Аз әріпті 9 әңгіме

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгімеБұл әңгімелердің қай-қайсысынан да толықметражды фильмге сценарий жазуға болады. Сиырқұйымшақтанбаған мелодрама, комедия, тіпті болмаса философиялық тәмсіл де жасалады. Деталь қосып, кейіпкерлерін дамытып, романның көлеміне жеткізуге де жарайды. Әйткенмен, олай етіп қажет емес. Қысқалық-талант.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме1. Джейн Орвис. «Терезе»
Ританы желкесіне пышақ тығып, артынан айдап өлтіріп кеткелі, Картер тек терезе алдында отырады.
Теледидар қарамайды, кітап оқымайды, ешкіммен хат-хабар алыспайды. Бар білері-перденің арғы жағынан көрінетін өмірге телміру.
Тамақты кім әкелетіп, есеп-қисаптарды кім жүргізіп, кімнің төлейтініне түкіргені бар, бөлмесінен шықпайды.
Көлбеңдеп жүгіріп жүрген спортшылар, жыл маусымдарының ауысымы, ызғыған автокөліктер, Ританың аруағы-көз алдынан кетпейтін бар өмірі осы ғана.
Ол өзі отырған бөлмеде терезенің жоқ екендігін, қабырғаларға айналдыра киіз жапсырылғанын түсінген емес.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме2. Лариса Керкеленд. «Сөз салу»
Жұлдыздары жымың қаққан түн. Ең ұрымтал сәт. Балауыз шамдарының жарығымен нұрланған дастархан. Кешкі ас. Ұядай ғана итальяндық ресторан. Коко Шанель ұсынған кіп-кішкене қара көйлек. Қолаң шаш, күлімдеген көз, күміс күлкі. Екі жылдан бері біргеміз. Ғажап уақыт! Нағыз махаббат, адал дос, басқа ештеңе де емес. Шампан! Сыңар аяқ, жалғыз тіземмен тізерлеп, қолым мен жүрегімді қатар ұсындым. Адамдар қарап жатыр ма? Қарай берсін! Мың құбылған бриллиант көзі бар жүзік. Езуге үйірілген, әп-әдемі жымию.
Қалайша, ЖОҚ?!

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме3. Чарльз Эрнайт. «Әруақ»
Болары болғаннан кейін, қайғылы хабарды әйеліме айтпақ болып, үйге асықтым. Алайда ол мені тыңдау тұрмақ, тіпті байқамады да. Пысқырып та қарамады. Дәл жанымнан қаға-соға өте шығып, ас үйден сусын құйып ішті. Теледидарды қосты.
Дәл сол аралықта телефон шырылдады. Орнынан тұрып, жақындап кеп, тұтқаны алды.
Сол мезетте түрінің өзгеріп сала бергенін көріп тұрдым. Дауыс сала, бақырып жылады.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме
4. Эндрю Э. Хант. «Ризалық»
Иығына жабулы жүн көрпені аз уақыт бұрын қайырымдылық қоры берген болатын. Бүгін ғана қоқыс жәшігінен тауып алған бәтеңке де аяғына құйып қойғандай, еш тарлық етпеді.
Осынау суық қараңғылықтағы көшенің жылтылдаған оттары жанына жылу бергендей.
Бақтағы орындықтың арқалығы да қара жұмыстан әбден қатайған кәрі арқасына еш бөтендік етпей, майдай жағып барады.
«Жаратқан ием, осының үшін мың да бір шүкір»,-деп шүкіршілік еткен ол, «өмір-ғажап ғой» деп ойлады.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме5. Брайан Ньюэлл. «Әзәзілге не керек?»
Ібілістің өз жандарынан ілбіп басып, алыстап бара жатқанына қарап тұрған екі бала сол орындарынан жылжи алмады. Оның тірі жанды арбап алатын көздерінен қалған ұшқын-екеуін де әрі-сәрі күйге түсіріп, көз алдарын тұмандатып кеткен-ді.
-Тыңдаш, ол сенен не сұрады?
-Менің жанымды. Сенен ше?
-Телефон-автоматқа салатын тиын сұрады. Біреуге хабарласуы керек екен.
-Қарның аш па? кеттік. Тамақтанайық!
-Иә, ашпын. Бірақ, менде ақша қалмады.
-Ештеңе етпейді. Менде ақша жетеді.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме6. Алан Е. Майер. «Қырсық»
Бүкіл денемді сырқыратып бара жатқан ауырудан ояндым. Көзімді ашсам, төсегімнің жанында медбике тұр екен.
-Фуджима мырза, сіздің жолыңыз болды. Екі күн бұрын болған Хиросимадағы бомбылаудан аман қалдыңыз. Қазір емханада жатырсыз, енді сізге еш қауіп жоқ,- деді.
Еңсемді көтертпеген әлсіздіктен тілім бұратыла:
-Мен қайдамын?,-деп сұрадым.
-Нагасакиде,-деп жауап берді, ол.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме7. Джей Рип. «Тағдыр»
Ашу мен шаттық шатасып, шиеленісіп кеткен өмірізді реттеу керек болды. Бір ғана жол бар. Бәрін басынан қайта бастау. Тиын лақтырып, жеребе тастамақ болдық. Бүк болса, үйленеміз. Шік түссе, мәңгіге айырылысамыз.
Жоғарыға шертілген тиын сылдыр етіп жерге түскеннен кейін, шыр айналып барып, жата қалды. БҮК.
Ырза емес кейіпте тиынға үңілдік.
Содан кейін екеуміз де бір дауыстан: «Қайта бір рет лақтырсақ бола ма?» дедік.

