспін, жазушымын ғой!" — деген екен.
AKY
сіз де жазыңызшы бәйгеге новелла
satibaldi
Не сұрап отырғаныңды білмейсің сен, пенде! Құрыдым деп ойлай бер
Соңғы түзету:
AKY
қызық қой
satibaldi
Оның әңгімесінен — сол әңгіменің растығын куәлік еткендердің тізімі ұзын боп шығад үнемі
kariim
Иә, иснадқа мән беру өте маңызды.
kariim
Мен жазсам Сатекең ӨРТЕНЕТІН шығар
AKY
басқалардың да өртенгісі келетінін түртіп қойыңыз
monti
 
осы сізде кепсіз ғо мында, прям көптен көрмей кеткен бауырды көргендей болдым ғо
kariim
Сол новеллаңды жаза алмаймын-ау деймін. Себебі ол жер жалған тағдырлар айтылады.
AKY
ширк?
kariim
Аллаға ортақ қосудың зор күнә екені жайлы жаз дейсіз бе?
AKY
онда шынайы өмірден жазыңыз. бірақ ол енді өсек болып кетед-ау…
kariim
Мен оқушы емеспін, жазушымын гой!
AKY
енді, жазушы болсаңыз жазыңыз да, маған не дейсіз))
satibaldi
Әмпей-жәмпей болуларың жаман емес Ох мулла, охх дон Жуан, охх Казанова, охх Біржан сал, реті келсе, сен де, ә?
AKY
көре алмай отсың ба
satibaldi
Жоға, пәлсапа доғдыры мен тақуаның тандемін елестетіп отырм.
AKY
иятсыз ағашкі))
satibaldi
— Құдайдың бар болу ықтималдығы 38,4 пайыз, немесе 0,34, міне өзің қара!
— Ом манэ, күнә'әр болма қызым, оның бары хақ!

Ұрыс-керістен босамайтын жұпты елестетіп отырм.
Aldeken
пәлсапа доғдыры мен тақуаның тандемі
kariim
Қуып кеткен, Сатеке! Әйтеуір бір қыстырылып қалсай.
salamat
оқырман деп түзетіп қойыңыз
Aya
Алақай)) жақсы болды.
Aya
неге тақырыбы "Қызметтестер хикаясы"?
dark_nazgul
қызық қой
Aya
Фантазия кетед дисіз ғо)) жөн, жөн. Қызыыыық болатын сияқты. Былтырғы жеңімпаздар биыл да жүлдені бермейтін шығар.
satibaldi
СырттанЫғ, поштаң майл.руда болса жазбаймҮҒ, орыстың боданы емеспін сен сияқты. Іә. ©Sayan3
dark_nazgul
nkozhabekova@gmail адресіне жазыңыз.
satibaldi
Орыстан қашғыпВі, БҚШты жала деп тұрсың сенҒ маған. ҚұЮырҚыңғІә. ©Sayan3
Соңғы түзету:
edige
бәйгеге тек сауатты жазылған шығармалар қатыстырылады.
Сауатты екенін сараптайтын сарапшылар кімдер болады екен?
dark_nazgul
мен.
satibaldi
AKY
не жырқыл, осы сенікі, а?
satibaldi
Хромтаудың өзінде тұратын адам тальгоға билет алыпты, гардобды жарад нақ
Xansha
Тамаша! Көру керек екен… Тақырып қызықты!
Arys_arlany
"Қызметтестер хикаясы" осы тақырыпта жазады ма барлығы??????????
dark_nazgul
бұл енді тақырып емес, фабула десе де болады.
qisyq
Қатыссам ба екен…
dark_nazgul
Сондай да сұрақ бола ма екен?
satibaldi
Аса қадірменді Менге!

Қадірлі Мен! Сіздің кезекті әдеби атжарыс ұйымдастырғаныңызға қуана әрі шарттарыңызға мойынсұна отырып, келесідей түсініксіз жәйттердің, осы күндері пәс те ығыр болып жүрген көңіліме қаяу түсіріп, белгісіздік тұманы тұмшалап тұрғанын асыға хабарлаймын:

1. "Қызметтестер хикаясы". Тақырып — әріптестер туралы ма, әлде — мамандықтастар туралы болуы керек пе?

2. Новелла дегеніміз не? Бұл жерде аса биік назарыңызды, Уыкыпедия мен оған сыбайлас басқа да энциклопедиялық дереккөздерді, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерінің көмегінсіз әлі де өз бетімше қарауға қауқарым барын жеткізгім келеді. Новеллаң эссе боп кетіпті деп алмай қалсаңыз, қыздардан жамандық, тағдырдан теперіш көрмеген акмеме, яки «Меніме» (өзіңнің Меніңмен шатастырып алма) сызат түсіп, онсыз да қам көңіліме қаралы жамау болып, ақыры жүйкем сыр беріп, мүшейраңыздың жартылай финалында ұшып кетемін бе деген қаупім бар.

