Тылсымға толы дене
Артық танау
Күнделікті өмірде көбіне мұрнымыздың екі тесігімен емес, тек біреуімен ғана дем аламыз.
Алты пенденің тек үшеуі ғана бір танау тесігімен тыныс алады. Аса кірпияз, алайда соншалық күтімсіз адам денесі танаудың екі тесігінен қатар емес, тек бірден-бірге алмастыра отырып, ауа өткізеді. Бұл жағдайдың периодты түрде қайталануы көп жағдайда дененің кеңістікте орналасу қалпына: көлденең, тігінен, бір жақ иығымен, етпетінен, шалқасынан жатқанда, денінің саулығына, ауадағы газдардың пайыздық үлес бойынша құрамына байланысты өзгеріп отырады.
Мұрында арнайы түктердің түрі бар, солар өз кезегінде тітіркенеді. Осылайша, ол түктер көлемін ұлғайтып, «белсенді емес» мұрын тесігін жауып қалады. Түрлі зерттеулерден белгілі болғандай, оң жақ танау тесігімен тыныстағанда қандағы глюкоза деңгейі жоғарылап, оттегін сіңіру де көбейетіні байқалған. Және де мидың оң жақ бөлігінің жұмыс белсенділігі күшейеді. Сол жақ тесікпен ауа қабылдағанда, кері жағдай қалыптасады.
Қанды неге аты жоқ саусақтан алады?
Аты жоқ саусақ өзіндік жекеленген ұяшыққа ие. Қан тапсыру сәтінде, қырсық атып, инфекция түсе қалса, денеге тарала алмайды. Сол жерде қалып қояды.
Жұту мен тыныстау
Адам-бір уақытта қорегін жұту мен тыныс алуды қатар орындай алмайтын жалғыз сүтқоректі.
Барлық сүтқоректілер, және сүтқоректі емес жаратылыс иелерінің көбісі бір мезгілде ауамен тыныстауды және қоректенуді қатар атқарады. Адамға ғана бұл әрекеттер жиынтығы берілмеген. Дәлірек айтқанда, мұндай қабілет шақалақ кезде мүмкін болады. Емізулі бала-емумен бірге дем алып, тыныстайды. Тоғыз айлыққа жеткенде, бұл істің орындалуы жоғала бастайды. Оған себеп, қатаң дыбыстарды айқын дыбыстап, сөйлеудің дамуы үшін дыбыстау мүшелері төмендейді. Ал, өзге сүтқоректілердің «сөйлеуге» сеп болатын мүшелері жоғарырақ орналасады.
Айқұлақ ішіне тығылған мұхит даусы
Кәдуілгі айқұлақ бар ғой. Бақалшық деп те айтады. Соны құлаққа тақағанда, мұхит толқындардың дыбысын естуге болады деген сенім бар. Ал, бұл шын мәнісінде құлақтағы күретамыр бойымен жөңкіле ағып жатқан қанның суылы.
Соқырішек адамға не үшін қажет?
Өткен ғасырда, кей мемлекеттерде балалардың соқырішегін мәжбүрлі түрде алып тастап отырған. Кейін, есейгенде мазалап жүрмесін деп… Тек, жақында ғана соқырішектің артық зат емес екендігі анықталды. Ол адамның иммундық жүйесінде маңызды рөлге ие екен. Яғни, онда адамға қажет микроағзалардың шоғыры мекендейді. Қандай да бір дерттің кесірінен іштің табиғи флорасы бұзылғанда, соқырішектегі микроағзалар «көмекке» келеді. Алайда, қазіргі медицина іш микрофлорасы қызметін дәрі-дәрмектер көмегімен де қалыпқа келтіреді. Сондықтан да, соқырішектің қызметі екінші орынға ысырылып қалды.
Ми ауыруды сезбейді
Мида ауыру рецепторлары жоқ. Сондықтан да, дәрігерлер науқасқа анестезиялық дәрілер енгізбей-ақ, миына ота жасай алады. Осылайша, мидағы көру мен жүру жұмысын басқаратын қызметтерді зақымдап алудан сақтануға болады.
Креатив үшін:
Ми қыртыстарың нендей ойларға, не ойға толы?
Бұған дейін ешкім де тісті бұлай тез салып берген емес.

қатын жоқ әлі
Қызық үшін демалып та көрдім, мұрнымның екі тесігімен де дем алам ба деп))))