Мен ұсынатын тіскебасар :)

Мен негізі аспаздық өнермен мақтана алмайтын адамдар қатарынанмын. Бірақ, анда- санда өзім ғана қалғанда жасап жейтін тамағым бар және көп уақытта керек емес максимум 10 минут  Соны сіздермен бөліссем.
Қажетті нәрселер:
1. 3-4 жұмыртқа
2. 50 гр сумай
3. 100-150 гр колбаса (арзаны жарайды негізі)
4. 1 бас пияз
Алдымен пияз бен колбасаны турап аласыз, майды кыздырып екеуин куырып алып устине жумыртканы жарасыз. Керегінше тұз салып дәмдейсіз. Еш қиындығы жоқ. Бар жоғы 5-7 минутта дайын болады және қарын тойғызады.
Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мен ұсынатын тіскебасар :)
Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мен ұсынатын тіскебасар :)
Тағы бір варианты:
1. 3-4 жұмыртқа
2. 50 гр сумай
3. 1/4 бөлке нан

Нанды ұсақтап турап жұмыртқаға араластырасыз. Табаға майды қыздырып үстіне нан араласқан жұмыртқаны құя саласыз да тұздап аузын жауып қоясыз. Бітті, 5 миунтта дайын.
Бөлісу:

24 пікір

Altin
2. 50 гр сумай

сумай деген не?
satibaldi


4 жұмыртқа x 20 тг = 80 тг;
150 гр шұжық ~ 150 тг;
1 бас пияз ~ 20 тг;
50 гр. күнбағыс майы ~ 20 тг;


Барлығы: ~ 270 тг.


Бізбен сауда істескеніңізге рахмет!


Кассир: Бәйменшина Аманкүл
18072003-08:57AM



Соңғы түзету:
Ispek92
қазіргі кезде керекте менің құсық жазғаным мен тамақ жайлы жазатындар хиииииииииииит болуда
satibaldi
Банға сұранудың банға сұранбай-ақ сұранатын түрі болады.
Ispek92
Соншама не дедім мен?!
Daniar-Alan
қазіргі кезде
деп бастадың әңгімеңді,
керекте
деп отырып асықпай шылымыңды сораптап алдың да,
менің құсық жазғаным мен тамақ жайлы жазатындар
дей тұра шылымың әсер етті ме
хиииииииииииит болуда
деп шиқылдай жөнелдің… Осының бәрі Сатыпалдының көңіліне тигені сөзсіз…
satibaldi
Жить надо очень осторожно,
Наша сторона есть свой таможні.
Я знаю по — русски как положно,
Давай, иди гуляй, до свидания,
Давай, иди гуляй, до свидания.
Ты кто такой? Давай, до свидания!
Aikona
бұл жазба арнайы байқау үшін жазылған. Ал сенің өз жазбаларыңды құсық санасаң өз еркің
AKA
 Екінші әдісте мен нанды батырып алып, екі жағын да жеке-жеке қуырады екем.
konvict
Пиаз бен жұмыртқаны қуыруға болады. Тәтті тамақ шығады.
dark_nazgul
Боянн. Мұндай жасап көрмедім деген адам кешке менімен кездесуге келсін.
Marco
Дәл! Бірақ, сенімен кездескісі келіп жүргендер, жасамаған болып қала ма деп ойлап отырмын
Aikona
 ең танымалы ғо
Arys_arlany
Менде де бір осыған ұқсас рецепіт бар, былтыр ораза ұстамайтын кезде әбідке істеп жеуші едім. Жұмыртқа ең оңай нұсқа ғой, пияз бен қосқанда))
Adiletshu
Не аппетитно көрінеді. Бетін қақпақпен жауып қойып жұмыртқаларды буға пісірсе жұмыртқалар домалақ-домалақ болып әдемі көрінеді
Aikona
бұл екі-үш жыл бұрынғы сурет еді. келесі жолы жауып пісірем
toha9566
жалпы жұмыртқа қуырудың амалы көп қой. Шикі жұта салсаң да өлмейсің)) пайдалы болад
asaubota
помидор және сыр қоссаң күшті болады
Aikona
иа помидормен керемет, сочный болады
ken
нағыз тамақ-піміре-алмайтын-қыздың тамағы
Nodar
Егер аластырмай, тарелкаға салып, үстіне әдемілеп укроп шаша салғанда суперррский болар еді.
Nodar
Жуаны азайтып, колбасаны аккуратно, кішкентай соломкалап турағанда