Сиязбай Пазылфеши. "Күлдік"



Қаламхеріміздің «Сиязбай» деген есімі ерекше де оғаш көрініп тұрған шығар сіздерге, херметті охурмандар. Ендеше, атын әкесі қойыпты. Съезден съезге делегат болумен өмірі өтіпті деседі жарықтықтың.
Ал Сиязбайдың өзінің қайғылы тағдырын жауларымызға тілейміз. Иә, тап солай: жауларымыздың жазбасы еш жерде жарық көрмей, қатағалсын!
Соңғы рет редакциямызға өткен жылы таңертең келген екен. Редактор:

— Мынау жуындыны жазған өзің бе? — депті.

Орысқол редакторды бірдеңе түсінбей тұр деп ойлаған Сиязбек:

— Аға, «произведение» — «жуынды» емес, «туынды» деп аударылад! — деп ыржалақтаса керек. Сонда редакторымыз:

— Дұрыс түсіндім ептібайымайд: жуынды деп тұрмын мен мынаны! — деп, көттен бір теуіп қужіверіпті.

Бүгін сол — редакторымыздың тасына дейін күйдіріп, барлық жеріндегі шаштарын тік тұрғызған шығарманы ұсынуды жүн көріп отырмыз. Шешесстің.




Күлдік

Бастық кіріп келд. Келді де: «Менің орныма қыз кіріп келгенде ғой ә, жайнап қоя берер едіңдер!» деді де, күлді. Біздер ду күлдік.

Сосын бухгалтер де келді. «Менің орныма қыз кіріп келгенде ғой ә, жайнап қоя берер едіңдер!» деді де, күлді. Біздер ду күлдік.

Одан кейін бас инженер жолай соғып кетті. Ол ештеңе демей, жәй, күлді. Біздер ду күлдік. Марк Домақұлы болса, тіпті шалқасынан жатып күлді.

Сөйткенше түскі тамақтың уақыты да болды. «Осы біздің асхана жыл сайын бес теңегеден қымбаттатып отырад білдірмей. Мен жұмысқа тұрған жылы самса 70 теңге еді, қазір 100 теңге» деп қалды инженер. Барлығымыз жамырай күлдік. Марк та күлді.

Асханаға бара жатып бара жатып, холлдағы айнаға бір қарап алдық та, күлдік. Асханаға кіріп едік, Марк аспазға: «самсаңыз ұрғашы күшіктен болса жемейм, маған — еркегін» деді. Аспаз күлді. Біз де күлдік.

Бас инженер тамақтың ақысын төлеуге қалтасынан ақша шығарып еді, арасында ресей рублі жүр екен. «Орыс жаман дейсіз, бірақ ақшасынан қашпайсыз ә?» деп қалды Марк. Бас инженер күлді. Біз де ду күлдік. Бас инженер күліп алып:

— Енді… ақша ол ақша ғой шіркін қашан да… — деді қиялдана. Марк күлді. Бәріміз ду күлдік.

Көңілді күн болды негізі. Айтпақшы, кешке үйге келе жатқанда сингайлық сексендер шығып, «миллион демейміз, бірақ бес мың тастап кетсең — мұрның мен бетің орнында қалад!» деді. Мен күлдім. Олар болса:

— Пәтағыма күлесің бе, ептібайымайд бұтақбас, тігейін деп тұрғанымызға сенбей тұрсың ба не? — деді жағамнан алып. Мен езуімді жия қойым. Бірақ бір қой сабап кетті.

Үйге келіп, айнаға қарасам, беттен дым жоқ, бірақ жымиып тұр екем. Білә, білә, мен дегенмен ауру сияқтымын…
Бөлісу:

49 пікір

aikarakoz
e_zhalgas
оқып алып, айқаракөз де күлді. мен де күлдім.

Соңғы түзету:
Abilakim
кімге несі ұнамай қалған мына пікірдің?
Abilakim
«Жалғасты минустады. Мен де минустадым»десең ә)))
Abilakim
Марк Домақұлыша столдың астында жатырмын
Armanjan
ықылықтав күлдік.
asaubota
 админ күлді. бәрі ду күлді.
Abilakim
өтті
GALEKE
Қисықтан келесі Ашық хат күтіңдер онда
Abilakim
Нұрболханна тәпәқ күтпей-ақ қояйық па?
GALEKE
Соңында бірақ күлдім. Өлдім
Yafoo
(art)Жағым ауырғанша күлдім.
Соңғы түзету:
torgai
Жұрт күлді-мен де күлдім.
Anar70
көп күлген бір жылар...
satibaldi
Ғаламның құпиясын пензесс ашып қоям дейсің ғой
Aya
Бәрілері ауру.
satibaldi
Кетші-әй өзің.
Aya
ішіңіз пысвотқан сияқты ғой
satibaldi
Асыраватқан пяншіктеріңе қара, қашып кетпесін тағы, менімен салғыласып отырғанда.
Aya
))))))) Сатыбалды 2-ні тордан мүлдем шығармаймын, мықтап бекітіп қойғам торын, алаң болмаңыз.
satibaldi
Әуелі қарапайым тауық асырап көрген адамсың ба өзің.
Aya
асырап көрмеген едім. Ұрыспаңызшы бірақ. Әлде Сатыбалды деп қойғаныма ренжисіз бе? Баяғыда Мухтар деген ит туралы кино болғанда, әкем бұлқан-талқан болып ашуланғаны бар еді))
Adiletshu
Мұхтар Мағауин әкеңіз ба еді
Соңғы түзету:
Aya
Жоға, Өміртай ғой. Мұхтар деген Әуезов, Мұхтар деген Мағауин деп қой
omarbirat
100-ден аса лайк, шейір пен соншалықты ретвит жинап жататын Facebook пен Twitter жұлдыздарына да қолдануға болады екен мынаны. шынымен күлкілі болсын, болмасын, бірдеңе деп құса салса болды, әрі қарай тарап кетеді дейсің
007
күлкілі түгі жоқ
MERmukhanov
))) әріптестерімннен ұялып, булығып отырмын
a63a1
сенде бареньемен шәй іштіңбе?
MERmukhanov
)) жоқ. жай, сөздерді мән беріп оқығанда, күлкі шақыратын қуынды екен мынау
Zhan
әріптестерімннен ұялып, булығып отырмын
Дәл қазір менде осылай отырмын))))))
temir1986
Немен бетіңнен дым жоқпа?
Daniar-Alan
лібәә  құй сен, құй сенбе, дәл осы әлгінде осындай жағдай болды  Эльфқа сілтеме ляхтырдым
Daniar-Alan
бірақ жымиып тұр екем. Білә, білә, мен дегенмен ауру сияқтымын…
Gastarbaiter
Мен басында, бастық емес, жай бір Тассай тасушы келіп, әзілдеп еді, «Жұмысыңды істе япты» деп қуып шықтық деген финал күтіп едім,
Daniar-Alan
Айтпақшы, кешке үйге келе жатқанда сингайлық сексендер шығып, «миллион демейміз, бірақ бес мың тастап кетсең — мұрның мен бетің орнында қалад!» деді.
Rozatai
Аса қадірмен Сат атайдың мынадай шедеврін кезінде қалай көрмей қалғаныма таңғалып тұрмын. Өткенде блогерлерден есітмегенде, бұл шығарманы оқымай да кетеді екем. Сат атай, сізді сағындым және күлдім :*