Тамшылар. Этгар КЕРЕТ

Дос қызым, Америкада жалғыздықтан емдейтін тамшылар ойлап табылғанын айтты Ол мұны «Галей Цахаль» тарататын «Алпыс секундта» бағдарламасынан естіпті. Ести сала, құрама штаттардағы әпкесіне: сол тамшылардың бір жәшігін сатып ал да, маған жібер,- деп хат жолдады.
«Галей Цахальдың» хабарлауынша, бұл тамшылар Американың Шығыс жағалауындағы барлық желілес дүкендерде сатылып жатыр. Нью-Йоркте де өтілімі жағынан нағыз хитке айналыпты. Спрей және тамшы түрінде шығады. Менің қызым, әпкесінен тамшы сықпыттағысын жіберуді өтінді. Ол, әрине жалғыз қалғысы келмейді. Дегенмен тамшыларды пайдаланбауына бұл да тоқтау болмақ емес.
Тамшыларды құлаққа тамызғаннан кейін жиырма минут өте жалғызсырау сезімі жойылады. Құлақ арқылы миға өтіп, сондағы химиялық бірдеңелерге әсер етеді екен. Радиода осылай деп айтқан, ал қызым болса мұны түсінбеген. Қызымның өресі Мария Кюридікіндей кең емес, шынын айтсам, барып тұрған ақымақ болатын. Күні бойына диванға жайғасып алып: мен оның көзіне қашан шөп салып, қалай тастап кететінімді және тағы да соған ұқсас нәрселерді ойлаумен болады. Ал мен, керісінше оны сүйемін, ақылымнан адаса сүйем.

Міне, ол почта кеңсесінен үйге келген соң, осы дәл қазір менімен айырылысатынын айтты. Өйткені, тамшыларды әкеле жатқан почта азғана уақытта келіп жетеді екен. Енді менен бөлек кетсе де, жалғыз қалудан қорықпайды.
– Мені тастап кетпексің бе?-деп таңдана сұрадым. – Салмақты себеп болса бір сірә, сондағысы әншейін бір тамшылар үшін бе? Неге? Мен сені сүйем ғой, есім кетіп сүйем.
–Қалап тұрсаң, кете бер. Бірақ, біліп қой, сасық иісі мүңкіген тамшылардың ешбірі де сені дәл мендей сүйе алмайды,-дедім.
Есесіне сол тамшылары оның көзіне шөп салмайды екен. Осыны айтты дағыны, кетіп қалды.
Мен басқа біреумен көңіл жарастырып жүрсем мейлі…

Қазір ол Флорентинадан пентхаус жалдап, тұрып жатыр. Әр күні пошта тасушыны күтеді. Ал, маған пошташы ештеңе де әкелмейді, сондықтан да мені алаңдататын дәнеме жоқ, шет елден қай-қайдағы түкке татымайтын қоқыс дүниелерді салып жіберетін достарым да жоқ. Әйтпесе, олармен бірге бар аралап, өмірге деген назымды айтып, шерімді тарқатар едім. Жиі-жиі құшақтап, көз алдарында егіле жылаудан да қысылмас едім. Бәрін жасар едім. Біздер жылдар бойына араласып-құраласып, бүкіл өмірімізді бірге өткерер едік.
Бұл — тамшылардан әлдеқайда артық, соншалықты табиғи болар еді.
Бөлісу:

5 пікір

nurbergen_makym
Аударма сәл шикілеу көрінді, бырат. Әлі де тігісін жатқызу керек сияқТ. Негізі, орысша оңай оқылғанмен, тәржімалауға қолайсыздау жазушы. «Итін» аударғанда біраз терлегем. Сөзбе-сөзден көрі, оның стилінде қазақы еркін аударма дұрыс-ау деп шешкем сол кезі. Қиын жазушы ғой, нақ. Қыртқиял таза
zholantai
айтпа бро,қаламды алып ап, ойына келгенін істейд екен. Орысшасында 328 сөз екен, қазақшалағанда «көлем сақтайншы» деп 323 сөз еттім. Аз әріп, соның өзінде тентек ғып жіберді. «Итті» оқыдым ғо, сол арқылы келдім бұл жазушыға. Бұрын білмейд екем. «Дни, как сегодня»-сын оқып жатрм, стилін ұққан соң, тағы өңдейм. «Алисасы» бұттан кетірді, енді
zholantai
айтпақшы,«Дни, как сегодня» жинағын дегенім ғой. 8-9 кітабынан таңдап-таңдап алынған әңгімелерін бір кітап етіп құрастырған екен. Оқуға рекомендейм. Аттас әңгімесі де бар.