Жетім көрсең жебей жүр....

Блог - KazaXXX: Жетім көрсең жебей жүр....Кеше жетімдер үйіне барып қатып қалған жүрегімді жібітіп қайттым. Жағдайлары жақсы, әрине материалды жағынан. Ал моральді жағына келетін болсақ екі ойлы болып қаласың. Бір жағынан жақсы деп ойлайсың, қасында достары бар, апайлары(воспитатели)жаман емес сияқты. Екінші жағынан бәрі жақсы болса «сен менің папам(мамам) боласың ба» деп сұрамас еді деп тағы ойланасың. Материалды жағы жақсы дейтінім сол жерде болған уақытта байқағаным оларда бәрі бар секілді, футбол ойнауға формалары толығымен бар, бутцы, гетры, форма.
Мынау ФБда алдын жазған постым:
Бұл жігіттің есімі Мухаммед. Жасы тоғызда. N3 жетімдер үйінің баласы. Қазақтың баласы. Осыдан үш ай бұрын осы жетімдер үйіне көмек көрсетуге жиналып едік. Сондағысы шын мәнінде ол мекеме біздің қаражатымызға мұқтаж емес еді, оларға барып бір көңілдерін аулап осы балақайлардың көңілін көтеріп ойнатып қайту… Қысқаша айтқанда мынадай күлкіні көру. Сол кезде біз бұл балалар үйіне кіре алмадық, қасындағы мүгедек және ауру балалар үйіне барыппыз. Қателескенімізді айтпадық, тек алып барған заттарымызды тарту етіп қайттық. Айтайын дегенім осы балақайлардың қасына барып жүректеріңізді жібітіп қайтып тұрыңыздар. Өйткені мына бірін-бірі жұлып жейтін заманда жүрегіміз тасқа айналған, естен шықпасын!
Блог - KazaXXX: Жетім көрсең жебей жүр....
Бұл жігіттің менде суретінің пайда болу себебі: Біз «жастар маслихаты» ҚБнің өтінішімен оператырымзды жіберген тұғынбыз әлеуметтік ролик түсіру үшін, сол кезде түсіріп алынған фото…
Барып қайтқаннан соң қойылған пост:
Балалар үйінде болдық бүгін. Естеріңізде ма мен алдыңғы посттарда Мұхаммед деген жігіттің суретін қойғанмын?! Ал міне енді өзімен таныс болыңыздар. Әр апта сайын осылармен ойнап, көңілдерін көтеріп, әр түрлі шаралар ұйымдастырып жүрген Жандос Қалтаевқа рахмет айтқым келеді… Шынын айтқанда екі ойлы болып қайтасың, бір жағынан қуанасың балақайлардың көңілін көтере алғанымызға, бір жағынан ызаланасың, бәрін өзіңмен бірге алып кеткің келеді бірақ шамаң жетпейді. Ешқандай қаражат жағынан көмек керегі жоқ, тек қана көңіл керек. Еркелететін адам керек, ата-анасындай бола алмайтын шығар бірақ бұлар соған құштар. Өздерінің әкесіндей немесе ағасындай болып кеткен Жандосқа таласып жатыр, айтатындары «менің бірінші папам болды» дейді… Жалғыз бармадық, біраз адамдар болды, блоггерлерде бар, кәсіпқой футболист де бар арамызда. Дәурен Кенжебектің қолынан бір кішкене балақай ұстап алып жібергісі келмей шамалы уақыттай ұстап тұрды кейін келесі аптада келем деген сөзін алып қана барып жіберді, бірақ «сен алдап кетесің ғой» деген сөзді ғана айтты да қасымыздан кетті… Мен сөзбен сезінген сезімімді жеткізе алмай тұрмын, оны тек көзбен көріп жүрекпен сезу керек.



Бөлісу:

14 пікір

asaubota
өзің әке болғаннан кейін барлық балаларға балаңдай қарайсың. бәріне бірдеме істеп, бірдеме алып бергің келеді. әттең…
KazaXXX
Сол ғой, өз бала шағаң көзіңе елестеп кете береді…
KazaXXX
Тағы бір нәрсе бар, футбол жақсы көргендерімен ешқандай футбол командасын білмейді екен ешқайсысы…
Ispek92
Реалдың формасын киіпті, менің қаламда бірде бір жетімдер үйі жоқ. Бұған қуанам ба әлде қалай етем түсіне алмадым?!
asaubota
жақында бір үлкен кісілер балалар үйінен 13 жастағы баланы асырап алыпты. сол бала үшін және жалпы бәрі дұрыс болсын деп мешітке барып неке қидырып, некелерін жаңартыпты. ана баланы да сол мешітте азан шақыртып өз балалары қылыпты. ана бала жаңа әке-шешесінің айтқанын лезде атып тұрып орындайды екен, жүгіреді екен тек бірдеңе айтса. іштей қорқатын сияқты дейді, егер жаман бала болсам қайтадан апарып тастайды деп. ол балалардың арманы сол сияқты, кім болса да өздеріне әке-шеше табу.
zholantai
Кеше жетімдер үйіне барып қатып қалған жүрегімді жібітіп қайттым.
Ispek92
плүс студияға, осындай жазбадан соң аздап болса да тәубаңа келеді екенсің
Nodar
Жетим корсең жебей жүр деп айтылганмен, адамдардың жетімдерге реакциясы екіжүзді екенін байқадым. Олар жетімдерді аяп, шетелге кетті, бейшаралар деп айтып отырады да, өздері асырауға қарсы шығып жатады. 90 пайыз жағдайда. Тек жетімдерді өз балаң болмаса тек қартайғанда біреу бақсын деген эгоист оймен асырап алады. Короче амалсыздан, бірақ ол как бы мейиримділік болып көрінеді.
Жыным келеді.
omarbirat
"Қай командада ойнағың келеді?" деген сұраққа қиналады екен. Телебизірден футбол көрмейтін сияқты, соған қарағанда…
Осындай қол-аяқтары сау, сүйкімді-ақ балаларды жетім деуге қимайды екенсің
Adiletshu
Ондай жасымда мен де қандай командалар бар екенін білмейтінмін
KazaXXX
Ешқандай команда ешқандай футболистерді білмейді тек Роналду білетіндері… Ал бұл қатарлы балалар дворда жүгіріп жүр ғой Манчестер мен Реал Мадридті айтып…
Daniar-Alan
қазақша сөйлейді екен бәрі
jako_83
күнде бір айналып келіп видеоларды көремін, көремінде өзімнің балалық шағымды еске аламын. Бұл балалардың арманы тезірек ержетіп, жеке өмір сүргілері келеді бұд жерден кетіп, қайдан білсін қоғамның бәрі олар ойламағандай екенін