Жалаңаш қыздар не ойнап отыр?

Мына суреттің авторы Лю И атты канадалық қытай суретші. 6 наурыз 2005 күні Нью Йорктегі бір көрмеге қойылған бұл сурет біраз дау-дамай және пікірталас тудырған екен. Суреттің аты «Пекин 2008».

Бұл сурет не туралы?

Суретте қытайлардың маджонг ойынын ойнап отырған қыздар бейнеленген. Терең мағына бар бұл суретте.

Арқасында тату бар қыз — Қытай.

Үстінде киімі бар, қолын басының артына ұстап, ойланып отырған қыз — АҚШ.

Жатқан қыз — Ресей.

Ойынға беріліп кеткен жалаңаш қыз — Жапония.

Ал ойыншыларға қарап, қолына жеміс табағын ұстаған қыз — Тайвань.

Қытай қыз «шығыс самалы» атты комбинация шығарыпты (3 бірдей тас). Екі мағынасы бар: Қытай экономикасы шығыс самалын жақсы қолдануда, сондай-ақ ол қытайлық ракетаның да аты. Былай қарасаң комбинация жақсы сияқты болғанымен, бұдан кейінгі тастардың қалай шығатыны белгісіз. Және қытай қыз басқаларға көрсетпей 2 тас ұрлап отыр. Бір ойы бар.

АҚШ қыз бәрін түсініп, қарап отырған сияқты, нақты жоспарлары бар. Және Тайвань қызға да қарап отыр, бір көзін қысып бір нәрсе меңзеп тұрған да сияқты.

Ресей еш қызығушылықсыз жатқан сияқты. Бірақ негізінде олай емес, бір аяғы АҚШ-тың тізесін басып жатыр, бір қолымен Қытайға тас ұрлап берді. Ортақ бір ойлары бар.

Жапон қыз ойынға берілген, басқаларда шаруасы жоқ. Тек өз "қолын" қарауда.

Тайвань қызыл ұлттық киім киген. Мүмкін ол қытай мәдениетін жалғастырушы болғандығынан ба екен? Бір қолында жеміс табағы, бір қолында пышақ. Ол Қытайға суық, жаман көзқараспен қарап тұр. Бірақ ойынға қосыла алмайды, қолынан келетіні жеңімпазға жеміс тазартып беру.

Терезенің ар жағында өзен жағасы және жаман ауа райы тұр. Үлкен жел көтеріліп, бір апат болатындай.

Бөлмедегі портрет те қызық. Сунь Ятсеннің мұрты, Чан Кайши сияқты жылтыр бас, бет-әлпеті Мао Цзедунге ұқсайды.

Қыздардың киімдеріне келейік.

Қытайдың үсті жалаңаш, бұтында іш киім және юбка.

АҚШ халат және ішкөйлек киген, бірақ белден төмен жалаңаш.

Ресей тек лыпамен қалған.

Жапония толығымен жалаңаш.

Бір қарағанда АҚШ ең күштісі сияқты болып көрінеді, киімі де бар үстінде. Басқалары жалаңаш. Бірақ АҚШ-тың төменгі жағы жалаңаш. Ресей мен Қытай жалаңаш болып көрінгенмен, негізгі құпия жерлері әзірше жабық.

Бұл ойынды "ұтылған шешінеді" ойыны деп қарайтын болсақ:

Осы раундты Қытай ұтылса Ресейдің жағдайына жетеді (КСРО құлаған кездегідей).

Егер АҚШ ұтылса ол да Ресейдің жағдайына жақындайды.

Ресей ұтылса ештеңесіз қалады.

Жапонияда ештеңе қалған да жоқ. Енді ұтылса ойыннан шығады.

Қортындылайық:

АҚШ жақсы қыз болып көрінгісі келеді, бірақ енді ұтылса құриды. Барлық жақтан қауіп бар оған. Ресей екі жақпен де келісіп, ойнап отырғандай. Ең залым, ең қауіптісі осы. Басқалармен тас ауыстырып ойнап отыр. Қытайда қандай тастар бар екенін көре алмай отырмыз. Қанша тасы бар екені де белгісіз. Үстел астында Ресеймен тас ауыстырып отыр. АҚШ ештеңе көре алмай, Ресей мен Қытай өзара келісіп ойнап отырғандарын ойлағаннан басқа ештеңе істей алмай отыр. Жапония әлі де ойында, ұтылса ойыннан амал жоқ шығады. Тек түсініксізі Қытай ғана. Не ойлап отырғанын ешкім білмейді. Тайвань бәрін көріп, түсініп отыр. Бірақ ештеңе істей алмайды. Ойынға қатысуға мәртебесі жетпейді әлі.

