15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман



«Балалар аяқ киімі сатылады. Ешқашан киілмеген.»
2. Өз шығармаларында күтпеген шешім жасайтындығымен атақты О'Генридің шағын әңгімелер жарысында жеңіске жеткен әңгімесі бар. Шиеленісіп, шарықтау шегіне жетіп барып, шешімін тапқан бұл туындыны қысқа әңгімелердің эталоны ретінде алуға да болады. Былай:
«Темекісін тұтатқан жүргізуші қанша жанармай қалғанын білмек болып, жанармай багіне үңілді. Бейбақтың жасы 23-те болатын»

3. Марк Твен де уақ бірдеңе жазудан шет қалмаған. Жергілікті газеттің бетіне оның футбол матчы туралы жазбасы шыққан екен.
«Жаңбыр жауып, ойын болмады»
4. Фредерик Браунның хоррор стиліндегі атышулы әңгімесі бар.
«Жер бетіндегі соңғы адам бөлмеде отыр еді. Есік қағылды»

Патшайым мен Құдай айтылып, аздап секс пен құпия болуы қажет. Бір студенттің жазғаны жеңімпаз атанған екен. Авторының есімі ұмытылып кеткендіктен, бұл әңгіме қазіргі кезде әңкішке айналып кеткен.
«О, Жаратқан ием, мен жүктімін, бірақ кімнен екенін білмеймін,-деп айқайлады патшайым.

«Бұрын менің бетім тегіс, белдемшем қыртыс-қыртыс еді. Ал қазір керісінше»
Айтпақшы, «ең қысқа роман» деген де бар. Бұл роман негізінен кітап болып басылып та шыққан-ды. «Аты жоқ роман» деп аталады. Екі-ақ сөйлемнен тұрады. Авторы: Владимир Блинов атты жазушы. «нобельдік Бука» сыйлығын жеңіп алған. Наноәдебиеттің үлгісі ретінде бағаланады. Санаулы данамен шыққан кітапта: «Не надо! Я сама» деген роман сөзі, автордың иллюстрациялық суреті мен бір сыншының рецензиясы бар. Осы романды Мырзан Кенжебай: "Қойшы! Өзім-ақ шешем" деп қазақ тіліне аударды. Аудармасы қалай екен? Маған ұнады
пы.сы: Cуреттердің бұл әңгімелерге еш қатысы жоқ. Ол суреттер Эдгар Аллан Поның «The Tell-Tale Heart»(«Сердце-обличитель», «Жүрек-әшкерелеуші») атты әңгімесіне арнап салынған. Шағын әңгімелердің ішіндегі ең үздігі делінеді. Үстіне меңзерді апарғанда, түсініктемесі қалқып шығады.
Heart»(«Сердце-обличитель»)әңгімесін қазақшаға орысша атауынан «Жүрек-әшкерелеуші»деп тікелей аудардым. осы әңгіме қазақ тіліне тәржімаланған ба? атауын қалай аударған екен? мен қазақшасын оқымаппын, себебі таппадым, бір жағынан дұрыстап іздемедім
Жаңа ғана Сазды Ішкі Істер Бөлімінен тергеуден шыққан Сабырдың сабыры шын таусылып:
— Кетші-әй өзің! — деді де, тәрелкіні даяшының маңдайына жіберіп қалды..."
Ғабит Мүсірепов атамыздың (ұмытпасам) құрастырған қысқа әңгімесі бар. сөздері аз болса да ұмытып қалыппын