Футбол әлемінен ерекше оқиғалар


Өз басым футбол десе ішкен асымды жерге болмаса да дастархан үстіне қойып қоятын адамдар қатарынанмын. Футбол әлемі қызықтырса төмендегі ерекше оқиғаларды оқи отырыңыз:


1. Камерунда студенттердің футбол чемпионатында бір командаға 3-0 есебімен техникалық жеңіліс есептелді, оған себеп команда капитаны қарсылас команда капитанының қолын алудан бас тартып, орнына шортасын шешіп… жалаңаш құйрығын көрсеткен. Мұның өзі әдейі жасалған еді, себебі ұтылған команда 3:0-ден үлкен есеппен ұтылғанда төменгі лигага ұшып кетер еді.

2. Испанияның 2-ші лигасының кезекті бір матчында ойын аяқталуға 3 минут қалғанда, қарсылас екі команда ойыншылары төрешіге наразы болып қоршап, сөзбен және іспен ақылға келтіруге тырысты. Бұл жағдайда судья асқан сабырлық көрсетіп алаңдағы 22 ойыншыға қызыл қағаз көрсеткен.

3. Футбол тарихында төреші өзіне қызыл қағаз көрсеткен оқиға 2 рет кездескен: Энди Уэйн «Питерборо Норт Энд» — «Роял Мэйл» матчының төрешісі, Мелвин Силвестр «Саутгемптон Армс» — «Херстборн Таррант Бритиш Легион» матчының бас қазысы. Энди Уэйн кезекті қарсылығын көрсеткен қақпашыға жүгіре барып уақытында өзін тоқтатып өзіне өзі қызыл қағаз берген, себебі қақпашыға қол жұмсауы мүмкін еді. Мелвин Силвестр өзін итерген ойыншыға бірнеше соққы беріп барып өзіне қызыл қағаз көрсеткен.

4. Бразилияда футбол матчы кезінде жел парашютшілер тобын футбол алаңына айдап түсірген. Ең қызығы бір парашютші қақпашыға барып соғылған, сол сәтте қақпашы соққыны қайтаруға дайындалып жатқан еді. Нәтижесінде доп қақпада тулап жатты, судья голды команда қарсылығына қарамастан санайды. Судья мұнысын парашютист «ЖОҒАРҒЫ КҮштердің» араласуымен пайда болды деп түсіндірген.

5. 1969 жылғы Әлем чемпионатын іріктеу кезеңіндегі Гондурас құрамасының Сальвадордан жеңілуі екі мемлекет арасындағы 6 күндік соғысқа себеп болды.

6. Бразилиялық футболшы Джоване Элбер матчтың 1-ші таймында төрешімен сөйлескені үшін сары қағаз алады. Қызығы ол 2-ші таймға ауызын қызыл скотчпен(қазақшасын таппадым) жапсырып шыққан.

Жалғасы бар…
Бөлісу:

7 пікір

torgai
Естімеген жайттар екен. Әсіресе біріншісі жынды екен. Біздің қазақтар Түркиямен ойнар алдында осылай істеуі керек еді)))
asaubota
мына ойын туралы естімеген шығарсыздар?

Кариб Кубогы. 1994 жыл. Барбадос — Гренада матчы.

соңғы ойынға дейін Гренада құрамасы турнир кестесінде алда болыпты. ал Барбадос 1-ші орын алу үшін Гренаданы 2 голмен жеңу керек екен. негізі ойын Барбадостың қалағанындай басталған 2-0 алда болыпты. 83-минутта Гренада есепті 2-1 қылыпты. Барбадос тағы бір гол соғуы керек. бірақ турнирдің қызық бір ережесі болған екен, егер ойын тең аяқталса 30 минут қосымша ойналады және қосымшада соғылған гол 2 гол болып есептеледі. енді қараңыз, Барбадос соңғы минуттарда тағы бір гол соға алмайтындарын білгесін 90 минутта өз қақпаларына автогол соғып ойынды теңестіріп тастапты, өйткені тең аяқталса тағы да 30 минут мүмкіндіктері болады ғой. Автоголдан кейін Гренадалықтар ойланыпты енді. тең есепті бұзу үшін қарсылас қақпасына гол соғулары керек немесе… өз қақпаларына! Барбадостықтар екіге бөлініп өз қақпаларын және қарсылас қақпасын қорғапты! Негізгі уақытқа қосылған 4 минутта Гренадалықтар өз қақпаларына да, қарсылас қақпасына да гол соға алмай ойын тең аяқталыпты. Қосымша 30 минутта Барбадос жеңіс голын соғып, чемпион болыпты.
suleimenuly
Қырттар көпқой әлемде ))
GALEKE
1989 жыл. (Ағылшын біріншілігінің 1988-1989 жылғы маусымы). Арсенал мен Ливерпуль чемпиондыққа таласуда. Соңғы турда екеуі кездеседі. Арсенал чемпион болуы үшін Ливерпульді екі доп айырмасымен ұтуы тиіс. Көріңіз!
www.youtube.com/watch?v=4jiBIdtUKhs
asaubota
былай пәлендей ерекшелік көрмедім. мұндай жеңістер көп қой.
GALEKE
Ол енді кімнің қай командаға жақтасатынына байланысты. Арсеналдың жанкүйері ретінде мен үшін анау оқиғалардан әлдеқайда қызық әрі маңызды осындай сәттер )
MickThatsMyNick
футболдың бұрынғы ережелерін-ай.)