3. Aya , жоғалнақ
Aya
неге жоғалуым керек???((
Daniar-Alan
Ая ойнап айтып жатыр ағаң  Қапаланбашиш
Rafaello
Конкурстан тыс қатыссам бола ма? Ұтып кететін сияқтымын.
dark_nazgul
Жоқ, сен конкурстың өзіне қатыс.
Осы жолы менің пәтерімнің кілті саған бұйырып қалар.
Aldeken
Осы жолы менің пәтерімнің кілті саған бұйырып қалар.
уау-уау-УАУ!!!
dark_nazgul
Алдеке, неге сонша қуандың?
Aldeken
Алғашқы әрпін жазбай жатып фавориттер қатарына ілігетіндерге наймандардан бөлек нәсілдер іліккеніне қуанып отырмын… дееееееееееп қуып кетсең. ия?
dark_nazgul
Точно қуып кеттің
dark_nazgul
Қисықтан басқа найманға бүйрегімнің бұрғаны есімде жоқ.
Aldeken
аз ба, не?
dark_nazgul
Енді, бір Қисық найман өзге жүз қазаққа татитынын ескерсек, әрине, аз емес.
Aldeken
бірақ, «пәтердің кілті» Рафада болатыны қуантады, әйтеуір…
dark_nazgul
Алдымен қатыссын да.
Үмітімді ақтайтын шығар деген сенімдемін.
Aldeken
оның қолдары ұзын… барлық мағынада…
dark_nazgul
оооо. Рафаэллоның көзін көрген адаммен таныс екеніме қуанып отырмын.
Aldeken
«Пәтеріңнің кілтін» берсең көру мүмкіндігің еселене түсер ед… деееееееееееееп, Рафаның фавориттік рейтингін көтеріп қояйын...
dark_nazgul
Алдыңғы жылғы пәтердің кілтін алған жүлдегермен тура бір жыл өткен соң жүздесіп едім, бұл жолы да солай болар.
Aldeken
ол да мүмкін… интригасынссс…
Rafaello
Пәтер кілтінің орнына рухани әңгіме таңдасам бола ма? Сол жетпей жүр маған
dark_nazgul
ОК
Rafaello
Сізбен рухани некеге отырғым келеді менің Назгүлім!
dark_nazgul
Келісемін!
Rafaello
Не ғой қатын, кешке тақырып әкеліп тастаймын. Менің орныма пост жазып тасташ.
dark_nazgul
еее, әлі неке қиылған жоқ))) өзің жазцта нақ!
ойбу, кешіріңіз, мырзам, әкеліп тастаңыз, жазып тастаймын.
Соңғы түзету:
Rafaello
Ұсынысымды қайтып алдым. Рухани жарастық таба алмайтын сияқтымыз алғашқы минуттан.
dark_nazgul
кеттім, ушівөлем…
Armanjan
осы расында у сатыламекен базарда
Rafaello
Аздап қант қос, жеңіл өтеді сонда.
dark_nazgul
айтсаң болды ғой.
dark_nazgul
ох… сені енді жақсы көре бастап едім… *(*(*(
Rafaello
Сенің (өте берейін) ашулы кейпің мені қайтадан рухани қоздыра бастады.
dark_nazgul
у құйылған құтыны енді аузыма апара беріп едім…
salamat
қарындас
фейсбукты қалай ашуға болады?
сұрақ жауаптан қайыр болмаған осында кіріп едім айып етпе
dark_nazgul
www.facebook.com
мына сілтемемен кіресіз.
asaubota
тақырыпты түсінбедім. қызметтестер арасындағы романтикалық қатынас туралы ма?
ken
служебный романның қазақшасы шығар
salamat
қызметтегі махаббат немесе стол махаббаты
ken
Сәлем. Айгөлек қайда?
salamat
кеткен шығар байға
dark_nazgul
Түсіндіре кетейінші.
Опшым, фабула бойынша, бір мекемеде жұмыс істейтін жігіт пен қыз (жігіт пен жігіт, қыз бен қыз болуы да мүмкін, азғын қиялдарың білсін оны) ғаЧқ бовқалады. Ары қарайғысын тағы азғын қиялдарың біледі.
Ал азғын қиялдың шарықтау шегінен соң, новелла жанрының талабына сәйкес, күтпеген, яғни, оқырманның осы уақытқа дейін сюжет желісі бойынша болжап отырған болжамының бәрін наққа жіберетін жоққа шығаратын финал болуы тиіс.
Aya
Тамыздың бірі жақындап қалды…
dark_nazgul
Ертең тамыздың бірі. Бірақ, келіп түскен шығармалар санының аздығына байланысты, үлгермей жатқандар жазып болсын деп, тағы бір апта уақыт беремін. Келесі бейсенбіге дейін жаза беріңдер, оған дейін мен де бас жазып, ес жинап қалармын.
Rafaello
Өзің жазып жатқан шығарсың түрлі фейк аккаунттар ашып алып. Біреуін маған сатшы
dark_nazgul
Саған тегін-ақ берер едім, әттең…
Rafaello
Жазғым келіп еді… Жаз айында шынымен қол жүрмей жүр жазуға. Жаман ішіп кеттім
dark_nazgul
Жазшы… сенікін оқығым келеді…
Rafaello
Жаза алмай жүрмін деймін
dark_nazgul
Шабытыңды қамшылап жіберейін бе?
Daniar-Alan
Шабытыңды қамшылап жіберейін бе?
 қамшы ұстап тұрған Назғұл апм елестеп кетті
Daniar-Alan
енД… апым өзіңіз болса Сізден асып қайда барамыз
dark_nazgul
е бәсе, өзіме тартқан.
satibaldi
Ал, шығара бастаңдар! «Охуйық».
dark_nazgul
охуйтын дым жоқ…  Рафаэллоның өзі ішіп кетті…
satibaldi
Қаламдірілдерді жариялай бастайтын шығар деп ойлағам. Қап…