Батаға таласқан шалдар

Бұл құбылысты той-томалақтарда, әлдебір отырыстарда өздеріңіздің де байқауларыңыз мүмкін. Әдетте, асабалар бірінші және екінші столдың соңында үлкендерден бата сұрайды. Сондай кезде алпыстың бел ортасындағы, жетпісті жүгендеп алған шалдар бата бере алмай сасып жатады. Бір-біріне сілтеп,«анау бере салсынға» басады. Кейбір ықтиятты шалсымақтар қалтасынан 4 бүктелген А4 форматындағы қағазды алып шығып, дайындап әкелген батасын оқып береді. Жаңа ғана арақ ішіп отырған шалдардың да Алланы ауызына алып бата беретін кездері жиі болады. Жасына сақалы сай, сақалына мақалы сай шалдардың бата беруі сиреп кетті.
Менің бала кезімде мынандай бір оқиға болған еді. Ол кезде үлкендер жағының қолына су құю деген дәстүр бар еді. Орнынан тұра алмай үйелеп жатқан шал-кемпірлер болмаса да қолыңа жез шылапшын мен әлумин шәугім алып, иығыңа орамалды іле салып, үлкендердің қолына су құйғанның өзі бір ғанибет еді. Су құйған сайын әлгілер саған алғысын жаудырып, батасын беретін. Айтпақшы, әлгі оқиғаға қайта келсек…
Ет желініп, бата сұралды. Сонда төрдегі домалақ үстелде отырған екі шал батаға таласып қалды. Қызба мінезді біреуі алдындағы тәрелкеде тұрған қойдың мүжілген бас сүйегін екіншісіне қарай жібергені есімде бар. Қайсысының бата бергені есімде жоқ шынымды айтсам. Бұл кісілер атақ-дәрежесі, жолы жағынан қатар жүретін кісілер болса керекті. Көбіне біреуі болмаған жағдайда екіншісі бата беріп жүрсетін болыпты деседі. Екеуі бір қонақта кездесіп қалса осылай шатақ шығарып қоятын да әдеттері бар екен. Қайран қазағымның қара қайыстай сол шалдары қайда еен?!
Ал, сіз бата бере білесіз бе?
Бөлісу:

10 пікір

Arys_arlany
Ас ішіп болған бата оқып тұрыңдар орындарыңнан орыстар құсамай деп Атам үнемі айтып отыратын. Өткенде жолдас балам қаладағы мешіттің бірінде ауызашар беріп жатырмын деген соң бардық арнайы. Мешітке келген соң, жамағатпен шам намазын бір оқыдық. Сол, бұрынғы көріністер, сақалдылар мен ханафилер, батасыздар мен баташылар, ауызашардың дәм-тұзынан кейін тағы сол, сақалдылары бар, тағы қарын тойдыруға келгені бар тұрды да кетті. Ас қайыру, бата қылу, дұға жасау дегенді осылай тастап өте берді. Бата қайыруды әр ер азамат білгені абзал ғой!
zholantai
бата білмим. бата берген қарттардың сөзін мән бере тыңдайм.
Marco
Білем, баталарымның ішінде "әруақ" міндетті түрде жүреді)
Abilakim
Дастарханның байлығын берсін
Деннің саулығын берсін,
Өліге иман,
Тіріге береке берсін-дегенмен де біраз жерден құтылып кетіп едік кезінде))))Қарап отырсам, тірі адамға иман керек емес тәрізді ана бата бойынша)))
Marco
 Ойыңдағыдан хабар беру шығар
Rafaello
Періштенің құлағына шалынсын! Сол үшін алып қояйық!
Rafaello
Мынандай генератордың тек тост, тілек айтатын қазақшасын істегім келіп жүр.

Adiletshu
Дастарханың тоқ болсың,
Балалардың көтені боқ болсын — деп беріп кеткем