Автобустағы тарих

Ақтөбеде «Автопарк» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Атынан-ақ түсініп отырған шығарсыз жолаушылар тасымалымен айналысады. Автобустарында тек қана қазақша әндер қосылады, хабарламалар, заң үзінділері бәрі қазақ тілінде жазылады. Бірнеше жыл бұрын жаңа үрдіс бастады. Автобустарда қазақ ғұламаларының, хан, батыр, билерінің, ақын-жазушыларының биографиясы мен қанатты сөздерін ілетін болды. Қоғамдық көлікке балалар көп мінеді ғой. Көз алдында тұрғасын, ең болмаса кім екендерін біліп жүретін болады.
Бұл суреттерді өткен жылы түсіргем, архивтерді ақтарып отырып тауып алдым. Тамашалай отырыңыз
Бөлісу:

13 пікір

nurkanibek
Сағанда рахмет! Бізде өзімізге керегін алдық
zhanara2013
Куптарлык жагдай екен. Баскаларга Онеге болса игi.
FIFA_UEFA
Bizdin Wimkalamizgada kelse bolar edi, Ozbek againdardin olenderi kai avtobuska minsende, Korwiles Taraz kalasinda bul jagdai baikalmaidi, ol jakta Ziyalilarimizdin kanatti sozderi ilingen.
neoaskar
Ең жақсы бастама, барлық қалаларда осылай ілу керек. автобустарда, керек жеріне барамын дегенше біраз мағлұмат жинап алады екен. рахмет кім бастаса да. қолдау бірдірейік.
Marco
Ең ұнайтыны, кәсіпорынның басшылығы біз мынадай қылып жатырмыз деп ешкімге міндетсімейді. Үнсіз істей салды болды.
Ereimen
негізі барлығына жариялау керек, әйтпесе біздің мәңгүрттердің ойына қайдан келсін…
torgai
Автобусқа міне сала телефонмен арпалысатын жастардың назарына ілінсе жақсы ғой. Сол баяғы үлкендер оқитын шығар көбіне
MickThatsMyNick
бір жақсысы, қанатты сөздердің көбісі туған тілге қатысты.
Lyaila
Жолаушыға тек сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, ретін тауып ұлтжандылықты көрсете білу де ерлік!
Астана күніне орай жыл сайын үздіктерді анықтау шарасын әкімшілік қолға алып жүргендей..Ұмытпасам сонда "Үздік автопарк" номинациясы да болған еді. Айтпағым, іріктеу кезеңінде осындай игі бастамалары бар сервистерді таңдауға қатыстыру жолға қойылса.
ofnur
Мен осы туралы жазғым келген) Иә, керемет! Ақтөбедегі ең құрметтейтін кәсіпорындардың бірі! Басшылығы барлық құжатты тек мемлекеттік тілде ғана жасайды!
SaryQazaQ
Мұны істеген азаматтарға үлкен алғыс. Басқа қалаларда да өріс алса, жақсы болар еді. Автобуста қарап отырғанша, нар тұлғаларыңды туралы оқып, танып, біліп отырасың
Izbay
Тек №15-ші автобуста көргем. Өте жақсы бастама. Енді жарнама көрсететін теледидарға бейнеклип қылып көрсетсе тамаша болар еді.
zholantai
ал, Астана автобустарындағы мониторларда орысша демотиваторлар мен анекдоттар көрсетеді. кім таңдайтынын қайдам, демотиваторлар ужсс, анекдоттар брррр…