Біздер-біздер

Балғынбек Имашевтың Қанат Мырзахан арасындағы айтысынан өзінді беріп отырмыз.

Біздер-біздер қазыдан да паңдармыз,
Біздер-біздер қажыға да барғанбыз.
Сен секілді жас бала боп шықсақ та,
Осы күні сақалы өскен шалдармыз.
Шал болсақ та, осы айтысқа егеміз,
ӘЙТЕКЕМІЗ,ҚАЗЫБЕКПІЗ, ТӨЛЕМІЗ,
Карьераң керек емес, қарағым,
КӘЛИМАНЫ одан артық көреміз.
Қанат мейлі ұрсадағы соққылап,
Сабырлыға Алла пана боп тұрад,
Жүрегіме қанжар әкеп соқса да,
Жігеріме құм түсірген жоқ бірақ.
Жігеріме құм түсірген жоқ бірақ.
Біздер-біздер айтыс деген елденбіз.
Сөзден алтын, бұйым соққан зергерміз.
Дұға жасап, ӘЗІМБЕК пен ЕРІККЕ,
ОРАЗДЫ да МЫНА ҚОЛМЕН көмгенбіз.
Берлинді алған РАҚЫМЖАНДАЙ қазақпыз,
Колбинді алған ҚАЙРАТ пенен ЛӘЗЗАТПЫЗ,
Әр қазақты жалғызым деп сүйейік,
Жеріміз кең, ал өзіміз азақпыз.
Кей кездері айтып қойсақ қаттырақ,
Қиып-кесіп эфирлерден жоқ қылады.
Билік бізді халық жауы көрсе де,
Бізден асқан ПАТРИОТТАР жоқ бірақ.
Кей кездері айту керек қаттырақ,
Сынапқаннан кетпейді ғой тақ құлап,
Билік бізді халық жауы көрсе де,
Бізден асқан ОТАНШЫЛДАР жоқ бірақ.
Бөлісу:

4 пікір

torgai
Оқыдық, енді қалай тыңдаймыз?
neoaskar
Тұңғышбай әт-таразидің мақамымен оқу керек, сонда әуені құлаққа келеді…
torgai
ФБ-н тыңдаған едім. Мында сілтемесін салу керек еді…