Жазғы өзгерістер



Биыл сайтымызда жазғы сылбырлық болмайды ау деген ойдамын. Жаңа қосылған қолданушылардың белсенділігі осындай жорамалдарға негіз болып тұр

Сайтқа аздаған қосымша функциялар қостым:

1. Сайттың төменгі бөлігіне Инфо Панель қосылды. Ол жерге рейтингі 20-дан жоғары кездейсоқ жазбалар шығатын болады. Жеке хаттар мен жаңа пост бастау батырмалары да сол жерде орналастырылған. Төменгі сол жақ бұрыштағы КерекИнфоПанель батырмасын басып, сол кезде көрсетіліп тұрған тақырыпты оқи аламыз және оң жақтан соңғы 24 сағаттағы, 7 күндегі, 30 күндегі және жалпы бүгінге дейінгі ең үздік жазба, пікірлерді көре аламыз.

2. Ішіңіз пысып отырса сайттың оң жақ бөлігінде орналасқан кубикті басып қалыңыз. Ол жерде де кездейсоқ жазба шығады (рейтингі 20-дан жоғарылар ғана)

3. Жазбаларды әлеуметтік желілерде бөлісу батырмалары өзгерді. Ұнаған жазбаларды батылырақ шейірлей (share — ағылшын тілінде бөлісу) отырайық.

4. Жазбаның кей жерлерін тіркелмеген сайт қонақтарынан жасыру функциясы қосылды. Мысалы мақалаңызды тек сайт қолданушылары ғана оқысын десеңіз мақаланың басына анонс жасаңыз да, қалған бөлігін мына тэгтың ортасына қойсаңыз болғаны:

<hide>мәтін</hide>


Алдағы уақытта басқа да қосымшалар қосылатын болады және жазда қызықты іс-шаралар өткіземіз. Бізбен бірге болыңыз!
Бөлісу:

13 пікір

torgai
Керемет!!! Демек, рейтінгіміз өзімізге белгілі болады ғой. Жақсы.
bazuka
қонақтар, сайтты толық оқимын десең тіркел))
Daulet80
+1
Соңғы түзету:
Aya
Өздігінен шығып тұратын үздік жазбалар іш пыстырмайтын болД
dark_nazgul
Әрқашанда біргеміз!
asaubota
жылдамдықта өзгеріс байқала ма?
asaubota
Жазбаларды бөліскен кезде алғашқы беттен емес, сол жазбаға өтіп сол жерден бөлісу керек.
AKA
Жаңа пікірлердің көрінуін шатастыра беремін. Аватар қызыл рамкамен қоршалғанда ғана байқалады екен, бұрынғыдай жасыл боп анық көрініп тұрса күшті болар еді.
asaubota
жігіттер, қыздар,
сайтымызда соңғы уақытта жақсы жазбалар көбейіп жатқаны соншалық бәрін оқып үлгере алмай жатырмыз. өте жақсы көрсеткіш бұл. жазбалардың сапасы да, дұрыс орналасуы да керемет! тек алғашқы бетке шығулары үшін +8 баға алулары керек. пікір жазбасақ та ерінбей плюстеп отырайық.
Onlasyn
Мына дизайн біртүрлі екен