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме8. Август Салеми. «Заманауи медицина»
Шамдардың көз шағылыстырар жарқылы, құлақ тұндырар шақыр-шұқыр, жан шырқыратар ауыру, тән шыдатпас қақсау… одан кейін еліктіріп, бой жылытқан тұп-тұнық көгілдір түске боялған әлем. Джон өзін соншалық бақытты, сергек, еркін сезініп, сәуле шашқан шұғылаға қарай бағыт алған-ды…
Сәлден кейін сыздау мен қара түнек қайта басталды. Ісіп кеткен қабақтарын ауырсына көтеріп, жаны қинала көзін ашты. Денесін ақ дәкемен орап, қай-қайдағы түтікшелерді тыққылап, гипстеп тастапты. Екі аяғы жоқ сияқты. Әйелі жылап тұр.
— Сені аман алып қалды, қымбаттым!

Кітаптар әлемі: Аз әріпті 9 әңгіме9. Роберт Томпкинс. «Ақиқатты іздеу»
Осыбір өркениеттен оңашаланып, шалғайда қалып қойған ауылдан ол өзінің іздегенін тапты. Әбден тозған үйшікте Ақиқат отыр екен.
Осыншалық қартайып, бетінен әрі кеткен мұндай ұсқынсыз әйелді бұрын соңды көрген емес.
-Сіз Ақиқатсыз ба?
Кіржиген кәрі қақпас аса бір маңғаздықпен басын изеді.
-Айтыңызшы, сонау сырттағы әлемге не дейін? Қандай хабар жеткізейін?
Кемпір болса алдында жанып жатқан отқа бір түкірді де, жауап берді:
-Оларға менің жап-жас әрі өте сұлу екендігімді айт.

Суреттер қауымдастықтан алынды.

жалғасы
Бөлісу:

33 пікір

Marco
Жынды әңгімелер екен. Стеб па, ирония ма, сарказм ба?  Не болса да әсер етті
zholantai
Бәрі БАР  

айтпақшы, «Бәрі БАР» деген үйім жанындағы бардың аты
asaubota
көз тимесін, КерекИнфода жазары молдар көбейіп келеді. үш сценарий қатты ұнады. түсіргім келіп кетті. неге түсірмеске?
torgai
1,6,9 керемет!!! Әр тақырыпта. Түсіруге болады. Жарайсың, қаламың мұқалмасын!
GALEKE
Қырсық тағдыр ұнады
Sashok
Ританы желкесіне пышақ тығып, артынан айдап өлтіріп кеткелі

С тех пор, как Риту жестоко убили, Картер сидит у окна.

Азғын қиялыңдысс…
zholantai
отыр енді, салыстырып, сөз теріп))
Sashok
Бұл әңгімені сен айтпасаң да, бұрыннан білем. Бірақ енді андай анайылыққа төзе алмайм, шыны керек. А так, демалыс, уақыт жетед…
Соңғы түзету:
zholantai
инетте шашырап жатқан дүние ғой, ондайды бұрыннан білу, не білмей кету-қалыпты жағдай)).
андай анайылыққа төзе алмайм, шыны керек.
, шыны сол, сен керекте отырсың, детсадта емес
Nur
"Әзәзілге не керек?" Түсіне алмай отырмын?
Artold
Ібіліс, тұрған екі баланың бірінен қайыршылап тиынын сұрап алып, сол тиынға екінші баланың жанын сатып алды… Орысшасын оқығандықтан түсініп отырм, әйтпесе қазақшасы түсініксіздеу болды.
satibaldi
Қырсық құлақ-шекеден аттырды, нақтың-ай
temir1986
Қазақ ертегілері дайын сценарий екен ғой. Алда түсіре бер.
zholantai
шығынын көтер, сценарийді өзім тауып алам
Aidakonya
кружкалар күлкілі)) әңгімелері де қызық)
asaubota
посттың орналасуы керемет. басқаларға сабақ болатындай. міне осылай қою керек постты!
zholantai
mp3, amr және т.б сол сияқты кез-келген аудио дорожканы қоюға бола ма, яғни жазба арасына кірістіруге?
Соңғы түзету:
asaubota
аудиохосттарға салып сосын хтмл коын қойып көр
konvict
1 мен 2-ні дұрыс түсіне алмадым. Қалғаны енді күшті
torgai
1-і меніңше жындыхана болуы керек. 2-і маған да түсініксіз
Adiletshu
Қыз жоқ деп жауап берді
zholantai
екі жылдай бірге жүреді, аз уақыт емес. сөз салған кезімде «Иә» деп келісімін береді деген сенімде жүреді. Алайда, отказ алады. Олай болады деп ойламаған-ды
AKA
Мықты! Август Салеми
zholantai
маған да сол ұнад
asaubota
қайта оқып шықтым. керемет!
shota2030
Алтыншы хикаяға қатысты бір оқиға білемін. Түркияның Измит қаласында жер сілкінісі қайталана беріп адамдар өле берген соң бір жанұя Кония қаласына көшу мақсатында жолға шығады. Ал Кония сейсмикалық тұрғыдан қауіпсіз қала. Машина Кония қаласына кіре бергенде ДТП тіркеліп, машинадағылар көз жұмады. Тағдыр :(