Реалда жиналған суреттер (безпонтовый "казах")
Бірінші май күні мереке ғой деп, қалаға шығып баражатқам. Мына бағанада жанып тұрған жарықты көрдім, (Байтұрсынов көшесі, спорт ш/а)
Стадионға өзіміздің сүйікті клубымыз Ордабасыға барып тұрамыз жанкүйерлік танытуға. Төбеден қарап тұрсақ мына СССР көкем ерекше көрінді. Сол күні ұтты клубымыз.
Махлюбе деп аталады. Бірінші рет дәм татуым.
Мынау біздің қолдан жасаған мұржамыз))
Бәйшешек естеріңізде болар. Мынау сол таудың арасында түкке керексіз болып жатқан қоқыс жәшігі. Қоқыс жәщігін керек ететін мәдениетке жетуге біраз уақыт бар-ау әлі…
Қазақ ат қоюға шебер ғой)) Шымкент қаласында бұрынғы Некрасов көшесінде жағалай орналасқан өзбектердің асханасы бар. Бағасы арзандау, тағамы да дәмдірек. Міне соларға бәсекелестікке түскен нағыз Қазақтың дәмханасы!
Қазақ жеріне Пайғамбарымыз (с.а.с.)-тың көзін көрген сахабалар аяқ басқан ба баспаған деген даулы сұрақ кездесіп тұрады. Әріптес ағам Жаңақорған ауданына (Қызылорда) барғанда жолдасы арнайы басына ертіп барыпты. Сенесіздерма, сенбейсіздер ма?
Осы жылдың басында Шымкентте қала әкімінің орынбасары баспасөз конференциясын өткізіп, үш жүзге арнап машина нөмірін орналастыратын (атын білмей тұрмын) нәрселердің елдің тұтастығына сызат келтіреді деп мәлімдеме жасалған болатын. Содан, көшеден нөмір қарап жүрдім, бірақ кездеспеді сол «жүздер». Бірақ, мынадай суретті көріп қалдым. Беспонтовый казах)))))
1 пікір