Ит пен мысық
Менің 4 жыл оқыған универді бітіргеніме көп бола қоймады. Бірақ айтпағым бұл емес еді. Мен оқып жүргенімде квартирада(пәтерде) тұрдым. Яғни, неше түрлі көршілерім болды. Мені таңқалдырғаны кейбір адамдардың(көбісі десемде болады) иттен гөрі мысықты жақсы көретіні. Мысықты асырағандары да болды. Мен керісінше, оларды ұнатпаймын, ал иттерді қалай жақсы көрем десеңші. Мысықты қалай жақсы көруге болады, соны түсіне алмадым. Содан осы жазбаны жазайын деп интернеттен материалдар іздей бастадым. Сонымен, иттерді не үшін жақсы көру керек деген себептерге төменгілерді айтуға болады:
1. Итті үйрету оңай, болмаса сіз мысықтың отыр дегенде отырғанын көрдіңіз ба?
2. Иттер ақылдырақ келеді, болмаса сіз су толы аквариумға құлайтын итті көріп пе едіңіз?
3. Иттер үйді керек десеңіз өзіңізді қорғай алады.
4. Иттер белсендірек. Мысықпен көшеде еркін серуендей алмайсыз, иттермен керісінше
5. Иттер адекватты келеді. Мысық секілді клаиатураңызға шығып алмайды немесе талға шығып кетіп түсе алмай тұрмайды.
6. Итпен ойнау мысыққа қарағанда көңілдірек
7. Иттер сіздің көңіл күйіңізді сезеді
8. Иттер өміріңізді сақтайды. Бетін аулақ қылсын дейміз, сондада үйіңіз өртенсе итіңіз сізді оятады, ал мысықтың қашып ктеріне күмәнім жоқ
9. Иттер позитивті. Сіз қанша жаман болсаңызда итіңіз сізді әлемдегі ең жақсы адам санайды. сабақтан немесе жұмыстан келгенде сізді айналып жаныңыздан шықпай қояды.
10. Иттер тыңдай біледі. Сіз итіңізге сөйлесеңіз ол тыңдап тұрғандай кейіп таныта алады. Ал, Мысық мяулап қаша жөнеледі
Иттерді осы себепті жақсы көреді деп ойламаңыздар, табиғатымнан солай.
Ия бұл менің өз ойым, мұның ішінде мысықта жасай алатын нәрселер бар шығар. Бірақ иттер мен үшін ең жақсысы болып қалады, кез-келген сынды қабылдауға дайынмын. Қосар ойыңыз болса немесе мысықты жақсы көретін болсаңыз артықшылықтарын коментарийге жазарсыз.
4 пікір