Бұл ойынды Қытай немесе АҚШ жеңетіні анық. Бірақ АҚШ-та күш көп болғанымен ол покер емес қытай ойыны маджонгты ойнап отыр және қытайдың ережесімен…
Бөлісу:

30 пікір

Aya
суретті бір көргенде ештеңе ұқпаған едім, астары күшті екен. Қыздардың ұлттары онша айқын емес тәрізді, анығырақ болғанда бірдеңе түсінуге болады өздігіңмен.
asaubota
мен атына қарап Олимпиадада көп медаль алған елдер туралы деп ойладым
Aikona
қаншама саясат жатыр деші
torgai
Біздің елді салса — анадан жаңа туғандай жатар ма екен?
Walter
Болмайды. Қисыңсыздау. Одан да ешкі қуалаған біреу болу ықтималдылығы молырақ.
neoaskar
Негізгінің бәрі Құранда жазылған. қаншама жерден қанша рет ойланса да, бәрібір Құдайдың жаратуымен ғана болады. бірақ адам баласы жаманшылықтан аулақ болуы керек, сонда ғана құтылу бар ақыретте.
Marco
Бірақ АҚШ-та күш көп болғанымен ол покер емес қытай ойыны маджонгты ойнап отыр және қытайдың ережесімен…
Мынау қатты екен
asaubota
сол жерлері қатаң
zholantai
Жатқан қыздың жатысы өз жағдайы сияқты жайсыз екен, шашы еденге тиер-тимес, қолдарының тасталуы сылбыр, аяқтарында діріл бар. Суретші мықты
Walter
Қазақтармен байланысты болғанда, біздегілер қарап бұған, рухани да бітірер ме еді, кім білсін
Aya
))) бітіргенде қандай
FIFA_UEFA
kazakti koskanda Kitaidin kolina su kuip turar ma edi
adelet
Қазақстан Балкым ресеидың бесыктегы баласы болар
Ispek92
Қазақты қосса мыналардың бәріне киім әкеліп берер еді ма деймін
FIFA_UEFA
ia duris aitasin ozi jalanaw de tirdai
neoaskar
Әй мұндай мағынасыз суретке қазақтың қыздарын қоспаңдар. онсыз да жалаңаш басқа суреттерге түсіп жатыр. мысалы күнтізбе сияқты. ол жерде тырдай, ең болмаса түрси де кимеген…
Armanjan
Керемет астарлы ойларды нетіп тұрған сурет екен. Дегенмен сурет авторы қай ұлттың өкілі дегенге де қарау керек сияқты. Мысалы Ресейлік суретші салған боса, ана қызға лепшік кигізіп қояр ма еді, жапондық суретші де бірдеңе ілер еді. Ал мен сызсам /яғни қазақ суретшісі/ қазақтың бір жуан қатынына ұлттық киімді белін байлап тұрып кигізіп, алдына бір табақ ет тартып отырғызып қояр едім, сосын аналар асық ойнап жатады. Ұтқаны келіп бір май, бір еттен асап кетед. Яғни, қазақтың мұнайы арқылы алпауыттарды ойнатып қою.
nurjanbay
gif сурет?
Gastarbaiter
Өнерден алыс екенің бірден білініп тұр. Бейнелеу өнерінің моймирдегі дакфейс суреттерден айырмашылығы да сол, бір киноға татитын сюжет жатады
Aldeken
геосаясат, тібаймайттың…
Nur
ортадағы үш қыз мощ екен
MickThatsMyNick
бұл жерде Манжонг ойынын жарнамалау сияқты, меніңше…
Gastarbaiter
Жақсы серия Жалғасын күтем.
asaubota
суретшінің басқа суреттерін іздеп отырып мына посттағы суреттің басқа нұсқасын көрдім. біздің көргеніміз өзгертілгені ма деп отырмын. өйткені суретшінің жеке сайтында мына сурет тұр:

zholantai
не сияқты ғо, сериямен шыққан-ау
asaubota


көрмеге қоятын кезінде қайтадан салған ау деймін ана суретті