Ұясын таппаған ұрық

Тоңазыған білектерін ысқылап жіберген ол есікті асып, ішке кірді. Қара шашты, арықтау келгені орнынан тұрып, бұрылып кетті. Толықтауы қозғалмады.
-Нешеден?
-Бесеу
-Қайсың?
-Маған болмайд. Мынамен сөйлес.
-Саған неге болмайд?
Күлді. Отырған орнынан жанына бұрылып, ұяла жымиып, «міне» дегендей иегімен нұсқап көрсетті. Төсекте құндақтаулы шақалақ жатыр еді.
Тұрған орнына бұрылмаған күйі шегінді. Түн салқынын елемей, буы шығардай боп ысынып тұрған екі санының ортасына дейін мұздап сала берді.

Үш бөлмелі екен. Бағасына келісті. Дымы жоқ спартандық бөлмедегі кірі езілген диуан үстінде иттерше айқасып жатқан. Қарсы бет бөлмеден іңгәләп жылаған нәрестенің үні шықты. Жылау тоқталмады. Жұбатқан ешкім де жоқ. Елеңдей бастаған көңілін бітуге тақап қалған эрекциясы басып тастады. Денесі қызынып, қаны қозып, беліндегі барын айғайлай шығара бастаған ол: екі қолын алға соза, алақанына уыстап тұрып қысып жібергенде саусақтарына жылымшы бір сұйықтық тиді. Сол кезде шар еткен сәби даусы естілді. Түсініп, сезініп үлгерді. Ыстық көл мұзға айналып, қысып қалғандай болды. Жылан терісін көргендей артқа қарай ытқып кетті.

Парктегі ұзын орындықтың шетіне жайғасты. Алдындағы фонтан атқылап-атқылап барып, тыншығанда, мұрнына темекі түтінің иісі келді. Тұншыға, қақала-шашала мойнын бұрып, будақтың әжімді беттегі ауыздан шыққанын көрді. Қысқа шорты киген санына көзі түскенде, таныды. Сол ғой. Тізеден сәл жоғары жерінде домалақ тыртығы бар. Қартайған. Білек еттері ақжемденіп, шынтағынан иығына дейінгі терісі салбырап қалыпты. Иек асты майлары да тығыздығынан айырылып, босаңсыған. Жанында жуыла-жуыла өңін жоғалтқанмен де ұқыптап үтіктеулі киім киген, сарғыш шашты, сүп-сүйкімді кішкентай қыз отыр.
Орнынан тұрып, қарсы беттегі орындыққа келіп жайғасты. Бақыламақ… Телефонмен біреуге үздіксіз хабарласып, әбіржіген түрінен әлдекімді тағатсыздана күткені білінеді. Бір кезде толықсыған, сенімділігі жүрісінен сезілетін, ыңырси сөйлеген әйел келгенде, орнынан атып тұрып, қуана амандасты. Шеттегі фаст-фуд дүңгіршекке беттеген екеудің ізін ала бүлдіршін де еріп бара жатты.
Бөлісу:

10 пікір

Arys_arlany
қандай жанр өзі? Трагедия ма?
zholantai
жанр өлген, аражік қалмаған, қабылдауыңа бағынад барлығы
Arys_arlany
басында кәдімгідей анандай болып келе жатқан сияқты ед, таныс көріністер көз алдыма елестеп, қазір шымкентте апасный боп қалды, күнге рейд жүргізіп, үстінен түсіп, жаңалыққа шығарып масқара қыватыр, құрсын щщщ
Marco
Жанр деген не, деш
Marco
Әлі де толықтыру қажет сияқты, әлде керісінше қысқарту ма. Идеясы жақсы болғанмен, аздап недосказанность болып тұр
zholantai
толықтырғым келмейд, қысқартуға болад. бірақ, осылай қалғанын жөн көріп отырм. уақыт өте, не edit, не delete болуы да бек мүмкін)))
konvict
Ораза кезінде мұнандай оқу қиялымды әудем жерге апарып тастады
asaubota
Orospu çocukları (Жезөкше балалары) деген түрік фильмін көргем. сол есіме түсіп кетті…
zholantai
көру керек екен мына фильмді, атының өзі мағыналы. инфоңа рахмет, бырат,
asaubota
мықты фильм. міндетті түрде қара.