Қазақстан мен Германия футбол командаларының айтысы


Мен өзім осы футбол мен айтыстын шын жанкүйері едім, бір жерден оқыған осы шумақтарды сіздерде оқыңыздар (бұл шумақтар кешегі соңғы өткен ҚазаҚстан-Германия матчынан соң туған:

Жоқ әлде Қазақстан футболы да, Алауыздық ауруын жұқтырған ба? Төртіншісі қосылса дау туар деп, Үш жүзден үш-ақ қазақ шықтыңдар ма?

ГЕРМАНИЯ:

Қазақстан саған не жоқ мен жүргенде,
Ауруын жасырғанға ем жүрген бе?
Бір емес екі мәрте доп ойнадық,
Біз қысылдық сендерге ел күлгенде.
Үште нөл боп ұтылдың отаныңда,
Естеріңнен тандыңдар сол бір жерде.
Германиядан қайттыңдар өкінішпен,
Төрт бірдей қақпаңызға гол кіргенде.
Қазақстан алаңға шықса болды,
Жеңілерін сезеді ел бір демде.
Тарихта Қазақстан құрамасы,
Құрығанда біреуді жеңдіңдер ме?
Жеңдің бе деп сұрау да ұят шығар,
Теңбіл допты тең ойнап көрдіңдер ме?
Не мақсатпен келдіңдер Германияға,
Мықтымен осал сірә тең жүрген бе?
Бізде жүрген футболшы жұлдыздармен,
Суретке түсуге әлде келдіңдер ме?

ҚАЗАҚСТАН:

Бұл айтқаның біз үшін мазақ емес,
Дейсің қазақ футболы озар емес.
Нұрдәулетов, Көкеев,Қонысбаев,
Бауырын бауырларсыз жазар емес.
Құраманың қалғаны кілең орыс,
Содан қазақ жеңілсе жазалы емес.
Он бір неміс жабылып үш қазаққа,
Жеңгендерің ешкімге ғажап емес.
Жеңгендер неміс болса неміс шығар,
Жеңілгендер әйтеуір қазақ емес

ГЕРМАНИЯ::

Қазақстан көп ұлтқа қоныс екен,
Қылмаймыз біздер бірақ оны секем.
Алаңда ойнап жүрген орыстар деп,
Айтқаның сылтау менен сөгіс екен.
Қазақтар орыстарды қорғап өлген,
Қырық бір қырық бестің соғысы екен,
Қысқасы, сіздің елде түсінгенім,
Орнына келмей тұрған көп іс екен.
Соғысқа шығатындар қазақ екен,
Ойынға шығатындар орыс екен.
Сіздің ел бай еді ғой мықты ұлдарға,
Соның бәрін жыраға жықтыңдар ма?
Үш-ақ қазақ ойнадық деп отырсың,
Көзі көк көршілерден ықтыңдар ма?
Жоқ әлде Қазақстан футболы да
Алауыздық ауруын жұқтырған ба?
Төртіншісі қосылса дау туар деп,
Үш жүзден үш-ақ қазақ шықтыңдар ма?

ҚАЗАҚСТАН:

Германия аман қалдың менен әрең,
Шындасам біржолата демалар ең.
Төртте бір деген есеп жаман емес,
Мен мұны жетістік деп жобалар ем.
Үшеуміз ойнап жүріп бір гол салдық,
Негізі сені оңай жеңе алар ем.
Үш қазақ ойнағанда мұндай болдың,
Он бір қазақ біріксе не болар ең?

ГЕРМАНИЯ::

Айтсаңшы мақтаныңды келістіріп,
Танытып отырсың ғой теріс қылық.
Бір гол үшін немене мәз боласың,
Сендерге қарамай тұр жеңіс күліп.
Бұл сөзді айтпас бұрын алыңыздар,
Генрих Шмидтгалды тегіс біліп.
Шынында Қазақстан бір гол салдың,
Оның өзін сап берген неміс жігіт.
Бізден кеп шұбат, қымыз ішіп тұрсын,
Жігіттер жілік майын толықтырып.

ҚАЗАҚСТАН:

Апырмай мына неміс жер қылды ғой,
Көңілді мұң, көкіректі шер қылды ғой,
Алаңда азаптағаны аз болғандай,
Айтыста да мазақтап тер қылды ғой.
Жегеніне мәз болып біздікілер,
Дегеніне мықтылар көндірді ғой.
Бай баласы алаңда асыр салып,
Шын мықтыға тұсау сап тор құрды ғой.
Әнұранда ернін де жыбырлатпай,
Ерлігімнің жалынын сөндірді ғой.
Жарнама көп, жаттығу аз болған соң,
Футболшылар жүгірмей болдырды ғой.
Бұл салада ұлтты ойлар азамат жоқ,
Жемқор біткен маңдайды сор қылды ғой.
Көк қағаздың табысын көздейтіндер,
Көк туымның намысын қор қылды ғой
Бөлісу:

19 пікір

suleimenuly
Құрамада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлттар да ойнағаны дұрыс. Нашар ойнап жеңіліп қалып жатса соларға жауа саласың, тек қазақтар ойнаса жеңер еді деп
Ispek92
бұныңыз дұрыс емес, қазақтар ойнаса намысқа тырысар еді ең болмаса
suleimenuly
Құр намыстан пайда шамалы, егер адам секілді ойнай алмаса. Қазақ футболшылары мен еуропа футболшыларын көріп біздікілер жаттықпай ма деген ойға келесің. Е пас бере алмайды, е пасты жөнді қабылдай алмайды, е бір салып жатқан голдары жоқ. Көрші өзбек футболы біздің футболдан көш ілгері тұр қазіргі таңда.
Ispek92
Бірақ сол өзбектердің құрамында орыстар бар деп айта алмаймын, нағыз ауылдың қазақтары ойнаса көш ілгері бол-ар едік
suleimenuly
Түгелге жуығы өзбектер, арасында бірлі-жарым орыстар бар. Ауылдың қайсар жігіттеріне өнерлерін көрсететін мүмкіндік шектеулі болып тұрғой қазір. Алла бұйыртып мықты бизнесмен болып кетіп жүрсем футболға ақша салар едім. Біздің кәсіпкерлерде футболға ақша бөлетін жанашар азаматтар болмай тұрғой. Өзбек футболын дамытқан сол елдің бизнес өкілдері болып тұр емеспе? Бізде неге жоқ сондайлар?
Ispek92
Менде сөйтемін ақша жинағанымда сізге хабарласамын, бірге демеуші боламыз
suleimenuly
ОК. Жеңісті күндерде жолыққанша!
User
нағыз ауылдың қазақтары ойнаса көш ілгері бол-ар едік )

біләәә қумаш е мае олар тактиканы, самоотдачаны қайдан түсінеді олар?!
Ispek92
Мен ауылдың баласымын неге түсінбейді екенмін. Орыстардан жақсы түсінеміз
User
ҚОЙШ БІЛӘ
Sashok
Менен -1, ас болсын.
Соңғы түзету:
User
кетші на националист
Sashok
Нацистпін мен националист емес.
Соңғы түзету:
Ispek92
Қазақтың жауы — қазақ қалай айтқан қайран бабам…
User
Аламанс синдромс (
Adiletshu
Тек мықтылар ойнаса екен.
zhanara2013
Мумкiн, доп ойнасак, тозармыз деп журген шыгар…
Adiletshu
Вроде ересек адамсың. Бірақ кішкентай балалардың әңгімесін айтасың
Nur
Автор, өлтіріпсің. Базар зоқ.