Алматыдағы оныншы Party

Дұрыс санаған шығармын деп ойлап отырмын.
Кеше Алматыда оныншы патиімізді өткіздік.

Фэйсбукта актер Асқар Наймантаев «келесі патиге әнші домбырашы шәкірттерімді шақырдым» деп жазып еді, шынымен, керемет әнші жігіттер келді.

Қытайдың Құлжа қаласынан келген жігіттер екен, «Беймарал» театрының әртістері. Жақсы жақсы әндер айтты.

Баймұхамед Мұқатай



Медет Сұлтан



Осы жолғы патидің бір ерекшелігі — біздің үйреншікті орнымыз бос болмай, Арбаттың өзінің дәл ортасына барып тұрдық. Адам да ерекше көп болды. Қазақтар, өзге ұлт өкілдері, тіпті шетелден келген қонақтарды ертіп келгендер де бар.

Бір қарасақ, қасымызда домбырашы Абдулхамит Райымбергенов тұр. Таң қалдық. Сөйтсек, «интернеттен оқып, осы не екен деп көруге келдім» дейді. Қонақкәде жасады.

Абдулхамит Райымбергенов



Асқар Наймантаев ағаның қонақкәдесі.



Көрермендер арасынан Ертарғын деген жігіт шығып өнерін көрсетті. Домбырамен емес, көмейімен.



Соңында «Көк тудың желбірегенін» айтып тарастық.

Суреттер кейін таман болады, жазба да әлі толықтырылады. Видео көп.

Видео түсірген таспагер (әпірәтір) — Aya
Бөлісу:

5 пікір

Marco
Мынау бір мықты пати болған екен. Абдулхамит ағаның домбыраны массаға таратудағы еңбегі ерен, шынында. Нотамен емес құлақпен, жүрекпен үйрететін әдісінің арқасында кәсіби болмаса да, әләуләйін айта алатындай деңгейде домбыра үйренгендер көп.
Arys_arlany
үйдегі комптан қарамасам, мұнда тыңдау мүмкін емес, әзірге тек + қана
Aya
Мажар қонақтарды мәдениеттанушы бір ағай ертіп әкеліпті. Ана көмеймен орындаған Ертарғын аға Күлтегіннен үзінді оқып берді.Күшшшт болды, әйтеуір Осы деңгейден түспесе екен деп тілеймін.
bizbike
мықтыыыыы көре алмай отырмын бар ғой, қызғаныыыыыыыыып. Жарайсыңдар!!!