Байқауға: "Ипотекаға алынған қарлығаштың ұясы"

(Байқаудан тыс)

Барлығыңыз "Қарлығаштың ұясы" атты серіппетәрізді оралған макарон түрін естіген шығарсыздар (кейбіреулеріңіз көрген болуыңыз да ғажап емес):

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Байқауға: Ипотекаға алынған қарлығаштың ұясы

Бірақ кейде олар сынып-сынып, қалдықтарын тастауға да қимай, әлде обалынан қорқып па, әлде төгіватқанымды kariim көріп қалып зайып ал қылад деп пе, очм, макарон жәшігінің артқы жағына ысырыла береді. Бірақ тамақ істеуге зауқың да жоқ, уақытың да жоқ күндері осындай қалдықтарды құрбандыққа жіберу керек болады.

Құрамы:
  1. "Қарлығаш ұясының" сынықтары;
  2. Тауық сорпасының шақпағы;
  3. Көңіл күй.

Құрамынан байқап қалғандарыңыздай, дайындаудың қарапайымдылығынан көзге жас келеді. Алдымен кастрюльге су құйып, ол сутегі мен оттегіге ыдырағанша өкіртіп, тарсылдатып қайнатамыз:

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Байқауға: Ипотекаға алынған қарлығаштың ұясы

"Қарлығаштың ұясының" сынықтарын салып, судың дейтерий мен тритийге ыдырай бастағанына дейін тіптен тарсылдатып қайнатамыз:

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Байқауға: Ипотекаға алынған қарлығаштың ұясы

Сосын тауық(сиыр, қой, шошқа, саңырауқұлақ, бұғы, түйе, жылқы, үйрек) шақпағын салып жібереміз де, дереу отты сөндіре қоямыз/токтан ажыратамыз. Былғап-былғап жіберіп, қақпағын жауып тастаймыз.

Тәжірибе көрсеткендей, ток плита «6» режимде суды 8 минутта қайнатады екен, ал газ тіптен тез. Қарлығаштың ұясының қалдықтары 4 минутта піседі.
Артықшылықтары:
1. Жылдамдық;
2. Қалдық макаронға шүкіршілік ете отырып, сендер ұжмақтың лағылдан соғылған қақпасына бір табан жақындайсыңдар, ибо в священном писании сказано:

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Байқауға: Ипотекаға алынған қарлығаштың ұясы
Бөлісу:

16 пікір

AKA
Соңғы түзету:
Marco
Мынау менің басжазарымның апдейті
Korkem
қайдағы жоқты таувалып
AKA
Барлық дүкеннен табыла ме екен бұл ұяшықтар? Спагеттидің түр-түрін табуға болаД, бірақ мынау қайдам…
asaubota
конкурстан тыс емес былай да қатыстыра берейік, бәрібір жеңбейді

жаман-ақ қо мынау құр салангани, дымсыз.
Arys_arlany
пәнтәзіыйасы мықты!
kariim
Бұл амиго Кәрімді қоспай айта берсе іші кебер ме еді? Оқып жүрген кітабының түрін қара
asaubota
үшінші қызметі діни істер бойынша советник болғасын амал жоқ барлық діни кітаптарды оқиды ғой
ken
ең жоғарыдағы абзацы өрт
Anar70
ең оңай жолы: қайнап жатқан суға вермишельді лақтыра салыңыздар. Суды қайнату-5 мин, вермишель 7 минутта піседі, дайын вермишельге бар болса қолдың сары майын, жоқ болса дүкеннің крестьян майын салып жіберсең, керемет дәмді болып шыға келеді. Ешқандай қоспа қоспаңыздардар, олардың түк пайдасы жоқ. Тұз салуды ұмытпаңыздар.
satibaldi
жоқ болса дүкеннің крестьян майын салып жіберсең
Сірә крепостное право күшін жоймаған 1861 жылға дейін жазылған рецепт болса керек.
Anar70
тух, енді сенде)))))))))) 1861 жылығы емес, 2013 жылғы дүкене сатылатын крестьянское деген бар ғой, сол! бір жерге жіберейін дегем сені))))))