Орташа есеппен қазақ спорт комментаторы

Спорт комментаторларын жиі сынаймыз. Тіпті әр ойыннан кейін оларды сынау мәдениеті қалыптасып келе жатқан сияқты. Былай орташа есеппен қарап көрейікші спорт комментаторлары деген кімдер екенін.



Олар:
— журфак бітірген немесе журналистика саласында қызмет етеді;
— қазақша орташа деңгейден жоғары, шамалы әдеби тілде сөйлей алады;
— басқа спорт түрлерін пәлендей жақсы білмесе де футболдан хабары бар (бірақ бұл футболдың барлық ережелерін жақсы біледі деген сөз емес);
— футболдан басқа спорттарды да жүргізе беруге икемді;
— тікелей эфир кезінде «білә», «сука», «ептываймайт» сөздерін айтып қоймайтындай ұстамды;
— "қателікке бой алдыру" сөзінің кем дегенде 1 баламасын біледі;

Қысқаша қортындылайтын болсақ олардың қарапайым жанкүйерден айырмашылығы — ұстамдылығы, қазақша әдеби сөйлей алуы және фуболдан аздап түсінігі болуы. Сондықтан түсіністікпен қараған жөн. Мұндайлар өте аз. Бәсекелестік жоқ болғандықтан спорт редакторлары амал жоқ кімнің қолы бос соны қояды эфирге. Сондықтан спорт комментаторларын боқтай бермей аздап аяп, мүсіркеп жүрген жөн ау? Ең болмаса бір мүгедекті аяғандай немесе ішетін адамды мүсіркегендей дәрежеде.
Бөлісу:

21 пікір

19852407
«футболдан басқа спорттарды да жүргізе беруге икемді».
Икемді емес, шын мәнінде универсал ғой біздікілер
aza
— қарсылас командалардың қайсысына жақ екені матч барысында анық байқалып отырады: әрине, ұлттық құрамалар ойнап жатқанда мұнысы байқалмай қалады, ал ішкі клубтық кездесулерде комменттері ӨРТ
asaubota
аха, оларда нейтрал позиция ұстану деген қалыптаспаған.
Adiletshu
— Дауыстары құлаққа жағымсыз. (Ермұхамет Мәулен деген әпкеммен бір сыныпта оқыпты)
MickThatsMyNick
Спорт комментаторлары, қарапайым адамдар сияқты ғой, біріншілері спортшылардың әрекеттеріне қарап, коменттеп, оның қысқаша өмірбаянын айтса, екіншілері де дәл солай қарапайым адамдардың әрекеттеріне қарап, коменттеп, танып жатса, оның қысқаша өмірбаянын айтып жатады  оның үстіне эмоциямен
Marco
konvict
Хули Лопес бьёт по воротам! Хули — это его имя.

Жаттым мына жеріне
patick
— Айқайлап сөйлейді, өзін пездес сарапшы-комментатормын деп сезініп тұрғаны дауысынан байқалып тұрады
SaZhaM
— көбіне футболисттерді танымай жатады. Доп пәленшеде деп түгеншені айтып отырғанынан еш қысылмайды, кешірім де сұрамайды. Ойыншылар ауысқанда да солай. Кетіп қалды деген ойыншымыз әлі алаңда ойқастап жүреді.
— төрешінің ысқырып ойын тоқтатқанын өзінше пайымдап отырады. Мәселен, төреші футболисттердің кикілжіңі үшін тоқтатса, коментаторымыз «ойыннан тыс қалды» деп қуееееп кетеді.
— бапкерлер ауыз жыбырлатса да солай. «Мына бапкер анаған бүй деп жатыр» деп қасында тыңдап тұрғандай соғады ғой, құрыстырып…
Айта берсе көп қой, одан да дауысын басып тастаған мың есе артық. Айтпақшы, ең бір жыныңды келтіретіні, керемет сөйлейтіндей алаңдағы дыбысты басып тастайтындары.
Ereimen
Құдай ау сіздерді түсінбедім, неге сонша оларға жабысып қалдыңыздар, футболын қарық болмай тұрып, футбол ойынын жүргізген Журналистерге мін тағудың қажеті шамалы,
Президенттікке үміткерлердің өзі жарты сағат талмай сөйлеуі керек ал бұлар 90 минут алаңды бақылап отырып қалт еткенді әңгіме етуі керек, меніңше мін тағу артығырақ, көщ жүре түзеледі…
Zilola
керуенге кешеден бастап шығып па еді? түзелетін уақтысы болды ғо айналайындароооу
Ispek92
Шынымен де солай. Сол керуеннің баратын жеріне 3 рет барып қайтатын уақыты болды меніңше…
Соңғы түзету:
ken
Амангелдіден басқасын білмейді екенмін.
Sashok
мен де ол әлі бар ма ед
asaubota
Амангелді де негізі комментатор емес еді. былай әдемі сөйлей алатындығы, футболды ғана түсінетіндігі болмаса.
satibaldi
— Онсыз да белгілі қағидаларды сыдыртып айтып шығудың шеберлері, мысалы:
«Баварияның бұл ойында жеңіске ұмтылатыны сөзсіз» (?), «Бірақ Барселона да жеңісті қолдан бере салайын деп тұрған жоқ, қарсыласын біраз әбігерге салуға бейіл екені бесенеден белгілі» (?), "Құрама сапына енгенімен, Еуропа ойындарында да бар өнерін салатыны анық" (?!!!).
konvict
Василий Уткиннің айтқандары old.nurastana.kz/?p=12495
Соңғы түзету:
Ispek92
Қазаққа сол Уткиннің 1пайызын берсе ))
Arys_arlany
фифа 2007 Екі Вася жүргізеді ғой, соның бірі Уткиннің бар екенін білмеппін, екіншісі Соловьев.
dark_nazgul
Өткен қысқы олимпиада кезінде ғой. Асхат Сағынаев мәнерлеп сырғанауды жүргізіп отыр. Парное катание, ерлі зайыптылар. «Бұл жұп ерлі зайыпты болып есептеледі» деді.
DaniyarBektemirov
Асхат Сағынай ғо ең жақсы коментатор! Ал Қазақстан каналының коментаторлары «бітіп» жатыр